"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


04.11.2015

Жаңғырту мақсаты – сайма-сай зейнетақы

Зейнетақы заңнамаларына жаңа түзетулер енгізуқазақстан­дықтарды зейнетақымен қамтамасыз етудің бүкіл жүйесінің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыру болып табылады

 Осыған байланысты тиісті заңға Мемлекет басшысы 2015 жылдың тамызында қол қойды. Өзгеріс енгізудегі маңызы жағынан бұл қадам 90-шы жылдардың соңында жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізумен пара-пар. Өзгеріс әрбір зейнеткердің әл-ауқатын қалай жақсартады, салымшылар қандай көкейкесті мәселелерді білуі керек? «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрағасы Руслан ЕРДЕНАЕВ нақ осы мәселелер туралы әңгімелейді.

  – Руслан Серікұлы, заңға түзету­лер енгізген кезде ЖЗЖ-ға әрбір қаты­сушының көкейінде тұратын бірінші және басты сұрақ: ең басты қағидаттар – есепшоттардың дербестігі және олардың қорғалуы мен төленуіне деген мемлекеттің кепілдігі сақтала ма?

 – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның қабылдануына байланысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қызметінің негізгі функциялары мен қағидаттары өзгерген жоқ. Қор бұрынғысынша 10 пайыз көлеміндегі міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), 5 пайыз көлеміндегі міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) қабылдайды. Олар салымшылардың жекеменшігі болып табылады, олардың есебі жеке-жеке жүргізіледі және бұл қаржының қорғалуы бойынша мемлекеттік кепілдік сақталады. Сонымен бірге, 2018 жылдың 1 қаңтарынан жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауыш, 5 пайыз көлеміндегі жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасы (ЖМЗЖ) енгізіледі. Оның пайдалы ерекшеліктері бар.

Жалпы алғанда, бұл өзгерістер зейнет­ақы төлемдерінің сайма-сайлығын арт­тыруға және зейнетақы жүйесінің қар­жылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңадан енгізілген бұл өзгерістер мемлекет, жұмыс істеуші және жұмыс беруші арасында зейнетақымен қамтамасыз ету жауапкершілігін жүктейді. Жаңғырған зейнетақы жүйесі көпсатылы сипат алады және қаржыландырудың әртүрлі көздеріне ие болады.

Бірінші саты – екі компоненттен құралған бюджет есебінен берілетін зейнетақы. Бұл 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жағдай бойынша кемінде алты ай жұмыс өтілі бар адамдарға төленетін ортақ зейнетақы, сонымен бірге, 2017 жылдан бастап көлемі еңбек өтіліне байланысты болатын базалық зейнетақы.

Екінші саты – бұл да бірнеше компоненттен тұратын БЖЗҚ-дағы жұмыс істеушінің және жұмыс берушінің жарналарынан құралатын жинақтаушы зейнетақы. Біріншіден, бұл – біздің барлығымыз 1998 жылдан бастап төлей бастаған жұмыс істеушінің ай сайынғы кірісінің 10 пайызы көлеміндегі МЗЖ. Екіншіден, 2014 жылдан бастап зиянды өндірісте еңбек ететін жұмыс істеушілерге жұмыс беруші өз есебінен төлейтін 5 пайыз көлеміндегі МКЗЖ. Үшіншіден, 2018 жылдан бастап жұмыс беруші өзінің барлық қызметкерлерінің шартты зейнетақы есепшотына аударатын жаңа 5 пайыз көлеміндегі жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасы (ЖМЗЖ).

Үшінші саты – ерікті жинақтар.
2018 жылдан бастап БЖЗҚ 5 пайыз көлеміндегі ЖМЗЖ-ны қабылдай бастайды. Бұл үшін жұмыс беруші жарна аударатын әрбір қызметкерге БЖЗҚ-да дербес шартты зейнетақы есепшотын ашады. Бұл жарналар қаржылық тетіктер арқылы инвестиция ретінде салынады, оларға инвестициялық кірістер қосылады.

– Аударымның бұл түрі жұмыс беру­шілер тарапынан да, болашақ зейнеткерлер тарапынан да көптеген сұрақтар туындатуда. Оның негізгі ерекшелігі неде?

