"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

07.08.2018

2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша негізгі көрсеткіштерге шолу

2018 жылдың 1 шілдесіне қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 8,4 триллион теңгені құрап, жыл басынан бері 663,6 млрд теңгеге немесе 9 пайызға өсті. 

2018 жылдың алғашқы жартысында салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 356,4 млрд теңге болды. Жыл басынан бері табыстылық 4,5 пайызға жетті. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 2,6 пайыз болды. Ал жылдық тұрғыда алып қарайтын болсақ, Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 1 шілдесі аралығында 9,5 пайызды құрап отыр. Ал бұл кезеңдегі инфляция деңгейі 5,9 пайыз болды. 

Ағымдағы жылдың алғашқы алты айы ішінде зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 407,5 млрд теңгеге (кері қайтарылған жарналарды есепке алмағанда) жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (366,4 млрд теңге болған) 11 пайызға жоғары. Бұл ретте түсімдердің негізгі үлесі міндетті зейнетақы жарналарына тиесілі.

Жалпы, 2018 жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша 5,6 миллионнан астам адам Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын аударды. Ал олардың 70 пайызы (шамамен 4,1 млн адам) зейнетақы жарналарын жылына кемінде алты рет аударады. Бұл ретте олардың төлеген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы 407,4 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылы 5,9 миллионнан астам салымшы БЖЗҚ-ға жалпы сомасы 756,1 млрд теңгеге міндетті зейнетақы жарналарын аударды. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 8 пайызға жоғары.

Қор экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту және зейнетақы жарналары бірнеше жыл бойы түспеген шоттарды белсенді ету мақсатында оларды өңдеу жұмыстарын қолға алды.

Салымшылардың дерекқорында 2015-2017 жылдар аралығында ашылған, бірақ содан бері бірде-бір рет жарна түспеген немесе тұрақты түсіп тұрмаған шоттар анықталды. 2018 жылдың ақпан-маусым айлары аралығында 218,4 мыңнан астам салымшымен байланыс орнатылды. Солардың 13 пайызы, яғни 29 мыңға жуық адам қосымша ақыл-кеңес алу үшін Қорға хабарласты. Ал 50,65 мың шотқа жарналар аударылды.  Экономикалық тұрғыдан белсенді азаматтардың барлығын жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту мақсатында бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.

2018 жылдың алғашқы жартысында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 100,9 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 8,8 млрд теңге болды. Кесте бойынша төлемдер 63,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде: жыл сайын – 61,9 млрд теңге, үш ай сайын – 11,9 млн теңге және ай сайын – 1,5 млрд теңге төленді. Бұдан басқа, БЖЗҚ жалпы сомасы 28,6 млрд теңгеге бір жолғы төлемдерді жүзеге асырды. Оның ішінде зейнеткерлік жасқа толуға байланысты берілген бір жолғы төлемдер сомасы – 1,6 млрд теңгені құрады. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде БЖЗҚ-дан 121,2 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына 14,7 млрд теңге төленді. Жалпы төлемдер көлемінің азаюы төлемдерді ай сайын жүзеге асыру тәртібін енгізуге байланысты орын алып отыр. Бұл өз кезегінде төлемдерді алу уақытын ұзартуға және алушылардың жиынтық зейнетақысының көлемін арттыруға септігін тигізеді. Сақтандыру ұйымдарына жасалатын аударымдар көлемінің азаюына бірнеше себеп бар. Атап айтар болсақ, олар: сақтандыру аннуитеті шартын жасасу үшін лайықты болатын соманың өсуі, зейнетақы жинақтарының сақталуына қатысты мемлекеттік кепілдіктен айырылу, сақтандыру компанияларының ұсынатын шарттарының өзгеруі және басқа да себептер.


Просмотров 3797

Тізімге оралу