"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


04.07.2022

Болашақ бүгіннен басталады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметкерлерінің халыққа қызмет көрсету саласындағы еңбегі өте зор. Себебі, халықтың тұрмыс-тіршілігіне тікелей ықпалы бар жоспарлау, есеп-қисап жұмыстары үлкен жауапкершілікті талап етеді. Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерді дер кезінде халыққа жеткізу де Қор қызметкерлерінің құзырындағы жұмыс. Міне, осы міндеттер қалай жүзеге асып жатыр? Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының («БЖЗҚ» АҚ) Шымкент қалалық филиалының бір күндік жұмысын көзімізбен көріп қайттық.

   

Бізді таңертең филиал директоры Мұхтар Мұсаев қарсы алды. Әдейілеп келгендей, «Зейнетақы активтерін басқару: Зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланады?» атты онлайн форматта өтетін «Ашық есік» күніне соңғы дайындық іс-шараларының үстінен түсіппіз. Жұмыс таңғы 9.00-де басталып кетті. Мұхтар Әбдібайұлы қызметкерлерінің басын қосып, бүгінгі жұмыс тәртібін тағы бір пысықтап өтті.

– Біздің филиал Шымкент қаласындағы Бәйдібек би даңғылының бойындағы 45 үйде орналасқан. Қалада 4 бөлімшеміз бар, сонымен бірге Сайрам, Төлеби және Түлкібас аудандарында қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Дүйсенбіден жұмаға дейін таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін халыққа түскі үзіліссіз қызмет көрсетеміз.

Бүгін онлайн форматта «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізгелі отырмыз. Өйткені, бұл қазіргі халықтың қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттырудағы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізудің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Тұрғындар да осыған бейімделіп жатыр. Ал, мұнда салымшылар зейнетақы жүйесіндегі өзгерістермен бірге, Қор қызметтерін алу тәсілдерімен танысып, өздерінің көкейтесті сұрақтарына Қор мамандарынан нақты әрі толыққанды жауап ала алады. Бізде қазір негізі 7 бөлімше болғанымен, оның үшеуі – дербес қызмет көрсету орталығы. Ғимараттың өзінде бірнеше бөлім бар. Олар – операциялық, барып қызмет көрсету, шаруашылық және бақылау бөлімдері. Әр бөлімнің өзіне жүктелген міндеттері бар және ол міндеттерді филиал қызметкерлері жоғары деңгейде атқаруда деп сеніммен айта аламын, – дейді филиал директоры.

Кең де жарық зал ішінде қаз-қатар тізіліп отырған мамандар қызу жұмысқа кірісіп кеткен. Қордың операциялық бөлімінің мамандары келген салымшыларды жылы жүзбен қарсы алып, терминалдан қажетті терезеге талон алып беріп жатыр. Тағы бір қызметкер олардың қандай мәселемен келгенін сұрап, білгісі келгенін барынша түсіндіріп бағуда. Мұнда келушілер жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпаратпен қатар Қорға қатысты барлық қызмет түрлерін ала алады екен. Бұл жайлы сәл кейінірек арнайы тоқталып өтетін боламыз.

Олардың пікірінше, кей адамдар зейнетақы жүйесіне салымшы ретінде тіркеліп, төлем жасауға асыға қоймайды екен. Осыдан олардың қаржылық сауаттылығының әлі де болса кемшін екенін білуге болады. Бұл бір жағынан зейнетақы жүйесінің келешектегі рөлін, ертеңгі зейнетке шыққандағы өзінің қаржылық жағдайына немқұрайлы қарайды деген сөз. Осы олқылықтарды жою мақсатында Қор филиалдарында Қор кеңсесінен тыс жерде «Барып қызмет көрсету» бөлімдері ұйымдастырылған. Олар салымшыларға сапалы қызмет көрсетіп, жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз ету және халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, бөлімнің негізгі міндеттерінің бірі –  мүгедек салымшылардың өтініштері бойынша үйлеріне барып қызмет көрсету. Оны бізге аталмыш бөлімнің басшысы Ләззат Дүйсенова таныстырды. 