 – Жұмыс істеуші үшін жаңа 5 пайыздық ЖМЗЖ ерекшелігі оны жұмыс беруші өз есебінен төлейді, бұл компонент бойынша төленетін зейнетақы адам зейнеткерлікке шыққаннан кейін 10 жыл өмір сүрсе де немесе 40 жыл өмір сүрсе де, яғни өмірбақи, тіпті шартты зейнетақы есепшотындағы қаржы біткен күннің өзінде де төленетін болады. Бұл зейнеткерлік сақтандыру үрдісі болып табылады. Осы үрдістің арқасында көп жасаған зейнеткерлер және қайтыс болған немесе Қазақстан аума­ғынан кетіп немесе елде қалған зейнеткерлер арасында қаржы тең бөлінетін болады. Со­ны­мен бірге, шартты зейнетақы есепшо­тын­дағы қаржының МЖЗ және МКЗЖ қар­жыларынан айырмашылығы (бұл жарна жұмыс берушінің есебінен төленетіндігіне байланысты) мұра ретінде қалдырылмайды.
Бұл құрамдауыш бойынша өмірбойы өтемақы алу құқығына кемінде 5 жыл (60 ай) қатысу өтілі бар зейнеткерлік жас­қа жеткен әрбір қазақстандық, сонымен бірге, І және ІІ топтағы (мүгедектігі өмір­бойы бекітілген) мүгедектер ие бола алады. Өтемақы 2023 жылдан бастап төлене бастайды. Шартты-жинақтаушы құрам­дауыш бойынша зейнетақы мөлшері шартты зейнетақы есепшотында бекітілген міндеттемелерге және өмір сүру ұзақтығы бойынша анықталады. Ең жоғары төлем – екі ең төменгі өмір сүру көрсеткіші дең­гейіне тең. Осы бөліктегі зейнетақы жү­йесінің қаржылық көрсеткішіне және БЖЗҚ-ның инвестициялық қызметінің нәтижелеріне байланысты жыл сайын индекстеліп отырады.

– Дегенмен де, ЖМЗЖ жарнасының қажеті қанша деген сұрақ көкейде қалып отыр. Бұл жұмыс берушіге салмақ салады. Сонымен бірге, бізде ел бюджеті есебінен төленетін жалпыға тең ортақ зейнетақы компоненті бар…

 – Бүгінгі күнге дейін қолда бар барлық зейнетақы көздерінен алынатын зейнетақы, қызметкердің ең соңғы жалақысының орташа көлемінің немесе, басқаша айт­қанда алмастыру коэффициенті 40 пайызды құрайды. Алайда, ортақ зейнетақы (мемлекеттік бюджеттен төленетін) бір­тіндеп қысқартылатынын түсіну керек. 2030 жылдардың соңына таман 1998 жылға дейін 1 ай көлемінде де еңбек өтілі жоқ адамдар зейнеткерлікке шыға бастайды. Осыған сәйкес олар ортақ зейнетақы алмайды, тиісінше олардың зейнетақысының жалпы көлемі қысқарады. Егер ештеңені өзгертпейтін болсақ, алмастыру коэффициенті 20 пайызға дейін төмендеп кетеді. Басқаша айтқанда ЖМЗЖ-ның басты міндеті зейнетақымен қамтамасыз етудің «жойылатын» компоненттерін алмастыру болып табылады. Ең соңында, бара-бара зейнеткерлікке шығатын адамдардың зейнетақы көлемі өзі және оған жұмыс беруші дер кезінде және қандай көлемде жарна төлеп тұруына тәуелді болып қалмақ.

– ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлеу қай кезеңнен басталады?

 – 2023 жылдан бастап, яғни жарна түсе бастаған кезеңнен 5 жыл өткеннен кейін. Осы 5 жыл ішінде қорда зейнеткерге өмір бойы төлейтін қаржы көлемі жинақталу керек. Егер жұмыс істеуші үшін ЖМЗЖ 2018 жылдан бастап аударылатын болса, ал жұмыс істеуші 2019 жылдан 2023 жылдар аралығында зейнеткерлікке шығатын болса, өкінішке орай, ол бұл төлемдерді ала алмайды. Бұл жерде өзара алмастыру, бірінің орнын бірі жабу тәсілі жұмыс істейді. Яғни, еңбеккер мемлекеттік бюджет есебінен көп мөлшердегі зейнетақы алса, одан кейінгі зейнеткерлер бұл зейнетақы көлемін ЖМЗЖ есебінен алатын болады.

– Қазір экономикалық ахуал мәз емес. Осыған орай зейнетақы жөніндегі аударымдар арқылы бизнестің қаншалықты көлеңкеге кеткенін анықтауға бола ма?

