"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

29.07.2020

2020 жылдың алғашқы жарты жылдығында БЖЗҚ салымшылары 8,5 миллионнан аса қызметті онлайн форматта алды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне және коронавирустық инфекциямен (COVID-19) сырқаттану жағдайларының көбеюіне байланысты қауіпті вирустың таралуына жол бермеу және қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шектеу шараларын енгізген болатын және өңірлік филиалдардың бір бөлігі қашықтықтан және байланыссыз қызмет көрсету режиміне ауыстырылып, жұмыстарын сол тәртіппен жалғастыруда. Десек те, бірқатар шектеулерге қарамастан, БЖЗҚ салымшылары қызметтерді толық көлемде алуда. 

Жаңа технологиялардың қарыштап дамуы мен электрондық жүйелердің дұрыс жұмыс істеуінің арқасында қазір «БЖЗҚ» АҚ қызметінің 90% - дан астамы онлайн түрде көрсетілуде. Осылайша, біздің салымшылар қызметтердің толық спектрін өз денсаулығына қауіп төндірмей, үйден шықпай-ақ ала алады. Атап айтқанда, БЖЗҚ-ның ресми сайтында және ұялы қосымшасында орналастырылған Жеке кабинеттің көмегімен салымшы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлем жасау, көшу және көптеген басқа да мәселелер бойынша берілген өтініштің мәртебесін қадағалау сияқты қызметтерге қол жеткізе алады. 

2020 жылдың 1 шілдесіне БЖЗҚ салымшыларына 9,4 миллионға жуық қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,7% - ға жоғары. Барлық қызметтердің 91,4% немесе 8 566 698 операция электрондық форматта жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн формат танымалдығы 16,4% - ға өсті.

Кейбір өңірлерде алдын ала жазылу бойынша күндізгі қызмет көрсету (филиалдың барлық қызметкерлерінің 50% - дан аспайтын құрамын жұмыспен қамтумен) режимі сақталғанына, ал қалған облыстардағы БЖЗҚ бөлімшелері бірқатар шектеу шараларын қалдырғанына қарамастан, кейбір салымшыларға бұрынғысынша Қор кеңселерінде қызмет көрсетіледі. Бірінші жартыжылдықта біздің филиалдарда 730 911 қызмет ұсынылған екен.

Естеріңізге сала кетейік, Қордың кезекші қызметкерлері алдын ала жазылу бойынша қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әлеуметтік қашықтық қағидаттарын сақтай отырып, электронды форматта алуға болмайтын қызметтер бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды одан әрі жалғастыруда. Онлайн режимде алуға болмайтын қызметтерге мыналар жатады:

  • салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (жерлеу);

  • салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (мұра);

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (ерекше жағдайларда Қор қызметін тұтынушының талабы бойынша);

  • зейнетақы жинақтарын «БЖЗҚ» АҚ-дан сақтандыру ұйымдарына ауыстыру туралы өтініштерді ресімдеу;

  • міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті, оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштерді ресімдеу.

Қызметтердің басқа түрлерін БЖЗҚ-ның корпоративтік сайтындағы, не ұялы қосымшасындағы Жеке кабинет арқылы алуға кеңес береміз. 

БЖЗҚ-да барып қызмет көрсететін бөлімдер де бар. Қазіргі уақытта ол қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, штат санының 50% аспайтын бөлігін тарта отырып жұмыс істейді. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде қызметті көзбе-көз алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы өтініштерді (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштерді) ресімдеу және халықтың әлеуметтік әлсіз топтары санатына жататын салымшыларға (алушыларға) (1-2 топ мүгедектеріне) қызмет көрсету үшін барып қызмет көрсетуге қажеттілік туындаған жағдайда олар барып қызмет көрсетуді барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, жүзеге асырады. Барып қызмет көрсету барысында 2020 жылдың 6 айы ішінде 74 341 операция орындалды.

БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметтерін көрсету және Қордың салымшылары мен алушыларына бағытталған ақпараттық арналарды дамыту. Осылайша, ағымдағы жылдың алты айында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда кері байланыс арналары бойынша салымшылар жасаған өтініштер саны іс жүзінде 2,5 есеге артты, 2020 жылы 666 905 өтініш қаралған болса, 2019 жылдың осындай кезеңінде 298 554 өтініш қабылданған.

БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) call-орталықтан кеңес ала алады, сонымен қатар www.enpf.kz корпоративтік сайтында, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары арқылы, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында кеңес алуға болады.


Просмотров 2806

Тізімге оралу