16.05.2016
«Зейнеткер - әскери қызметшілер» тұлғалар санаты бойынша міндетті зейнетақы жарналарының 50 пайызын қайтару шаралары өтті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 08 желтоқсандағы № 974 қаулысымен бекітілген әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларының 8-тармағына сәйкес «БЖЗҚ» АҚ мен «ЗТМО» РМҚК Жоспар-кесте әзірлейді және оған қол қояды. Жоспар кестені Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және тиісті Уәкілетті мемлекеттік органдар келісіледі.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 08 желтоқсандағы № 974 қаулысымен бекітілген әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларының 8-тармағына сәйкес «БЖЗҚ» АҚ мен «ЗТМО» РМҚК Жоспар-кесте әзірлейді және оған қол қояды. Жоспар кестені Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және тиісті Уәкілетті мемлекеттік органдар келісіледі.
Жоспар-кестеге сәйкес 2016 жылғы 18 ақпан - 2016 жылғы 2 наурыз аралығында
«зейнеткер - әскери қызметшілер» тұлғалар санаты бойынша міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару шаралары өткізіліп, растау-анықтамалар уәкілетті мемлекеттік органдарға берілді.
Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын жеке зейнетақы шотынан есептен шығару туралы растау-анықтама алғаннан кейін жүзеге асырылады.
Зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар анықтама алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның филиалдарына зейнетақы ісінен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мөлшерінің өзгергені туралы үзнді-көшірмені Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындау туралы қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес 1-ВС нысаны бойынша береді.
29.04.2016
Нұр Отанда зейнетақы жүйесінің ағымдағы жағдайы мен болашағы талқыланды
«Нұр Отан» қоғамдық саяси партиясының институтында «Зерде» экономикалық клубының мәжілісі өтті, онда Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің ағымдағы жай-күйі, проблемалары мен болашағы жөнінде тақырып қозғалды.
26.04.2016
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау туралы есеп ұсынды
«БЖЗҚ» АҚ ресми сайтына 2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы активтері есебінен құралған инвестициялық қоржын құрылымы орналастырылды (http://www.enpf.kz/12179).
25.04.2016
Алматы облыстық филиалының қызметкерлері Талдықорған қаласының орталық саябағында сенбілік ұйымдастырды
Алматы облыстық филиалының қызметкерлері Талдықорған қаласының орталық саябағында сенбілік ұйымдастырды. Сенбілікке Қордан 40-қа жуық қызметкер қатысты. Қала әкімшілігі қоқыс шығару үшін көлік бөліп беріп, саябақты, ондағы арықтар мен сәкілерді тазалау үшін қажетті құрал-саймандар берді.
19.04.2016
БЖЗҚ ұялы қосымшасы смартфонға арналған пайдалы қосымшалардың ТОП-20 қатарына кірді
БЖЗҚ ұялы қосымшасы Voxpopuli.kz фоторепортаждар сайты жүргізген рейтингіге сай смартфонға арналған пайдалы қосымшалардың ТОП-20 қатарына кірді. Google аудармашы, 2ГИС, FoodPanda, Shazam және басқалар сияқты қосымшалармен қатар БЖЗҚ қосымшасы заманауи адамның өмірі мен жұмысын жеңілдететін ұялы жаңалықтардың біріне айналды.
15.04.2016
15 сәуірден бастап Алматы және Есік қалаларындағы қызмет көрсету орталықтары жаңа мекенжайда қызмет көрсететін болады
Құрметті «БЖЗҚ» АҚ салымшылары (алушылары)!
2016 жылғы 15 сәуірден бастап Есік қаласындағы қызмет көрсету орталығы мен Алматы қаласындағы №4 дербес қызмет көрсету орталығы жаңа мекенжайға қоныс аударды:
08.04.2016
Алматыда «БЖЗҚ» АҚ филиалдары директорларының қатысуымен семинар-жиналыс өтті
«БЖЗҚ» АҚ орталық аппаратында Қор филиалдарының қатысуымен жыл сайынғы семинар-жиналыс өтіп, филиалдық желі жұмысы бойынша ағымдағы мәселелер мен ұзақ мерзімді филиалдардың даму жоспары талқыланды.
30.03.2016
БЖЗҚ электрондық қызмет көрсету ауқымын барынша кеңейту үстінде.
