"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққу
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Ертіс
  • Казталов
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қапшағай
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Комсомольское
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұр-Сұлтан
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
  • Явленка
 жеке
 кабинет
 өтінішті
 жолдау
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы

Жаңалықтар

02.04.2021

190 мыңға жуық салымшылар (алушылар) тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу, инвестициялық портфельді басқарушыларға беру мақсатында БЖЗҚ-дан өз жинақтарын алды

2021 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне еніп, азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және(немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін емделуге ақы төлеужәне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалануға құқығы берілді.

БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар төмендегі адамдар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін өзінің, жұбайының (зайыбының) жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өздері немесе жұбайы (зайыбы) не жақын туыстары үшін емделу ақысын төлеу үшін пайдалану құқығын келесідей шарттардың бірі болған жағдайда қолдана алады:

1)  Егер МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптасқан жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинағының белгіленген ең аз жеткіліктілік шегінен асып түскенде.

Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы  мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомасынан аспауы тиіс;

2)   зейнетақы мөлшері алушының, отставкадағы судьялар үшін зейнетақы сомасы мен ай сайынғы күтімінің Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленетін 40 пайыздан төмен емес деңгейдегі орташа айлық табысын алмастыру коэффициентін қамтамасыз ете алуы керек. Орташа табысты алмастыру коэффициентін есептеу барысында алушының зейнетке шыққан күнге дейінгі республика бойынша орташа айлық табыстан аспайтын табысы ескеріледі.

Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен жинақталған зейнетақы жинағының 50 пайыз мөлшерінен аспауы қажет.

3) егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаса. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен жинақталған зейнетақы жинағының мөлшерінен аспауы қажет.

1 сәуірдегі жағдай бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін уәкілетті операторлардан («Отбасы банк» ТҚЖБ» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, сондай-ақ, «Altyn Bank» АҚ)  269 759 өтініш  түсті. 

Жалпы сомасы 940,7 млрд теңгеден асатын 184 109 өтініш орындалды. Салымшылардың арнайы шоттарына келіп түскен төлемдердің орташа сомасы 5,1 млн теңгеден асады.  Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге пайдалану туралы өңірлер бөлінісі бойынша толық ақпарат enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» - «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» бөлімінде ұсынылған. Қазақстандықтардың біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай мақсатта пайдаланатынын enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» - «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің мақсаттары бойынша» бөлімінен білуге болады. Өтініштердің басым бөлігі Алматы қаласы (17,3%), одан кейін Маңғыстау облысы (16,7%) және Нұр-Сұлтан (14,2%) қаласының тұрғындарынан келіп түсті.

4 263 өтініш зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану үшін берілген. Оның ішінде 2 807 өтініш орындалып, «Отбасы банк» ТҚЖБ» АҚ уәкілетті операторында ашылған салымшылардың арнайы шоттарына 2,7 млрд теңгеден аса сома аударылды. Қазақстандықтар емделуге орташа есеппен 1 млн теңге пайдаланады. Өтініштердің басым бөлігі Алматы қаласы (20,6%), Нұр-Сұлтан қаласы (17,3%) және Атырау облысының (7,9%) тұрғындарынан келіп түсті. Өзекті статистикамен «Көрсеткіштер» - «Емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» бөлімінде танысуға болады.

Еске сала кетейік, салымшының зейнетақы жинақтары сондай-ақ, инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына:

- салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының нақты сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайтын мөлшерде; немесе

- өмір бойғы төлемдерді көздейтін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда, салымшының БЖЗҚ-дағы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығынан аспайтын мөлшерде берілуі мүмкін.

1 сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын зейнетақы портфелін басқарушыға (ИПБ) аудару бойынша 1062 өтініш келіп түсті.

Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аударуға өтініштердің 39,5% астамы Алматы қаласының тұрғындарынан  түсті, одан кейін Нұр-сұлтан қаласы (21,5%) мен Маңғыстау облысының (5,3%) тұрғындары тұр.

Қазіргі сәтте берілген өтініштердің 690-ы орындалып, ИПБ-ға аударылған қаржының жалпы сомасы шамамен 1,7 млрд теңгені құрады, бұл ретте аударымның орташа сомасы 2,4 млн теңге болды.          

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аудару салымшыдан өтініш  түскен күннен кейінгі күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылатын болады. Зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қалады. Ал БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын есепке алуды жалғастырады.

Зейнетақы жинақтарын аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтініш жасауы қажет, оны enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі келгенде беруге болады.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруға қатысты төрт ИПБ-мен шарт жасасты. Олар туралы ақпаратпен танысып, инвестициялық декларацияларын зерделеуді enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» - «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аудару» бөлімінде жүзеге асыруға болады.


Просмотров 1255

Тізімге оралу