"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққу
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Ертіс
  • Казталов
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қапшағай
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Комсомольское
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
  • Явленка
 жеке
 кабинет
 бізге
 жазыңыз
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


02.03.2022

Қазақстандықтардың зейнетақы активтері қандай құралдарға салынды?

2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы  зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,1 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13 096,03 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері  7,7 млрд теңгеге жетті.

Зейнетақы активтерін Қазақстанның Ұлтттық Банкі (ҚРҰБ) мен инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ, инвестициялық қызметке 2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланған.

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2022 жылдың 1 ақпанында ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған бағыттар шеңберінде ҚРҰБ (сенімгерлік басқарушы ретінде) инвестициялауының негізгі бағыттары былайша берілген:

  • ҚР Қаржы министрлігі шығарған, ағымдағы құны 5 106,21 млрд теңгені (бүкіл портфельдің 38,99%) құрайтын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары. Теңгеге номиналданған ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 9,4%, ал АҚШ долларында – жылына 3,4% құрады.
  • шетелдердің мемлекеттік бағалы қағаздары 2 257,71 млрд теңге болды. Олардың портфельдегі үлесі – 17,24%. БЖЗҚ-ның ЗА портфеліндегі есепті күндегі шет мемлекеттердің МБҚ өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 1,6%. 
  • ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 676,01 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 12,80%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,8%, АҚШ долларымен жылына 5,5%.
  • ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары 949,57 млрд теңге (7,25%). ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылына 10,2%. 

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісінде қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша берілген:

  • ұлттық валютадағы инвестициялар – 68,17%, АҚШ долларында – 31,77%, Ресей рублінде және басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,06%.        

Федералдық резервтік жүйе монетарлық саясатты қатаңдатуы мүмкін деп күтіліп отырған жағдайда акциялар нарығының құлдырап, сыртқы және ішкі нарықтардағы облигацияларға кірістердің өсуі нәтижесінде 2022 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 12,13 млрд.теңгені құрады. 2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айда (2021 жылдың ақпаны мен 2022 жылдың қаңтары аралығында) зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 8,50% болған кезде 9,73% жетті. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты табыстылық 1,23%  көрсетті.

Эмитенттер көрсетілген қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы мен инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында жарияланған.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

Қазақстандық басқарушы компанияларға берілген қаражаттың жалпы көлемі шамамен 7,7 млрд теңге.   

"Jýsan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 3,48 млрд теңгені құрады. Оларға ҚРҰБ ноттары (портфельдің 36,73%), Exchange Traded Funds (ETF) пайлары ( 27,83%), ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ (24,75%) сатып алынды, ал инвестициялық шоттарда ақшалай қаражатта қалған активтер – 10,69%. Портфельдің 66,88% теңгемен, 33,12% АҚШ долларында. 

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде зейнетақы активтерінің кірістілігі сенімгерлік басқаруға берілген сәттен бастап 7,36% құрады.

«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

«Halyk Global Markets» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2022 жылдың 1 ақпанында 2,15 млрд теңгені құрады. Портфельдің құрылымында кері РЕПО операциялары 42,35%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (13,93%), ETF пайлары (16,54%), шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары (8,36%), ЕДБ облигациялары (7,19%), ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары (5,91%), ХҚҰ (5,65%), және шоттардағы ақша қаражаты (2,01%) мен басқа да активтер (0,02%), жасалған мәмілелер бойынша ақы төлеуге міндеттемелер (1,95%) бар. Портфельдегі ұлттық валютадағы инвестициялар 75,08%, АҚШ долларында 24,92%.   

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде зейнетақы активтерінің кірістілігі сенімгерлік басқаруға берілген сәттен бастап 8,00% құрады.

«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің нақты құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

«BCC Invest» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 1,24 млрд теңгені құрады. Олар пайларға (ETF индекстерге) (24,27%), кері РЕПО операцияларына (19,24%), ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына (16,89%), шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (10,36%), ХҚҰ облигацияларына (7,92%), инвестициялық шоттардағы ақша қаражатына (7,75%), ҚР ЕДБ облигацияларына (6,77%), ҚР  резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына (6,44%), өзге де активтерге (0,36%) бөлінген. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 57,75%, АҚШ долларында 42,25%  инвестицияланған.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде зейнетақы активтерінің кірістілігі сенімгерлік басқаруға берілген сәттен бастап 8,12% құрады.

«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 816,10 млн теңгені құрады. Олар ҚР ҚМ МБҚ-ға (68,21%), РЕПО (17,40%),   ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (13,90%), инвестициялық шоттардағы ақша құралдарына (0,35%), басқа активтерге (дебиторлық берешек, мерзімі өткен берешек, провизиялар) 0,14% мөлшерінде инвестицияланды. Барлық инвестициялар ұлттық валютада жүргізілді.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде зейнетақы активтерінің кірістілігі сенімгерлік басқаруға берілген сәттен бастап 8,23% құрады.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

Бұдан бөлек, БЖЗҚ сайтының «Көрсеткіштер» қосымша бетінде «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне қысқаша шолу» бөлімі бар. Онда инвестициялық портфельдің құрылымы бойынша жалпы ақпарат берілген.


Толығырақ: dknews.kz


Тізімге оралу