 – Біз бұл мәселеге тұрақты түрде мо­ни­торинг жасап келеміз. Қордың база­сындағы ақпаратқа негізделген біздің актуарлық орталықтың зерттеулері көрсетіп отырғанындай, жалпы алғанда зейнетақы активтерінің өсу қарқыны бұрынғы дең­гейінде сақталған. Қор жарналары көлемінің төмендеуі, тиісінше жалақының төмендеуі байқалмайды. Біздің актуарлық орталық сонымен бірге, ЖМЗЖ көлемін де есепке алды. Атап айтқанда, біз жүйенің даму сценарийінің үш түрін көрсететін арнаулы актуарлық модель құрдық: пессимистік, реалистік және оптимистік. Тіпті, пессимистік сценарий бойынша да жалпы алғанда бұл жүйе зейнеткерлерге тиімді зейнетақы алуға мүмкіндік береді және жалпы зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қам­тамасыз етеді. Ал бұл тұтастай алғанда зейнетақы жүйесін жаңғыртудың басты мақсаты болып табылады. Біз актуарлық есептеулеріміздің арқасында тиімді зей­нетақы жүйесін қалыптастыратын үйлесімді модель құруға қол жеткіздік. Сонымен бірге, ЖЗЖ қаржылық жағынан тұрақтылығын сақтайды. Ең соңында, ол ұрпақтар арасындағы әділеттілік мәселесін шешеді.

 – …Осы орайда үнемі айтылып келе жатқан зейнетақылық теңестіру, яғни аз жұмыс істеген адамның, бүкіл ғұмырында тыным таппай көп еңбек еткен адаммен бірдей зейнетақы алу мәселесіне тоқталып өтсеңіз.

 – 2017 жылдан бастап базалық зейнетақы тағайындау тәртібі өзгереді. Ортақ зейнет­ақы тағайындау тәртібі сияқты бұдан былай дифференциалды тәсіл қолданылады. Мәселен, егер еңбек өтілі 35 жыл болса, зейнеткер 1 ең төменгі күн көріс көрсеткіші мөлшеріндегі зейнетақы алады. Егер еңбек өтілі 10 және одан да аз жыл көлемінде болса, 0,5 ең төменгі күн көріс көрсеткіші мөлшеріндегі зейнетақы алады. Еңбек өтілі 10 жылдан асқаннан кейін әрбір жылға 2 пайыз қосылып отырады. Сөйтіп, «теңестіру» мүмкіндігі базалық зейнетақы тағайындау кезінде шешім табады. Ал зейнетақының жинақтаушы бөлігі ең әділ үрдіске құрылған: яғни қанша жинадың – инвестициялық кірістерді қоса есептегенде, сонша зейнетақы аласың.

– Сонда 2018 жылдан кейін БЖЗҚ-да сайма-сай зейнетақымен қамтамасыз ету жауапкершілігі арта ма?

 – 30-шы жылдарға дейін ортақ және базалық зейнетақы тағайындау тәртібі сақ­талады, одан кейін тек базалық (ең төменгі кепілді зейнетақы) түрі ғана та­ғайын­далады. Бұл үшін мемлекет жауап­ты. БЖЗҚ-дан негізгі төлемдер біздің жүйемізде 30 жыл болған адамдар зейнет­керлікке шыққан кезде ғана төлене бастайды. Уақытпен есептегенде – бұл 30-шы жылдардың басы, яғни 1970-жылдары туған адамдар зейнеткерлікке шығатын кез болып есептеледі. Олар негізінен тек қана жинақтаушы және базалық зейнетақыға үміт арта алады. Сондықтан, қазірден бастап әрбір салымшы мынаны білуі керек: егер ол 30 жыл бойы жылына тым болмағанда 10-11 рет тұрақты түрде жарна төлеп отырса ғана сайма-сай зейнетақы ала алады.

 – Енді ағымдағы мәселелерге келсек. Экономикада қалыптасқан ахуал БЖЗҚ көрсеткіштеріне қаншалықты әсер етті?

 – Біз бұл ретте елеулі өзгерістерді көре алмадық. Жинақ қорының орташа жылдық өсімі 20 пайызды құрайды. Бізде жарна жинау қатаң жүйемен жүргізіледі. Егер жұмыс беруші дер кезінде жарна төлемейтін болса, салық органдары бірден жұмыс берушіге өсімімен айыппұл салады. Ол түгелдей қызметкердің жеке зейнетақы шотына (ЖЗШ) түседі.