– Көпшілікті зейнетақы жөніндегі мәселелердің алаңдататыны рас. Бірақ, көпшілігі жұмысбасты болған соң біздің бөлімшеге келуге қолдары тие бермейді. Сондықтан біз олармен тікелей байланыс жасаудың барлық мүмкіндіктерін қарастырамыз. Шалғай елді мекендерге барып, әкімшілік, білім, денсаулық сақтау, орта және шағын бизнес өкілдерімен кездесіп, халық арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Онда зейнетақы жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары, қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндіктері сынды мәселелер ортаға салынып, мобильді агент арқылы нақтылай Қор қызметтері көрсетіледі. Өзге тақырыптар бойынша арнайы әзірленген таныстырылымдар да бар. Бөлім мамандары түгелдей «Мобильді агент» құралдарымен қамтамасыз етілген. Олар барған жерінде салымшылардың үзінді көшірмелерін беріп, ақпарат алу тәсілдерін өзгертіп, қосымша келісімшарттар жасайды. Жалпы алғанда, кеңседегі жасалатын қызметтердің жекелеген түрлерін  кеңседен тыс жерлерде де көрсете алады, – дейді барып қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ләззат Дүйсенова.

Қордың «жүрегі» саналатын операциялық бөлім жайлы осы тұста айтпай кетуге болмас. Бөлімнің негізгі міндеті – жинақтаушы зейнетақы жүйесі аясында жеке және заңды тұлғаларға сапалы қызмет көрсету. Біз жұмыс үстеліне жақындаған маман өзін Айнұр деп таныстырды. 

– Бізге келушілердің өтініштері де әртүрлі. Жеке кеңес сұрап келетіндер де аз емес. Әр жұмыс күні операциялық бөлімге әртүрлі сұрақтармен жүздеген адам келеді. Мүгедектік пен қайтыс болуға байланысты өтініштері қабылданады. Келісімшарттағы мекенжай ауысса, оны өзгертеді, – дейді Айнұр Жәнібекова. Ең бастысы, салымшыларға қажетті деректерін енгізу арқылы электронды форматта, яғни Қор кеңселеріне келмей-ақ, үйіндегі компьютер немесе мобильді қосымша арқылы тиісті ақпараттарды алуына мүмкіндік туады.  

«Егер салымшы өзі жайлы мәліметтердің өзгергенін хабарламаса ше?» деген сұрағымызға Мұхтар Әбдібайұлы:

– Деректемелердің біреуі өзгерсе де, ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес, салымшы 10 күннің ішінде бізге хабарлауы тиіс. Бірақ, оған ешқандай айыппұл салынбайды. Көпшілігі осы жағын ескере бермейді. Қажеттілік туындағанда ғана жүгініп жатады. Ал, дер кезінде ауыстырса, қысылтаяң шақта абыр-сабыр күйге түспесі анық. Дерекқорға кіргізетін құпия сөзі болса, оны әркім үйінде отырып-ақ енгізе алады. Егер оны алмаған жағдайда өздігінен ауыстырған өзгерістері дерек базасына енбейді, – деген басшы салымшылардың бұдан әлі де бейхабар екендігін, сондықтан тұрғындарға мұны үйретуге әрқашанда әзір екендерін жеткізді.  

Саладағы жағымды жаңалықтардың бірі ретінде елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жүйесінің іске қосылғандығын атап өтуге болады. Бұл жұмыссыздарға, өзін- өзі қамтамасыз етіп жүрген жеке кәсіппен айналысатындарға арналған десе де болады. Олар салық мекемесінің табалдырығын тоздырып, есепке тұрып жүрмейді. Тапқан табысынан 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде, яғни биылға бекітілген 3063 теңге көлемінде қаржы салып тұрса жеткілікті. Бұл – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен облыс орталықтарының тұрғындарына арналған сома. Ал, 0,5 АЕК мөлшері өзге елді мекендерде тұратын азаматтарға арналған. Тіпті патент, куәлік алудың қажеті жоқ. Есік алдындағы бақшасынан пайда тауып жатса, Қорға содан-ақ салып отыруға болады. 

Филиал басшысының айтуынша, осы 3063 теңгенің өзі 4-ке бөлінеді екен. 

