"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

17.09.2024

«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеу керектігін ескертеді

«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) Қорда міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар және жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толған адамдардың, сондай-ақ, мүгедектігі мерзімсіз уақытқа белгіленген болса, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша алуға құқығы бар екенін ескертеді.

 Естеріңізге сала кетейік, жасы бойынша зейнетақыны жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толған адамдар ала алады: ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 2024 жылы 61 жасқа толғанда.

  БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады. Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға, ал бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты төлем алу үшін Қор бөлімшелеріне, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңба бар болса, БЖЗҚ сайты арқылы уақытылы жүгіну қажет. ХҚКО-ға қажетті құжаттар тіркелген өтінішті алушы зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын бере алады. БЖЗҚ осы мерзімді қатаң сақтауға кеңес береді. Бұл мемлекеттік зейнетақыны алу үшін өте маңызды, себебі оны тағайындау үшін ұсынылған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру қажет.

 Зейнетақы өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Бұл ретте зейнетақы төлемдеріне өтінішті зейнет жасына толғанға дейін берген кезде –зейнет жасына толған күн өтініш жасалған күн болып есептеледі. Ал зейнет жасына толғаннан кейін өтініш берген жағдайда – өтініш берілген күн болып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында өтініш тіркелген күннің есептелетінін атап өту маңызды.  

 Бұдан басқа, телефон нөмірлері еgov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге (әлеуетті алушыларға) зейнет жасына толғанға дейін 2 ай қалғанда 1414 нөмірінен зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі қызметтерді алу бойынша Мемлекеттік корпорацияның жақын жердегі бөлімшесіне уақытылы жүгіну мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберілетініне назар аударамыз. Онда egov.kz сайтындағы қажетті құжаттар тізбесіне сілтеме де көрсетіледі. Яғни, мемлекеттік органдар зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін белгіленген мерзімде тиісті хабарламаларды жібереді. Өйткені, өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды.

 Сонымен қатар, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша белсенді қызмет көрсету мақсатында зейнет жасына толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және олар бойынша төлем алуға өтініш білдірмеген тұлғаларға қатысты Қор Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп, азаматтарда жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің болуы тұрғысынан жыл сайынғы салыстырып, тексеру жұмыстарын жүргізеді.

 Мерзімсіз уақытқа бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты төлем алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне не электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып Қор сайтындағы (enpf.kz) немесе ұялы қосымшасындағы жеке кабинет арқылы жүгіну қажет.

 БЖЗҚ-да мерзімсіз уақытқа белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін барып қызмет көрсету шарасының да ұйымдастырылғанына баса назар аударғымыз келеді. Бұл ретте алдын ала кеңес алу, оның ішінде қызметтерді қашықтан, барып қызмет көрсету көмегінсіз алу мүмкіндігін тексеру жүзеге асырылады.

  Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен төлемдер алуға өтініш те: enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы жеке кабинетте онлайн-форматта, сондай-ақ, Қордың кез келген бөлімшесінде БЖЗҚ-ға беріледі. Естеріңізге сала кетейік, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін 50 жастан бастап, яғни жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына дейін алуға болады. Бұдан басқа, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ЕЗЖ есебінен төлемдер мүгедек адамдарға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

 enpf.kz сайтындағы «Қызметтер - Алушыларға» бөлімінде зейнетақы төлемдеріне, оларды беру тәсіліне, ресімдеуге қойылатын талаптарға, өтініш бланкілеріне және оларды толтыру үлгілеріне, сенімхат үлгісіне байланысты қажетті құжаттардың тізбесі орналастырылған. Ал «Электрондық сервистер» бөлімінде БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі қарастырылған.


Просмотров 1304

Тізімге оралу