"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

19.09.2024

«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

1) «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы талаптарды алу үшін қандай банктерге жүгінуге болады? 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы №16 "Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақтар төлемін қалыптастыру және есепке алу, сондай-ақ, нысаналы талаптарды есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қаулысымен "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасының кәмелетке толған қатысушыларына БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында аударатын нысаналы жинақтарды (бұдан әрі - НЖ) есептеу үшін банк шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті операторлар (бұдан әрі-УО) Ұлттық пошта операторы және екінші деңгейдегі банктер бекітілді.

Осылайша, "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) және УО арасындағы өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу тәртібін белгілейтін келісімдер жасасқан Қазақстанның екінші деңгейдегі кез келген банкі бағдарламаға УО ретінде қатыса алады.

НЖ пайдалану жөніндегі уәкілетті операторлар:

тұрғын үйге - "Отбасы банкі "тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ,

білім алуға - "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ және "Қазақстан Халық банкі" АҚ. 

2) "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды төлеу кезінде доллар бағамы қалай анықталады? Қандай да бір комиссия алынады ма? 

18 жасқа толған балалардың нысаналы жинақтары Ұлттық қордан БЖЗҚ-ға АҚШ долларымен аударылады және БЖЗҚ-да АҚШ долларымен сақталады.

Кәмелетке толған бағдарламаға қатысушы өз ақшасын пайдалану туралы шешім қабылдаған кезде, ол уәкілетті операторға (УО) өтініш береді, ал БЖЗҚ оның жинақтарын кейіннен уәкілетті оператор ашқан банк шотына есептеу үшін АҚШ долларымен аударады. Әрі қарай, УО жинақтарды тұрғын үйге және/немесе білім алуға пайдалану үшін аударған кезде, ақша аударым кезінде өзекті болатын бағам бойынша АҚШ долларынан теңгеге айырбасталуы мүмкін.

Егер алушы "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім алуға ақы төлеу" мақсатын таңдаса, ақшаны айырбастау талап етілмейді. Қалған мақсаттар бойынша НЖ төлемін алушы аударым жүргізілген кездегі бағам бойынша АҚШ долларынан теңгеге айырбастайды.

Ұлттық қордан нысаналы жинақтар төлеміне жеке табыс салығы (ЖТС) салынбайды. Сонымен қатар, БЖЗҚ өз қызметтері үшін ешқандай комиссия алмайды.

3) Зейнетақы жинақтарын балама мақсаттарға кім және қалай пайдалана алады? 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі төмендегі шарттардың бірі болған кезде БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеуге пайдалануға құқық береді:  

· егер МЗЖ салымшысының жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асып кетсе;

· егер зейнетақы төлемдерін алып жүрген зейнеткерлердің зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық кірісін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын, алушының орташа айлық кірісін 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз еткен жағдайда. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнетке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын табысы ескеріледі (бұл жағдайда зейнетақы жинақтарының 50% мөлшеріне дейін пайдалануға болады);

· егер міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасса (бұл жағдайда ЖЗШ-да бар жинақты түгел пайдалануға болады);

· егер салымшы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болса. Зейнетке еңбек сіңірген жылдары бойынша шыққан зейнеткерлер тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге МЗЖ есебінен қалыптастырылған өздерінің зейнетақы жинақтарының барлық сомасын пайдалана алады (еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығы бар адамдардың толық тізбесі әлеуметтік Кодекстің 212-бабында айқындалған).

Әрбір салымшы мен алушы өз жинақтарына қалай иелік ету керектігін өзі анықтауға құқылы: оларды бүгінгі күннің мәселелерін шешу үшін жұмсаған жөн бе, әлде зейнет жасында қамсыз болу үшін қалдырған абзал ма?. Бұл, ең алдымен, жинақтары ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын салымшыларға қатысты. Ең төменгі жеткілікті шек деген ұғымның астарында ай сайынғы зейнетақыны ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес мөлшерде қамтамасыз ету үшін қажетті МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері қарастырылатынын түсіну қажет. Бұл әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, сондай-ақ, болашақ зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірістіліктің болжамды есептеулеріне сүйене отырып айқындалатын зейнетақы жинақтарының бағалау сомасы. Осылайша, ТЖШ - бұл салымшы зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін алуы үшін шотта қалуы керек ең төменгі көрсеткіш.

Болашақ зейнетақыңыздың мөлшері туралы білу үшін, зейнетақының неден тұратынын көрсететін болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана аласыз. Ол үш сценарий бойынша есептеледі: пессимистік, шынайы және оптимистік. Бұл салымшыға нақты инвестициялық кірістің болжамды деңгейін ескеретін барлық мүмкін нұсқалармен танысуға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл құрал әрбір салымшыға зейнетақының мөлшері жинақтың бір бөлігін мерзімінен бұрын алған жағдайда және мерзімінен бұрын пайдаланбаған кезде қандай болатынын есептеуге көмектеседі. "Зейнетақы калькуляторы" қызметімен "БЖЗҚ"АҚ сайтында толығырақ танысуға болады: Зейнетақы калькуляторы (enpf.kz)

 4) Зейнетақы активтерін басқаратын компанияны таңдау кезінде салымшылар неге баса назар аударғандары жөн? 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (уәкілетті мемлекеттік орган ретінде) зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат берілген барлық инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) ерекше талаптар қойды.