– Алғашқысы, жеке табыс салығына – 10 пайызы, зейнетақы қорына, яғни БЖЗҚ-ға – 30 пайызы, әлеуметтік сақтандыру қорына – 20 пайызы, соңғысы медициналық сақтандыруға 40 пайызы кетеді. Бұлардың барлығы банкке аударылады. Азаматтық корпорация жоғарыда айтылған пайыздарға қарай қаражатты 4-ке бөліп, тиісті мекемелерге аударып тұрады. Сонда азамат медициналық сақтандыру қызметін тегін пайдалана алады. Әрі зейнетақы төлеміне қызметтік өтілі жүреді. Ал, жеке табыс салығы мемлекеттік бюджетке түседі. Бұл төлемнің ең үлкен өзгешелігі осы, – деді Мұхтар Мұсаев. 

Электрондық жүйе демекші, Қор сайтында зейнетақы калькуляторы да жұмыс істейді.  Ол арқылы тұрғындар керекті деректерді енгізу арқылы келешектегі зейнетақысын есептей алады. 

Филиал жұмысымен танысу барысында операциялық бөлімнің басшысы Лейла Байтұрованы сөзге тарттық. «Бізде электронды терминал бар. Оған арнайы кезекші бекітіледі. Мәселен, оның көмегімен жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу. Берілген өтініштердің орындалуын қадағалау, шоттардың көшірме нұсқасын алу секілді қызметтерді алу үшін санаулы секундтар ішінде пайдалануға болады. Біз келген салымшылардың барлығына сұрағына орай терминалдан талон шығарып, экранда көрсетілген нөмірлер бойынша мамандарға бағыттап отырамыз. Әрі қарай кеңес беріліп, құжаттар қабылданады.

2022 жылға есептелген зейнет- ақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегі биылғы 1 сәуірден бастап күшіне енгені белгілі. Бұған дейін Үкіметтің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №875 қаулысы бойынша 2021 жылға есептелген жеткілікті шегінің қолданылу мерзімі 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылған болатын. Біздің қазіргі ең маңызды қызметтеріміздің бірі – зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерді дер кезінде бұқара халыққа жеткізу. Екінші қызмет түрі – өзгерген мекенжайларын, мерзімі өткен құжаттары мен телефон нөмірлерін енгізу және ол азаматтардың барлығын интернет арқылы тіркеу. Сондай-ақ, қайтыс болған салымшыларды жерлеуге арналған бір реттік жәрдемақыны алу мақсатындағы қажетті құжаттарды және мұрагерлікті рәсімдеуге байланысты тиісті құжаттарын қабылдаймыз. Салымшыларды бұдан өзге сұрақтар мазалап жатады. Солардың бәрін тыңдап,  жауап беруге тырысамыз, – дейді бөлім басшысы. 

Қазір Қазақстандағы зейнетақы жүйесінде базалық зейнетақы, ортақ зейнетақы және БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері бар. Ортақ зейнетақы 1998 жылға дейін кемінде 6 ай еңбек өтілі бар азаматтарға ғана тағайындалады. Бір күні олардың да қатары азаяры анық. Сондықтан БЖЗҚ-ға жарналардың уақтылы аударылып тұрғаннан ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Қазір әр салымшы өз шотындағы қаражатын көбейту үшін ерікті түрде зейнетақы жарналарын да аудара алады. Соңғы кезде Қор тарапынан осыған ерекше көңіл бөлініп жатыр екен. Оның бір ерекшелігі, кімнің қосымша ақшасы бар болса, оны шотына сала береді. Ерікті зейнетақы жарнасын басқа да тұлғалар үшін төлеуге болады. Бұл қаражат айналымда болатындықтан, оған да инвестициялық табыс түсіп тұрады. 

Міне, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Шымкент қаласындағы филиал мамандарының бір күндік жұмысы осындай қым-қуыт тірлікке толы. Олардың ең басты айтатыны, бейнеттің зейнетін көру үшін болашаққа қор жинаған жөн. Қаншалықты көп жисаңыз, зейнет жасында алар зейнетақыңыз қомақты бола түспек. Зейнетақы шотыңыз тұрақты түрде толығып тұрса, ол – қамсыз қарттығыңыздың кепілі. Сондықтан болашағыңыздың іргесін бүгіннен бастап қалауға кірісіңіз! 


Толығырақ:okg.kz


Тізімге оралу