"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

15.07.2024

Зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығы мен лайықтылығын арттыру бойынша қазақстандық сарапшылар тобының ұсыныстарын талқылау жалғасуда

Қазақстанның зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы мен лайықтылығын арттыру бойынша сарапшылар тобының ұсыныстары көпшіліктің назарына ілігіп, кеңінен талқылануда.

Сарапшылардың құрамына: Григорий Марченко, Ораз Жандосов, Болат Жамишев, Қадыржан Дамитов, Әнуар Сайденов, Елена Бахмутова секілді республикадағы қаржы нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастырудың бастауында болған белгілі экономистер Гульфайрус Шайқақованың қатысуымен кірді.

Сарапшылардың ұсыныстары БЖЗҚ-ның ақпараттық-талдамалық қолдауымен, ауқымды халықаралық тәжірибе мен ұзақ мерзімді экономикалық есептеулерге сүйене отырып әзірленді. Есептеулер демографиялық және өзге де деректерді, сонымен қатар бұдан бұрын британдық актуарийлермен бірлесіп әзірленген БЖЗҚ-ның жан-жақты, іріктелген актуарлық моделін пайдалана отырып жүргізілді. 

Бұл ретте зейнетақы жинақтарын шешіп алу мәселелері бойынша сарапшылардың кешенді ұсыныстарының бұрмаланған түсіндірмелері және дәйексіз ақпарат жарыққа шыға бастады.

Ақпаратты дұрыс жеткізу мақсатында сарапшылардың негізгі ұсыныстарының қысқаша мазмұнымен, сондай-ақ, БЖЗҚ-ның сайтындағы ілеспе материалдармен танысу ұсынылады. Материалдар БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің (ҚК) отырысында сарапшылар тобы атынан Б. Жамишев ұсынған «Қазақстанның зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығы мен лайықтылығын арттыру» атты таныстырылымын қамтиды.

Сондай-ақ, сарапшылар аталған ұсыныстарға қызығушылықтың артуына байланысты және көптеген сұрақтардың келіп түсуіне байланысты өз пікірлерімен бөлісуге дайын. Ол үшін сарапшылар коммуникацияны тиімді үйлестіру мақсатында сұрақтарды БЖЗҚ-ға жіберуді ұсынады.

Сараптамалық топтың негізгі ұсыныстары зейнетақы жүйесінің ағымдағы жай-күйін және ұзақ мерзімді актуарлық есептеулерді талдау, сондай-ақ, халықаралық тәжірибені зерделеу негізінде әзірленгенін естеріңізге саламыз. Атап айтқанда, Қазақстанның зейнетақы жүйесі алғаш рет 2023 жылы кірген Mercer CFA Institute Pension Index (MCGPI) жаһандық зейнетақы индексінің нәтижелері, сондай-ақ, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен (ISSA) бірлесіп 2023 жылғы қыркүйекте Алматы қаласында ұйымдастырылған «Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту перспективалары» атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстелде талқылау қорытындылары назарға алынды.

Дөңгелек үстелде Дүниежүзілік банк, Халықаралық еңбек ұйымы, ISSA, OECD, IOPS, FIAP, Mercer CFA, KPMG, Allianz, Amundi және т.б. өкілдерінің, сондай-ақ, бірқатар елдер өкілдерінің, соның ішінде Аустралия, Германия, Дания, Израиль, Қытай, Сауд Арабиясы, Уругвай, Чили, Швейцария елдері өкілдерінің баяндамалары ұсынылды. 

Ұсыныстардың негізгі бағыттары.

Талдау мен есептеулер негізінде сарапшылар келесідей негізгі бағыттар бойынша бірқатар жүйелі шараларды ұсынды:

- мемлекеттік зейнетақының лайықтылығы және зейнетақы төлемдеріне бюджет шығыстарының тұрақтылығы,

- зейнетақы жинақтарының лайықтылығы және жинақтаушы зейнетақы жүйесінен төлемдердің өмір бойы төленуі,

- қамтуды кеңейту, зейнетақы жарналарын төлеудің толықтығы мен жүйелілігін ынталандыру,

- зейнетақы активтерін инвестициялық басқарудың тиімділігін арттыру. 

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану мәселелері.

Ең көп талқылауды тудырған тұрғын үйге және емделуге зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану мәселесіне қатысты сарапшылардың ұсыныстарында қандай да бір тыйым салу жөніндегі ұсынымдар жоқ.

Халықаралық тәжірибеде өзінің зейнетақы жинақтарын, ең алдымен, шұғыл медициналық мақсаттарға ішінара пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл ретте мұндай мақсатқа пайдалану тұрақты сипатқа ие болмауы тиіс және қария шақта зейнетақымен қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтарын қалыптастыру сияқты негізгі міндет көлеңкеде қалып қалмауы тиіс.

Зейнетақылардың лайықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі негізгі міндетті шешу шеңберінде көлемі зейнетақы төлемдерінің көлемінен асатын жинақтарды тұрақты пайдалануды ақылға қонымды түрде шектеу керек. Қазіргі уақытта пайдалану көлемі зейнетақы төлемдерінің көлемінен асты және бұл әрі қарай жалғасуда. Мерзімінен бұрын алынатын төлемдер қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының төмен болуына және болашақта әлеуметтік стандарттарға сай келмейтін жеткіліксіз зейнетақыға себеп болмауы тиіс.

Сарапшылар азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын сақтауды ұсынады. Бұл ретте халықаралық зейнетақымен қамсыздандыру стандарттарына дейін кезең-кезеңімен көтерілетін, белгілі бір әлеуметтік стандарттан кем емес төлемдер мөлшерімен өмір бойғы лайықты зейнетақымен өзін қамтамасыз еткен адам осындай құқықты пайдалана алады. 

Ұсыныстардың кешенділігі мен өзара байланысы.

Сарапшылар енгізілген ұсыныстардың зейнетақымен қамсыздандырудың барлық құрамдауыштарын нығайтуға бағытталғанын, өзара байланысты екенін және кешенді түрде ескерілуге тиіс екенін атап көрсетеді.

Жалпы алғанда, көп деңгейлі жүйелер әлемде ең тұрақты және әділ деп танылған, сондықтан мемлекеттік зейнетақы мен жинақтаушы зейнетақыны бір біріне қарсы қою түбегейлі дұрыс емес, өйткені, бұл құрамдауыштар қарама-қайшы емес, керісінше бірін-бірі толықтырады. Көп құрамдауышты зейнетақылар тұтастай алғанда азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың тұрақтылығы мен лайықтылығын қамтамасыз етеді. 

Сарапшылар тобының өкілдері қазақстандық зейнетақы жүйесін жетілдіру мәселелерін бұдан былай да ашық талқылауға дайын.

Сұрақтар туындаған жағдайда оларды press@enpf.kz. электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.

Ақпарат сарапшыларға жіберіледі. Олар ұсыныстарды сындарлы түрде қарастыруға және жауап беруге дайын екендіктерін жеткізді.


Просмотров 4972

Тізімге оралу