ИПБ-лардың инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы, салымшылардың активтерін басқаруда табысты тәжірибесі, бірнеше жылдық жұмыстарының қорытындылары бойынша оң нәтижелері, зейнетақы активтерін инвестициялау кезінде ықтимал шығындарды жабу үшін жеткілікті меншікті капиталы және т.б. болуы тиіс. Бұдан басқа, олар БЖЗҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт, сондай-ақ, БЖЗҚ және кастодиан банкпен үш жақты кастодиандық шарт жасасуға міндетті.

Қазір зейнетақы активтерін басқару үшін барлық талаптарға сай келетін ИПБ тізіліміне бес компания кіреді: "Jusan Invest" АҚ, "BCC Invest" АҚ, "Сентрас Секьюритиз" АҚ, "Halyk Finance "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ" АҚ, "Halyk Global Markets"АҚ.

ИПБ-лардың өзіндік инвестициялық стратегиялары бар және инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес анықтайды. Олар зейнетақы активтерін қандай қаржы құралдарына инвестициялау керектігін Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында (ҚРҰБ Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген) рұқсат етілген тізбе шеңберінде шешеді.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудармас бұрын БЖЗҚ сайтындағы олардың инвестициялық декларацияларын, инвестициялық портфельдерінің құрылымын, инвестициялық қызметтерінің көрсеткіштерін зерделеу ұсынылады. ИПБ-лар, олардың стратегиясы, сондай-ақ, комиссиялық сыйақысы (ол инвестициялық кірістің 7,5%-нан аспауы тиіс) туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" - "Инвестициялық портфельді басқарушылар тізбесі" бөлімінде орналастырылған. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру бойынша толық статистика "Көрсеткіштер" - "Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру" бөлімінде қолжетімді.

  5) Болашақ зейнетақымның мөлшерін қалай есептесем болады?

 БЖЗҚ салымшылары ыңғайлы құрал – зейнетақы калькуляторын пайдалана алады. Олар мұны пайдалану арқылы өздерінің болжамды болашақ зейнетақысын дербес есептеп қана қоймай, Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістерге сәйкес сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемін есептеу бойынша ақпаратты ала алады.

 Калькулятордың екі түрі ұсынылған. "Ағымдағы" -- бұл неғұрлым жеңілдетілген нұсқа, оның көмегімен зейнетке алдағы жылы шығатын адамдар міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан берілетін төлем мөлшерін есептей алады. "Болжамды" -- болашақтағы зейнетақының болжамды мөлшерін есептеп қана қоймай, оның құрамдас бөліктерін, сондай-ақ оның қалыптасуының пессимистік, шынайы және оптимистік 3 сценарийді көрсетеді. Ол салымшыға нақты инвестициялық кірістіліктің болжамды деңгейін ескеретін барлық мүмкін нұсқаларды көруге мүмкіндік береді.

Есептеу кезінде калькулятор барлық құрамдауыштарды - базалық және ортақ зейнетақыны; 10% мөлшеріндегі МЗЖ; 5% мөлшеріндегі МКЗЖ және ерікті зейнетақы жарналарын ескереді.

Болашақ зейнетақының мөлшерін болжамды калькуляторда білу үшін бірнеше қарапайым әрекеттерді орындау қажет: барлық өрістерді толтыру: туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі, бүгінгі күнге жинақ сомасын және соңғы уақыттағы орташа жалақыны енгізу. Нәтиже алу үшін - "Есептеу" батырмасын басу керек. Калькуляторды Жеке кабинет арқылы пайдаланған кезде барлық дерлік өрістер автоматты түрде толтырылады және есептеу дәлірек болады. Зейнетақы жинақтарының болжамды сомасы жеткіліктіліктің ең төменгі шегінен асып кеткен жағдайда, оларды тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге пайдалану мүмкіндігі туралы хабарлама пайда болады.      

Сондай-ақ, зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда салымшылар үшін зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін "Жинақтарды Өмірді сақтандыру компанияларына (ӨСК) аудару" функциясы көзделген. Зейнетақыны есептеу нәтижелері ағымдағы күнтізбелік жылға алдын ала жасалатынын, ал түпкілікті есеп сақтандыру ұйымына жүгінген кезде жүргізілетінін есте ұстаған жөн.

"Зейнетақы калькуляторы" қызметімен "БЖЗҚ"АҚ сайтында толығырақ танысуға болады: Зейнетақы калькуляторы (enpf.kz)

Қазақ және орыс тілдеріндегі бейнематериал мына сілтемелер бойынша қолжетімді:  

https://youtu.be/lt6g9fOo7Qs                                                                                                 https://youtu.be/fuXzZxKKPbs


Просмотров 1074

Тізімге оралу