"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

30.01.2018

Төлемдерді ай сайын жүзеге асыру тәртібі: алғашқы алдын ала қорытындылар

Зейнетақы заңнамасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін кесте бойынша жүзеге асыру тәртібіне қатысты енгізілген өзгерістер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында барлығы 38 329 алушыға қызмет көрсетілді. Олардың ішінде Қорға зейнетақы тағайындау жөнінде бірінші рет өтініш бергендердің саны 4 064 алушы мен 328 мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген 1-ші және 2-ші топтардағы мүгедектігі бар адамдарды құрады. Зейнетақы төлемдері ай сайынғы кесте бойынша штаттық тәртіпте жүзеге асырылып жатыр. 

Естеріңізге сала кетелік, ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына 2015 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан кесте бойынша зейнетақы төлемдері ай сайынғы негізде жүзеге асырылады. Егер алушы өтініш берген күні, оның жинақтарының сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді. Бүгінгі уақытта оның мөлшері - 404 940 теңге.

Естеріңізге сала кетелік, ай сайынғы төлемнің мөлшері «Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне» сәйкес зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде белгіленеді. Бұл ретте ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен болмайды. Биыл ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері: 28 284 теңге. Ал оның 54 пайызы: 15 274 теңге.

         Бұл нормалар зейнетақы жүйесінің тиімділігі мен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ұзақтығын арттыру мақсатында енгізілді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы заңнамасына енгізіліген және 2018 жылдан бастап күүшіне енген өзгерістер туралы тұрғындарға хабарлау мақсатында 2017 жылы кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2017 жылы қыркүйек айында зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру Қағидаларына өзгерістер енгізілген соң, көп ұзамай «БЖЗҚ» АҚ кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастады. 2017 жылдың 29 қыркүйегінде Қордың барлық филиалдарында «Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» тақырыбында Ашық есік күні шарасы өткізілді. Оған 4 мыңнан астам адам қатысты. Шара қорытындысы бойынша республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-порталдарда және телеарналарда 900-ден астам материалдар жарық көрді. 

Желтоқсан айының басында БЖЗҚ-ның барлық филиалдарында «Зейнетақы заңнамасында 2018 жылы күшіне енетін өзгерістер туралы» тақырыпта брифинг өткізілді. Оған 100-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты. Нәтижесінде баспасөзде 142 мақала, ал телеарналар мен радиоларда 47 сюжет жарияланды.

Сондай-ақ, зейнеткерлік жасқа толған, 2017 жылы және 2018 жылдың екінші жартысында зейнеткерлік жасқа толатын, мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген 1-ші, 2-ші топтардағы мүгедектігі бар тұлғаларды зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы тікелей хабардар ету шарасы жүзеге асырылды. Бұл ретте салымшылар мен алушылардың электрондық поштасына e-mail-хабарландыру және ұялы телефондарына SMS-хабарламалар, пуш-хабарламалар, сондай-ақ пошта байланысы арқылы хабарламалар жіберілді.

Одан басқа, 2017 жылдың 30 және 31 желтоқсаны күндері «БЖЗҚ» АҚ барлық операциялық бөлімшелері жұмыс істеді. Ондағы мақсат – БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығына 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін ие болған немесе ие болатын салымшыларға төлемдерді рәсімдеуіне мүмкіндік беру.

Айта кету керек, 2017 жылдың 30 және 31 желтоқсанында зейнеткерлік жасқа жеткен 352 алушының 271-і (немесе 77 пайызы) осы мүмкіндікті пайдаланды. Осы күндері барлығы 431 алушы зейнетақы тағайындау жөнінде өтініш берген.   

Зейнетақы төлемдерін 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін рәсімдеген зейнеткерлер зейнетақы төлемдерінің мерзімділігін (ай сайын, үш ай сайын, жыл сайын) сақтауға және өзгертуге құқылы. Ағымдағы жылдың басынан бері зейнетақы төлемдерін алып жүрген 30 зейнеткер жыл сайынғы алу кестесін ай сайынғы алу кестесіне ауыстыру туралы өтініш берсе, 29 069 зейнеткер зейнетақы төлемдерінің кезеңділігін өзгертпей («жыл сайын» алу кестесін қалдыра отырып) төлену күнін өзгерту (мысалы қазан-желтоқсан айларында алатын болса, қаңтар айында алуға ауыстыру) жөнінде өтініш берген.

Осылайша, Қордың дер кезінде жүргізген кешенді шараларының, сондай-ақ алушыларға 2017 жылы (30 және 31 желтоқсан күндерін қоса алғанда) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға мүмкіндік бергендігінің арқасында 2018 жылы қаңтар айында өтініш жасаған тұлғаларға штаттық тәртіпте қызмет көрсетілді.

Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібіне қатысты тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары одан әрі жалғасатын болады.


Просмотров 5554

Тізімге оралу