"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

23.07.2024

2024 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі - 19 988,59 млрд теңге. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері[1] (бұдан әрі - ЗА) 19 838,39 млрд теңге[2] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ зейнетақы активтерінің көлемі – 98 млрд теңге.

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 52,2 млрд теңге.

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2024 жылғы 1 шілдеге МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 44,34%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,91%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4,08%, шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары – 3,73%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,89%, МҚҰ - 1,73%.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 63,41%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 36,58%.

Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 775,76 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 357,44 млрд теңге, шетел валютасын қайта бағалаудан - 148,36 млрд теңге, өзге кірістер - 1,69 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан болған шығындар - 49,79 млрд теңге.

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2024 жылғы қаңтар-маусым айларындағы жалпы кіріс оң нәтиже көрсетті.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2024 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 1,23 млрд теңге болды.  

Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 2024 жылдың басынан бастап 01 шілдедегі жағдай бойынша – 6,59%.

2024 жылғы 1 шілдедегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 94,38%, ҚРҰБ депозиттері – 5,62%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,002%.

ЖМЗЖ инвестициялық портфеліне тек ұлттық валютада көрсетілген қаржы құралдары кіреді.

2024 жылдың басынан бастап 1 шілдедегі жағдай бойынша ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кіріс - 392,22 млн теңге , ЖМЗЖ бойынша кірістілік - 1,84%.

Естеріңізге сала кетейік, орта және ұзақ мерзімді перспективада зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі қамтамасыз етіледі.

ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 52,2 млрд теңгеден асады.

01.07.2024ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 9 млрд теңге болды.

Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 33,99%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 31,64%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 7,74%, шет мемлекеттердің МБҚ – 6,82%, РЕПО – 3,46%. Атап кетейік, портфельдің 59,34% теңгемен, 40,66% АҚШ долларымен ұсынылған.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 шілдесіне есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 631,18 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі - 7,64%.

"Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.07.2024ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 4,1 млрд теңгеден асты.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 17,91%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 17,09%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 16,75%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 10,97%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 8,02%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 6,37%.

Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 69,05%, АҚШ долларымен 30,95% тең.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2024 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 259,09 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 6,44%.

"Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.07.2024ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 4,8 млрд теңге.

Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 34,43%, ҚР ҚМ МБҚ – 12,71%, ҚР ЕДБ облигациялары – 9,37%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,29%, пайлар (ETF индекстеріне) – 6,59%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,85%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 84,72%, АҚШ долларымен 15,28% инвестицияланды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 шілдесіне есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 335,23 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 7,37%.

"BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.07.2024ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 1,31 млрд теңгеден асты.

ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 26,06%, РЕПО – 19,24%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 14,43%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 11,99%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 9,59%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 7,76% инвестицияланды.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 72,04%, АҚШ долларында – 26,35%, канадалық долларда - 1,60% инвестицияланды.

Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 шілдедегі жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 101,30 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 8,28%.

"Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері - шамамен 33 млрд теңге.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 25,32%, ҚР ҚМ МБҚ – 15,62%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 13,09%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 12,07%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,77%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 67,98%, АҚШ долларында – 32,00%, еурода - 0,02% инвестицияланды.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 шілдедегі жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 1 914,96 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 6,50%.

"Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.


[1] міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған

[2] зейнетақы жарналары мен төлемдері шоттарындағы ақша есебінсіз


Просмотров 4615

Тізімге оралу