"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


16.03.2017

БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық Кеңестің екінші отырысы өтті

Алматы, Қазақстан - 2017 жылдың 15 наурызында Қоғамдық Кеңестің екінші отырысы болып өтті. Өзінің алғы сөзінде БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық Кеңестің төрағасы Досым Сәтбаев Кеңес жетекшілерінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев пен «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаевамен кездескендігі жайлы әңгімелеп берді. Кездесу барысында Кеңес пен ҚР Ұлттық Бакінің өзара әрекеттестік механизмі талқыланды. Өз сөзінде Данияр Ақышев Қоғамдық Кеңестің құрылғанына қолдау білдіре отырып, зейнетақы жүйесін жаңғырту, оның ішінде зейнетақы активтерін басқаруда жұртшылық пікірінің маңызды екендігін атап өткен болатын.

Ал екінші отырыс барысында ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Дина Ғалиева «Зейнетақы активтерін басқару жүйесін жаңғырту» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде зейнетақы активтерін басқару бойынша қызметтерді бәсекелі ортаға беру туралы Ұлттық Банктің ұсыныстарын алға тартты. Бұл ретте салымшылардың зейнетақы активтерін басқару бойынша компанияларды, инвестициялық стратегияны таңдау, жинақтарын зейнетақы активтерін басқарушы бір компаниядан екінші компанияға аудару мүмкіндігі, сондай-ақ «жеткілікті дәрежеден жоғары» зейнетақы жинақтарын басқарудың жеке стратегиясын таңдау құқығы туралы айтылды. Бұдан басқа, баяндамада барлық ақпараттық және қаржылық лектердің бірыңғай әкімгері және операторы ретінде БЖЗҚ-ның рөлі ерекше атап өтілді.

Ұсынылып отырған жинақтаушы зейнетақы жүйесін реформалау моделі зейнетақы жинақтарын басқару барысында мемлекеттің мүдделер қайшылығын жоққа шығаруға, салымшыны өздерінің зейнетақы жинақтарын басқару үдерісіне тартуға, зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялар, жеке басқарушы компаниялар секілді жаңа инвесторлар нарығына шығуға, бірыңғай есеп жүйесін сақтауға және БЖЗҚ атынан бірыңғай ақпараттық орталық құруға мүмкіндік береді.

Отырыс барысында «БЖЗҚ» АҚ Стратегиялық даму басқармасының бастығы Кәмила Фазылова «Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің құрылымы мен компоненттері туралы» тақырыбында сөз сөйледі. Оның айтуынша, бүгінде отандық зейнетақы жүйесі үш компоненттен тұрады. Ең алдымен бұл, мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және ортақ зейнетақы төлемдері.

Зейнетақы жүйесінің екінші деңгейі – бұл БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері. Олар міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасады. Және үшінші деңгей – ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасатын ерікті зейнетақы жинақтары. Бұл салымшылардың (жеке және заңды тұлғалар) ерікті түрде өз пайдасына немесе үшінші бір тұлғаның пайдасына БЖЗҚ-ға аударатын сомалары. Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының өзара келісімі бойынша белгіленеді.

Сонымен қатар, қысқа мерзімді келешекте аталған компоненттердің қалай дамытылатындығы айтылды. Отырыс барысында Кеңес мүшесі Петр Своик отандық зейнетақы жүйесінің жай-күйі туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде өзінің бірқатар есептік деректері және статистикалық мәліметтер келтіре отырып, қазіргі таңда бюджеттен төленетін базалық және ортақ зейнетақы төлемдерінің деңгейі жинақтаушы зейнетақы жүйесінен төленетін зейнетақы төлемдеріне қарағанда жоғары екендігін атап көрсетті. Өйткені, отандық жинақтаушы зейнетақы жүйе әлі толық кезеңнен өткен жоқ (алғашқы зейнетақы жарнасын төлеуден бастап зейнетке шығуға дейінгі кезең 40-45 жылды құрайды). Сондықтан тұрғындардың зейнетақы жинақтарының көлемі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ортақ зейнетақы компонентінің орнын толық басу үшін әлі жеткілікті деңгейде емес. Своиктің сөзінше, тұрғындардың зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне қатысу дәрежесін арттыру қажет. Одан басқа тұрғындарды лайықты зейнетақымен қамсыздандыру, елде экономикалық өсімді қамтасыз ету бойынша әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін зейнетақы жүйесін реформалау бойынша заң шығару бастамаларын әзірлеу керек.

Отырыс барысында Кеңес мүшелері бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді шешті. Ең алдымен, келіп түскен барлық түзетулер ескеріле отырып, Кеңес туралы Ереже бекітілді және Кеңестің алдағы жұмыстарының механизмі белгіленді.

Досым Сәтбаевтың атап өткеніндей, «Қор жұмысын және жалпы зейнетақы жүйесін жақсарту бойынша Кеңес мүшелері мен тұрғындар тарапынан көптеген сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсті». Қор жұмысын жақсарту бойынша келіп түскен пікірлер жан-жақты зерделенген соң, талқыланып жатқан сұрақтар бейіні бойынша Кеңес құрылымында жұмыс топтарын құру туралы шешім қабылданды. Әрбір топтың жауапты жетекшісі тағайындалды.

Қоғамдық Кеңестің барлық жұмысы барынша ашық сипатта болады: барлық кездесулердің хаттамалары БЖЗҚ-ның www.enpf.kz ресми сайтында жарияланып отырады.

Қоғамдық Кеңестің келесі отырысын 2017 жылғы 20 сәуірде өткізу ұйғарылды.

Ақпарат көзі: flashpress.kz

Тізімге оралу