 Үстіміздегі жылдың 1 қазанына дейінгі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы қаржысы 5,36 триллион теңгені құраған. Бұл еліміздің ІЖӨ-нің 11 пайызына тең. Шарттың барлық түрлері бойынша ЖЗШ салымшылары 10 миллион бірліктен асты. Оның ішінде МКЗЖ бойынша шарттар саны – жалпы жинақ сомасы 53,8 миллиард теңгені құрайтын 382 мың бірлікке тең болды. Салымшылардың шоттарындағы 2015 жылдың 9 ай ішіндегі таза инвестициялық кіріс 435 миллиард теңгені құрады. Көп жылдардан бері алғаш рет зейнетақы активтерінің табысы инфляция деңгейінен асып түсті. Бұған, ең алдымен, барлық зейнетақы активтерін біріктірудің арқасында қол жеткізілді. Жекеменшік қорлар ұстап келген әкімшілік шығындар бойынша комиссиялық қаржы 2 есе қысқартылды. Ең бастысы, инвестициялық басқаруға деген көзқарас өзгерді. Жоғарыда атап көрсетілген жетістіктер жиынтығы оң нәтижелерге қол жеткізілетіндігінің кепілі болады.

 Мәселен, барлық зейнетақы қорлары біріктірілгеннен кейінгі 2014 жылдың қорытындысындағы кіріс 6,3 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш 2013 жылы 2,2 пайызды құраған еді. Соңғы 5 жыл ішінде кіріс көлемі 4,4 пайыздан асып көрген жоқ. Ал үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде кіріс көлемі 9 пайыздан асты. Яғни, қазіргі жағдайдағы инфляциядан жоғары болды. Біздің инвестицияларымыздың негізгі үлесі мемлекеттің құнды қағаздарының үлесіне тиесілі. Одан кейінгі үлес екінші деңгейлі банктердің депозиті бойынша және квазимемлекеттік сектордағы облигациялар бойынша инвестицияларға тиесілі.

 – Азаматтардың зейнетақы жинағын қорғау тетігі қалай жұмыс істейді?

 – БЖЗҚ-ны құрған кезде зейнетақы активтеріне стратегиялық мәртебе берілді. Ол Ұлттық қор активтері дәрежесіне көтерілді. Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңесті ел Президенті басқаратындығы белгілі. Барлық зейнетақылық жинақ қаржысының сақталуына мемлекет кепілдік береді. Бұл кепілдік «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңда тікелей жазылған.

 – Иә, бұл өте өткір мәселе: қаржы ры­но­­гындағы тұрақсыздықтан, мәселен, ва­лю­та бағамының өзгертілуінен болатын шығындар қалай өтеледі?

 – БЗЖҚ салымшылары валюталық есептеулер кезіндегі кірісті шетел валютасы тетіктеріне салынған инвестиция есебінен алады. 2015 жылдың 1 тамы­зындағы жағдай бойынша жалпы зей­нетақы активі сомасындағы БЖЗҚ зейнетақы активінің валюталық деңгейі 11 пайызды құрады. Оның ішінде БЖЗҚ-ның инвестициялық портфеліндегі АҚШ долларына теңестірілген қаржылық тетіктердің үлесі 10,45 пайызды құрады. Жалпы алғанда БЖЗҚ-ның инвестициялық стратегиясы қалыпты консервативтік болып табылады: 1 қаңтарда МБҚ үлесі 43,58 пайызды құрады.

 Азаматтардың зейнетақы жинағын қорғау тетігі және оларды индекстеу 2013 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңда келтірілген. Қазақстан экономи­ка­сы әлемдік экономикаға барынша инте­грацияланған. Сондықтан ол әлемдік эконо­миканың ахуалына және энергетикалық шикізаттардың бағасына тәуелді. Сондықтан мемлекет ұлттық валюта есебіндегі барлық зейнетақы жинақ қаржысының қорғалуына жауапкершілік алды. Өйткені, барлық зей­нетақы және жәрдемақы өтемдері тек қана теңгемен жүзеге асырылады. Зейнетақының жинақ қоры – бұл стратегиялық ақша. Жо­ғарыда айтылған заңның 5-бабына сәй­кес, мемлекет БЖЗҚ-дағы МЗЖ, МКЗЖ-лар­дың қорғалуына кепілдік береді. Бұл ке­пілдік зейнеткерлікке шыққан зейнеткердің зейнетақы жиынтығының кірісі инфляция жиынтығы деңгейінен төмен болған кезеңде қолданылды және қолданылатын болады. Егер теңге бағамының өзгертілуінің салдарына байланысты Қазақстан экономи­касындағы ішкі инфляциялық салмақ өсетін болса, зейнеткерлікке шыққан салымшы бюджет есебінен өтемақы алады.

