"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққу
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Ертіс
  • Казталов
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қапшағай
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Комсомольское
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұр-Сұлтан
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
  • Явленка
 жеке
 кабинет
 өтінішті
 жолдау
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы

Жаңалықтар

30.09.2021

2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлтттық Банкі (ҚРҰБ) мен Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ инвестициялық қызметке 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылған.

Айта кетейік, 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша инвестициялық басқаруда болған зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 12,95 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 12 947,03 млрд теңгені құрады. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,1 млрд теңгеге жетті.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде еептелген инвестициялық табыстың жалпы көлемі 01.01.2021ж. бастап 31.08.2021ж. дейінгі кезең ішінде 966,20 млрд теңге болды, оның ішінде:

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2021 жылғы 1 қыркүйекке ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған 2021 жылға арналған бағыттар шеңберінде ҚР ҰБ (сенімгерлік басқарушы ретінде) инвестициялаудың негізгі бағыттары былайша берілген:

- ҚР Қаржы министрлігі шығарған, ағымдағы құны 4 970,75 млрд теңгені (бүкіл портфельдің 38,39%) құрайтын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары. Теңгеге номиналданған ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 9,1%, ал АҚШ долларында – жылына 4,1% құрады.

- ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 727,32 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 13,34%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,8%, АҚШ долларымен жылына 5,5%.

- шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары 1 326,59 млрд теңге болды. Олардың портфельдегі үлесі – 10,25%. БЖЗҚ-ның ЗА портфеліндегі есепті күндегі шетелдік мемлекеттердің МБҚ өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 0,2%.

- 1 058,40 млрд теңге (8,17%) сомасына ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары. ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылына 10,0%.

- 1 279,55 млрд теңге (портфельдің 9,88%-ы) мөлшеріндегі сыртқы басқарудағы активтер. 2021 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда өсім 56,71 %.

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісінде қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша берілген:

- ұлттық валютадағы инвестициялар – 68,20%, АҚШ долларында – 31,74%, Ресей рублінде және басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,06%.

РҰБ алған, жыл басынан бері есептелген инвестициялық табыстың құрылымы мынадай сипатқа ие:

- бағалы қағаздар, оның ішінде орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі кірістер 589,42 млрд теңге;

- бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 80,40 млрд теңге;

- шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер 28,70 млрд теңге;

- сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер 123,88 млрд теңге;

- өзге де кірістер 143,64 млрд теңгені құрады.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2021 жылдың басынан бастап 966,04 млрд теңге. 2021 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 5,80% болған кезде 7,65% жетті.

Бұл ретте 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айда (2020 жылғы қыркүйектен 2021 жылғы 31 тамызға дейін) зейнетақы активтерінің кірістілігі 8,70% мөлшеріндегі инфляция кезінде 10,68% құрады.

Эмитенттер көрсетілген қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы мен инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында жарияланған.

 

Инвестициялық портфельді басқарушылар

Қазақстандық басқарушы компанияларға берілген қаражаттың жалпы көлемі шамамен 5,1 млрд теңге.  

"Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2,3 млрд теңгені құрады. Оларға Exchange Traded Funds (ETF) пайлары, олар – 46,26%, ҚРҰБ ноттары (портфельдің 36,96%), ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ (16,69%), инвестициялық шоттардағы ақша қаражатындағы қалған активтер-0,09%. Портфельдің 53,74% теңгемен, 46,26% АҚШ долларында.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2021 жылдың 15 наурызынан бастап 1 қыркүйегіне дейін есептелген инвестициялық табыс мөлшері 59,52 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің табыстылығы – 5,10%.

«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

«Halyk Global Markets» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 1 қыркүйекке 1,4 млрд теңгені құрады. Портфельдің құрылымында ҚРҰБ ноттары портфельдің 33,29% - ын, ETF пайларын (19,27%), ЕДБ облигациялары (10,67%), шоттардағы ақша қаражаты (9,41%), шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары (9,21%), ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (8,73%), ҚР ұйымдарының корпоративтік облигацияларын (8,44%) және кері РЕПО операцияларын (0,97%) құрайды. Портфельдегі ұлттық валютадағы инвестициялар 70,51%, АҚШ долларында 29,49%.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 15.03.2021 жылдан бастап 01.09.2021 жылға қарай есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 53,24 млн.теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің табыстылығы 4,73% жетті.

«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

«BCC Invest» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 932,7 млн теңгені құрады. Олар пайларға (ETF индекстерге) (29,86%), ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (14,82%), кері РЕПО операциялары (14,20%), ҚР ЕДБ облигациялары (12,04%), ҚР резидент эмитенттерінің корпоративтік облигациялары (8,67%), шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары (7,69%), МҚҰ облигациялары (7,10%), инвестициялық шоттардағы ақша қаражаты (5,61%) бөлінген. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 57,07%-ы, АҚШ долларында 42,93%-ы инвестицияланған.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 15.03.2021 жылдан бастап 01.09.2021 жылға қарай есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 25,82 млн.теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің табыстылығы - 3,72%.

«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

2021 жылғы 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 499,37 млн теңгені құрады. Олар ҚР ҚМ МБҚ-ға (92,30%), ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (6,90%), инвестициялық шоттардағы ақша құралдарына (0,80%) инвестицияланды. Барлық инвестициялар ұлттық валютада жүргізілді.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 01.04.2021 жылдан бастап 01.09.2021 жылға есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 26,52 млн.теңгені құрады. Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде зейнетақы активтерінің кірістілігі 5,92% болды.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

Бұдан бөлек, БЖЗҚ сайтының «Көрсеткіштер» қосымша бетінде «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне қысқаша шолу» бөлімі бар. Онда инвестициялық портфельдің құрылымы бойынша жалпы ақпарат берілген.


Просмотров 1818

Тізімге оралу