"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

26.05.2022

Жыл басынан бері қазақстандықтар БЖЗҚ-ға 523 миллиард теңгеден астам қаржы аударды

1 мамырдағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері

 

2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,0 трлн теңгедей зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.05.2021ж. мен 01.05.2022ж. аралығындағы бір жыл ішінде бұл қаражат 356,9 млрд теңгеге немесе 2,8% ұлғайды. Жинақтар өсімі жарналар мен инвестициялық табыс түріндегі кіріс ағындарын, сондай-ақ, зейнетақы төлемдері түріндегі шығыс ағындарын, оның ішінде тұрғын үй мен емделуге арналған біржолғы төлемдерді ескере отырып есептелді.

Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 12,6 трлн теңгені (соңғы 12 айда өсім 2,4%) құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары 377,4 млрд теңге (өсім 18,2%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі шамамен 1,8 млрд теңге.

Айта кетерлік жәйт, кіріс ағындары, атап айтқанда, жарналар биыл көбейді. 2022 жылдың төрт айында салымшылардың шоттарына шамамен 523,5 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27% немесе 110,7 млрд теңгеге асып түсті. Өсім жарналардың барлық түрі бойынша болғанын атап өту керек. Жарналардың жалпы көлемінің 95,1% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды – 497,7 млрд теңге (соңғы 12 айдағы өсім 26%), МКЗЖ бойынша 25,4 млрд теңге (өсім 37%) түсті, ЕЗЖ бойынша 400 млн теңге (өсім 85%) аударылды.

Салымшылардың жарналарынан басқа, зейнетақы жинақтарының өсімі таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді. 2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 мамыры аралығында бұл көрсеткіш 128,7 млрд теңге болды.

2022 жылдың 1 мамырына қарай, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,7 млн бірлікке жетті. Шоттардың ең көп үлесі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылды – 10 870 075 бірлік. Одан әрі МКЗЖ-нан қалыптасқан шоттар бір жылда 8,4% ұлғайып, 565 802 бірлікке жетті, ал БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны 60% көбейіп, 69 188 бірлік болды.

Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 921,4 млрд теңге төледі, оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрайды – 831,7 млрд теңге. Жасына байланысты төлемдер – 37,0 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 23,4 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 16,9 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 9,7 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер – 1,9 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 0,8 млрд теңге.

Атап кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем (зейнет жасына толуына байланысты) 29 360 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 707 326 теңге болды.


Просмотров 4232

Тізімге оралу