Жаңалықтар
"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққу
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Амангелді
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Аса
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атасу
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Бадамша
  • Бақанас
  • Балкашино
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Бескөл
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Ботакара
  • Булаево
  • Глубокое
  • Денисовка
  • Державинск
  • Егіндікөл
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Ырғыз
  • Ертіс
  • Казталов
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қамысты
  • Қандыағаш
  • Қапшағай
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарамеңді
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауыл
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Кішкенекөл
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көктөбе
  • Көкшетау
  • Комсомольское
  • Қорғалжың
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Құрық
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Мамлютка
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Мойынқұм
  • Новоишимское
  • Нұр-Сұлтан
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Переметное
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Приозерск
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкемер
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Смирново
  • Степногорск
  • Степняк
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тимирязев
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Обаған
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Ойыл
  • Үлкен Нарын
  • Ұлытау
  • Орал
  • Ұржар
  • Успенка
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка к.
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
  • Явленка
 жеке
 кабинет
 өтінішті
 жолдау
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы

Жаңалықтар

04.06.2020

Инвестициялық табыс сомасы неге өзгеріп отырады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы қазіргі уақытта 12 триллион теңгеге жуық. Бәрімізге белгілі, зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жарналары мен түскен қаражатты инвестициялаудан алынған инвестициялық табыстан тұрады.

Жеке зейнетақы шоттарына түсетін және есебін БЖЗҚ жүргізетін зейнетақы жарналарын зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды. Ұлттық Банк зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне және БЖЗҚ инвестициялық декларациясына сәйкес инвестициялау лимиттеріне инвестициялайды.

Тәуекелдерді азайту мақсатында қаржы құралдары инвестициялаудың түрлері, бағыттары, оның ішінде валюталар бойынша әртараптандырылады. Қазіргі уақытта инвестициялардың 2/3 теңгемен және 1/3 шетел валютасымен, соңғысының басым бөлігі – АҚШ долларымен номиналданады.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес күн сайын қайта есептеледі және қайта бағаланады

Инвестициялық кіріс құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түріндегі табыстар, сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған табыстар және т. б. кіреді.

Инвестициялық табыс – тұрақсыз шама, сол себепті ол қысқа мерзімдік кезеңде оң немесе теріс болуы мүмкін.

Мысал ретінде салымшылар мен алушылардың шоттарына 2020 жылы есептелген инвестициялық табысты қарастыруға болады.

2020 жылдың қаңтарынан бастап 2 маусымына дейін салымшылардың шоттарына 433,6 млрд теңге көлемінде таза инвестициялық табыс есептелді.

Қаңтар айында таза инвестициялық табыс +28,15 млрд теңгені, ақпан айында +111,7 млрд теңгені, наурыз айында +521,8 млрд теңгені, сәуір айында – 125,6 млрд теңгені, мамырдан бастап 2 маусымға дейінгі аралықта – 102,4 млрд теңгені құрады.

Наурыз айында инвестициялық табыстың айтарлықтай өсуі (+521,8 млрд.теңге), сәуір, мамыр және маусым айының басында инвестициялық табыстың төмендеуі байқалады. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 2 маусымына дейінгі кезеңдегі инвестициялық табыстың жалпы сомасы +433,6 млрд теңгені құрап, оң нәтижеге қол жетті.

2020 жылғы наурыздан бастап зейнетақы активтерінің инвестициялық табыстылығына теңге бағамының АҚШ долларына қатысты өзгеруі үлкен әсер етті.

Мәселен, наурызда АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 381-ден 448 теңгеге дейін артты. Валюталық құралдарға орналастырылған зейнетақы активтерін оң валюталық қайта бағалау зейнетақы активтері бойынша таза инвестициялық табыстың елеулі өсуіне әсер етті.

Сәуір айында керісінше, АҚШ долларына қатысты теңге бағамы 448 теңгеден 424 теңгеге дейін төмендеп, нығая түсті. Ұлттық валютаның нығаю үрдісі 2020 жылдың мамырында да жалғасты. АҚШ долларының құны 411 теңгеге дейін төмендеді. Маусымның алғашқы күндері ұлттық валюта бағамының 1 АҚШ доллары үшін 402 теңгеге дейін төмендеуімен сипатталды. Тиісінше, валюталық құралдарға орналастырылған зейнетақы активтерін теріс бағалау орын алды, ол өз кезегінде инвестициялық табыстың төмендеуіне ықпал етті.

Сонымен қатар зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыс мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңде талдаған дұрыс екендігіне назар аударамыз. Қысқа мерзімді деректер (күн сайынғы, ай сайынғы және т. б.) – көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар күнделікті нарықтық конъюнктураға тәуелді.

Мәселен, өткен 2019 жылы БЖЗҚ салымшыларының ЖЗШ-ларына есептелген таза инвестициялық кіріс 641,8 млрд теңгені құрады.

2018 жылы таза инвестициялық табыс 917,1 млрд теңгені көрсетті.

2017 жылы таза инвестициялық табыс 550,6 млрд теңге болды.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап 2020 жылдың сәуір айына дейін зейнетақы активтерін басқару кезеңінде Ұлттық банкпен қамтамасыз етілген инвестициялық табыс зейнетақы жинақтарының жалпы көлемінің 30% астамын немесе 3,8 трлн теңгені құрады.

Инвестициялық басқару және зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі айқын, әрі ашық жүргізіледі: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе ұялы қосымшада бақылап отыру мүмкіндігіне ие. Себебі, БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде тұрақты жарияланып отырады.


Просмотров 828

Тізімге оралу