"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

12.10.2018

Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың зейнетақы жарналарына қатысты мәлімдеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 624 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне, оның ішінде «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ол 2018 жылдың 11 қазанынан бастап күшіне енді.

Еске саламыз, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2018 жылғы 2 шілдедегі № 165-VІ Заңы) енгізілген өзгерістерге сәйкес азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар өз пайдасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) алатын табысының 10 пайызы мөлшерінде (бірақ ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 75 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес), міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуге міндетті.

Заң ережесін орындау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жарналарын аудару қағидаларына[1] тиісті өзгерістер енгізді. Өйткені аталмыш министрлік МЗЖ аудару тәртібі мен мерзімін әзірлеуге қатысты уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Өзгерістер зейнетақы жарналарын аудару ережесінің мына тұстарына енгізілді:

1) МЗЖ есептеу нысанына жеке тұлғалардың заты жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) болып табылатын, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша алған табыстарын қосу;  

2) азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын, екінші деңгейдегі банктерде немесе жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – ЕДБ, банктер) шоты жоқ жеке тұлғалар МЗЖ-ны банкке қолма-қол ақшамен аударады, сондай-ақ мұндай тұлғалардың МЗЖ-ны Мемлекеттік корпорацияға аудару мерзімі табыс алынған айдан кейінгі айдың 25-не дейін белгіленген;

3) нақтылаушы сипатқа ие түзетулер, соларға сәйкес мүліктік табыстардан МЗЖ ұсталмайды.

Осылайша, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар МЗЖ-ны банкке мына тәртіппен аударады:

азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін, қызмет көрсететін жеке тұлғалар табыс алған соң, МЗЖ-ны өз бетімен Қорға ЕДБ немесе «Қазпошта» АҚ арқылы сол табыс алған айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей төлейді;

екінші деңгейдегі банктерде шоты жоқ жеке тұлғалар МЗЖ-ны кейіннен Мемлекеттік корпорацияға аудару үшін МЗЖ-ны банкке немесе «Қазпошта» АҚ қолма-қол ақшамен өткізеді;

банктер немесе «Қазпошта» АҚ ТМК (төлем мақсатының коды) 010 кодын қолдана отырып, Мемлекеттік корпорацияға төлем тапсырмасын әзірлейді.

Одан әрі, салымшылардың МЗЖ сомасы Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен БЖЗҚ-ға аударылады.

Қандай да бір кезеңде табыс болмаған жағдайда бұл тұлғалар БЖЗҚ-ға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жоқ болған жағдайда, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою арқылы міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. Өтініш үлгілері БЖЗҚ ресми сайтында орналастырылған. Жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті жеке басты куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен enpf.kz сайты арқылы беруге болады.


[1] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 Қаулысымен бекітілген «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері».


Просмотров 5157

Тізімге оралу