 – Барлық азаматтардың БЖЗҚ-ға қол­жетімділігі қамтамасыз етілді ме, оның филиалдық желілері бүкіл Қазақстанды қамти ма?

 – Біздің бүгінде 236 офисіміз, өңірлік құрылымдарда 18 филиалымыз жұмыс істейді. Қазір біз өңірлердегі офистеріміздің жұмысына тұрақты түрде мониторинг жасап, олардың тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мүмкіндігін сараптап отырамыз.

 – Қор салымшыларды ақпараттан­дырудың жаңа формаларын игеруде және дамы­туда. Алайда, салымшылар жаңа қыз­мет түрлерін игеруде белсенділік таныта ма?

 – Әркім өзінің есепшотындағы қаржысы туралы ақпаратты пошта арқылы және БЖЗҚ-ның бөлімшелері арқылы қағаз түрінде ала алады. Біз электрондық қызмет көрсету ауқымын одан әрі өрістетіп отырмыз. Үстіміздегі жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 960 мыңнан астам адам өзінің зейнетақы шотындағы ахуалды интернет арқылы – веб-сайт және электронды пошта арқылы біліп отырады. Жаңа форматтарды игеру қарқыны өсіп келеді.

 – Дәл қазір орта статистикалық қа­зақ­­стандық азамат сіздердің офисте­рі­ңізге бармай-ақ, өз үйінде отырып зей­нет­­ақы шотын аша ала ма және оны зей­неткерлікке шыққанға дейін толық­ты­рып отыра ала ма?

 – Қазірдің өзінде зейнетақы шотын тұрақты түрде бақылап отыру үшін біздің офистерімізге барудың қажеті жоқ. Логин және пароль алу үшін 1 рет қана келсе болғаны. Сонымен бірге, ХҚО арқылы электрондық-сандық қол қою үлгісін алып, содан кейін e-gov порталы немесе біздің сайт арқылы тұрақты түрде есепшоттың көшірмесін алып отыруға болады. Логині және паролі бар адам БЖЗҚ-ның өз күші арқылы белгіленген мобильдік қосымшаны көшіріп алуға болады.
Қазір еңбек жолын бастаған адам бізбен шарт жасасу үшін офиске келуі керек. Алайда, келесі жылдан бастап біздің веб-сайт арқылы офиске келмей-ақ шарт жасасу мүмкіндігі жүзеге асырылады. Сонымен бірге, келесі жылдан бастап біздің веб-сайтымызға қашықтықтан кіру арқылы өз деректемелеріңізге өзгерістер енгізуге (мәселен, салымшының тегі немесе мекенжайы өзгергенде) болады. Сонымен бірге, зейнетақы төлемдерін алу үшін барлық құжаттарды толтыруға болады.

 – Бүгінде қор үшін қандай міндеттер маңызды болып табылады?

 – Біріншіден, қор қызметтеріне барынша қолжетімділікті, оның ішінде, интернет арқылы қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бұл мақсатта БЗЖҚ жан-жақты жұмыс жүргізуде. Тағы бір маңызды жұмыс – салымшылардың қаржылық сауатын көтеру. Олар зейнетақы жүйесінің мәнін, оның жұмыс тәсілдерінің үрдісін түсінуі керек. Ең бастысы, оның қо­рытындысында әрбір салымшы қандай игілікке қол жеткізетіні маңызды. Сонымен бірге, шартты-жинақтаушы жүйені енгізу бойынша үлкен жұмыстар атқару қажет. Заң қабылданды, шартты шоттарды енгізудің әдістемесін және әдіснамасын белгілеу қа­жет. Бұл жүйе қалай жұмыс істейтіндігін тұрғындарға жан-жақты түсіндіру керек. Біз адамдарды шартты-жинақтаушы жүйемен жұмыс істеуге даяр­лауымыз керек. Салымшылармен жұмыс істеудің жаңа өміршең форматтарына көшіп, салым­шыларға қызмет көрсету сапасын жүйелі түрде жетілдіріп отыруымыз қажет.
Әңгімелескен
Алевтина ДОНСКИХ
http://egemen.kz/2015/11/12/6175


Тізімге оралу