Салымшылардың БЖЗҚ-ға өтініш жасау барысын барынша жеңілдету үшін жаңа электрондық қызмет көрсету қолға алынды. Биыл БЖЗҚ-да пайдалы қызметтер көрсететін жаңа enpf24.kz сайты ашылды, ондағы Қордың салымшыларына/алушыларына «Электрондық қызмет көрсетуді» ерекше атап көрсетуге болады.
28.03.2016
БЖЗҚ-ның ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен міндетті медициналық сақтандыру жобасы бойынша жұмыс барысындағы кездесуі
Алматы қаласында 24-25 наурызда БЖЗҚ-ның орталық кеңсесінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдерімен зейнетақымен қамсыздандыру саласында ақпараттық технологияларды ендіру мен дамыту бойынша тәжірибе алмасу үшін жұмыс барысындағы кездесу өтті.
28.03.2016
2016 1 наурыздағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері
01.03.2016ж. жағдай бойынша зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша шарттардың жалпы саны 10,1 млн., оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны шамамен 9,7 млн болды.
18.03.2016
БЖЗҚ «Наурыз Аруы» фотоконкурс жеңімпаздарын құттықтады!
БЖЗҚ ырыс пен берекенің арқауы болған Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамын атап өту барысында Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы Орталық аппарат пен филиалдардың жас мамандары арасында «Наурыз аруы» шығармашылық фотоконкурсын өткізді.
05.03.2016
Алматы қ. филиалының Ұйғыр ауданы Шонжы ауылындағы қызмет көрсету орталығы көшірілді.
Құрметті салымшылар!
Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 01.03.2016 жылдан бастап Алматы обл., Шонжы а., Уйғыр ауданы, Ахмет Қадыров к-сі, 37А көшесіндегі Шонжы ауылындағы қызмет көрсету орталығының Алматы обл., Шонжы а., Ұйғыр ауд., Құдайбергенов к-сі, 60-үйдегі Мемлекеттік табыс басқармасының үй-жайына көшірілгені туралы хабарлаймыз.
03.03.2016
CFO саммиті: дәулетті кәрілікке қалай қор жинаймыз?
2016 жылғы 3 наурызда Алматыда қаржы блогының басшылары мен топ-менеджерлеріне арналған жыл сайынғы CFO Idea Exchange & Networking Event саммиті өтті, онда ҚР қаржы саласын дамыту болашағы, соңғы өзгерістер, ұстанымдар мен жаңалықтар, сондай-ақ еліміздің экономикасының өзекті мәселелері талқыланды.
24.02.2016
БЖЗҚ Басқарма Төрағасының Қазақ Радиосындағы эксклюзивті сұқбаты
24.02.2016
2016 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-ның ағымдағы көрсеткіштері
2016 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 9 688 311 бірлікке жетті, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 392 903 бірлік, ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 39 912 бірлік болды.
24.02.2016
Кар-Тел ЖШС жабдықтарына жоспарлы жұмыс жүргізу
Құрметті салымшылар!
Сіздерге Кар-Тел ЖШС жабдықтарына жоспарлы жұмыс жүргізуге байланысты 25.02.2016 жылы сағ. 00:30 бастап 25.02.2016 жылғы 08:00-ге дейін қысқа смс нөмірлеріне қызмет көрсету көрсетілген уақыт аралығында толық тоқтатылатыны туралы хабарлаймыз.
23.02.2016
«БЖЗҚ» АҚ міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару шараларының 2016 жылғы 18 ақпанда басталып, 2016 жылғы 10 тамызда аяқталатыны туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен тиісті уәкілетті мелмекеттік органдар келіскен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №974 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілердің
19.02.2016
БЖЗҚ-да журналистермен кездесу өтті
2016 жылғы 19 ақпанда «БЖЗҚ» АҚ Орталық аппаратында ҚОР басшылығымен БАҚ өкілдерінің кездесуі өтті, онда Қор қызметінің негізгі көрсеткіштері ұсынылды.
17.02.2016
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлғалар туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтік негіздерін анықтайды, азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты конституциялық құқығын іске асыруға мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қатысуын реттейді.
17.02.2016
Назар Аударыңыз! Жалған ақпарат!
БЖЗҚ WhatsApp арқылы таратылған 2016 жылғы 1 наурызға дейін белгілі бір жастағы азаматтарға Қордан жасалатын біржолғы сақтандыру төлемдері туралы хабарлама шындыққа жанаспайтынын және азаматтарды адастыратынын хабарлайды.