"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққу
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Ертіс
  • Казталов
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қапшағай
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Комсомольское
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
  • Явленка
 жеке
 кабинет
 бізге
 жазыңыз
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


21.04.2015

Зейнетақы жыры

Жұмыс берушілерге әр жұмыскерге қосымша 5% зейнетақы есептеуді жүктемекші.

Динара Куатова

Қазақстанның зейнетақы жүйесін жаңғыртудың екінші кезеңін жүзеге асыру  жөніндегі жоспарларын денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі жария етті. Мәжілісте вице-министр Светлана Жақыпова  зейнетақымен қамту мәселелері жөніндегі заңға түзулердің бір шоғырын таныстырды.

«Аталған заң жобасының негізгі мақсаты – зейнетақы жүйесін жаңғырту. Ол зейнетақы жасында лайықты өмір сүру деңгейі үшін қонымды зейнетақы төлемдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Светлана Жақыпова.

Заңнамалық бастамада  зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтау түрін енгізу де көтеріліп отыр.  Ұсынылған механизм  жұмыс берушіден  әрбір жұмыскерге, еңбекақы қорынан есептелетін  қосымша  5%-дық міндетті зейнетақы жарнасын  салуды  қарастырады.  Қосымша жүктемені 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу көзделуде.

«Жұмыс берушінің аталған 5% жарнасы қосымша жүктеме ретінде жүреді.  Ол бұған дейін 5% кәсіптік зейнетақы жарнасының орнын алмастырмайды.  Яғни,  жұмыс берушінің бұған дейін болған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының  жүктемесі, салықтық аударымдар,  ауыр, зиянды жұмыс жағдайларында жұмыс істейтіндер үшін қала береді. Осы 5% міндетті зейнетақы жарналар қосымша жүктеме ретінде жүреді», – деп түсіндірді Светлана Жақыпова.

Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің айтуынша, шартты-жинақтау компонентін енгізу «БЖЗҚ» АҚ-да шартты зейнетақы есеп-шоттарын ашуды қарастырады.  Аталған есеп-шоттарға  осы зейнетақы жарналары шоғырландырылып, кейін нарықтық құралдарға  инвестицияланады.

Жұмыскер зейнетақы жасына жеткен кезде және  кемінде бес жыл қатысу өтілі болған жағдайда шартты-жинақтау компонентінен төленетін зейнетақының көлемі шартты зейнетақы есеп-шотында жинақталған зейнетақы міндеттемелерінен айқындалатын болады.

Зейнетақы көлемінің есебі жинақ сомасынан жүргізіледі. Аннуитеттік фактор, әрине, қайта бөлу принципі есепке алынады.  Яғни, қайтыс болған адамнан – аман-сау қалған адамға,  көшіп кеткен адамнан – тұрғылықты қалған адамға, жоғары еңбекақы алушыдан – төмен жалақы алушыға», – деп түсіндірді ол.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі орынбасарының пікірінше, қазақстандықтардың бойына еңбек қатынастарының дұрыс мәдениетін сіңіру қажет. Бастамашылардың пайымы бойынша, таныстырылған өзгерістер 2030 жылға дейін зейнетақыны экономика бойынша зейнетақының орташа айлық төлемдерінің кемінде 40% деңгейіне келтіруді қамтамасыз етпекші.

«Жұмыс берушілеріміздің көлеңкелі экономикаға кетуіне себепші болмас па екен деген қауіп болуы мүмкін. Алайда, үреймен қалыпты өркениетті қоғам құра алмаймыз.  Әрбір азаматты жұмыс берушіден  еңбек қатынастарын қалыптастырып, зейнетақы  жарналарын аударуды талап ететіндей мәдениетке тәрбиелеуіміз керек», – деп атап өтті вице-министр.

Ведомстводағылар заң жобасы қабылданған жағдайда жағымсыз құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар болмайды деп санайды.

Заң жобасы сонымен қатар зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы тағайындаудың тәртібін өзгертпекші. 2017 жылғы 1 шілдеден бастап, жобаға сәйкес,  базалық зейнетақы тағайындау тәртібін өзгерту көзделуде.

«Базалық зейнетақы азаматтар зейнетақы жасына жеткен кезде  және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалмақ.  2017 жылғы 1 шілдеге дейін зейнеткер атанғандарға зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақыны бір реттік қайта есептеу жүргізіледі», – деп хабарлады Светлана Жақыпова.

Зейнетақы жүйесінде 10 жыл өтілі болған жағдайда  базалық зейнетақының көлемі  күнкөріс минимумының 50% құрайтын болады. 10 жылдан асса әр жыл үшін  оның көлемі 2%-ға көбейіп, еңбек өтілі 35 жыл және одан көп  болған жағдайда  күнкөріс минимумның 100%-ына тең болады. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі  10 жылға жетпейтін  зейнеткерлер үшін  төлем көлемі бүгінгі күндегі базалық зейнетақы көлемінен төмен болмайды.

Күштік құрылым қызметкерлеріне қатысты да өзгерістер болмақ.  Оларды зейнетақымен қамту  2016 жылғы  1 қаңтардан бастап мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Олардың зейнетақы көлемі  қызмет еткен жылы мен қызметтен кеткен кездегі ақша жинақтарына байланысты есептелмекші.  Сонымен қатар,  келер жылдан бастап, заң жобасы шеңберінде, күштік құрылымдар қызметкерлерінің ақша мөлшеріне қарай 20% міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша мемлекеттік бюджет міндеттемелерінің күші жойылмақшы.

2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаттары есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50% бюджет кірісіне кері қайтару көзделуде.  Сондай-ақ, бірдей жағдайларда қызмет етіп, әр уақыт кезеңдерінде зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлердің зейнетақы көлемдерінде диспропорцияны жою үшін, 2016 жылы бұған дейін тағайындалған зейнетақы көлемдеріне бірреттік қайта есептеу жүзеге асырылатын болады. Оның барысында  қызмет еткен жылдары,  еңбек өтілі, қызметтен кеткен күнге дейінгі ақша көлемі есепке алынады.

http://partner.kz/kz/news/view/1055?full=1


Тізімге оралу