"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

14.03.2023

Доллар бағамының зейнетақы жинақтарына әсері немесе барлық жинақты бір ғана валютаға инвестициялауға неліктен болмайды?

БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының зейнетақы жинақтары жеке зейнетақы шотына (ЖЗШ) түсетін жарналардан және оларға есептелетін инвестициялық кірістен тұрады.

Осылайша, инвестициялық кіріс ЖЗШ-ға түскен сәттен бастап зейнет жасына толғанда, шетелге қоныс аударған кезде немесе мұрагерлік бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде алуға болатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігіне айналады.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын зейнетақы активтерін басқарушылар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) экономиканың түрлі салаларындағы отандық және шетелдегі әртүрлі қаржы құралдарына жергілікті және шетел валюталарында инвестициялық кіріс алу мақсатында орналастырады.

Инвестициялық кіріс бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақыдан, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау түріндегі, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т.б. тұрады. Бұл құралдардың нарықтық құнының өзгеруі, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы инвестициялық кіріс мөлшеріне әсер етеді.

Мұндай жағдайды биылғы жылы байқауға болады. Салымшылар үзінді көшірмелерден өз жинақтарының инвестициялық құрамдас бөлігінің өзгергенін көре алады.

Теңгенің долларға қатысты ұзақ мерзімді нығаюы нәтижесінде теріс бағамдық айырма туындағанын атап өткен жөн. Ағымдағы жылдың басынан бастап доллардың теңгеге қатысты бағамының жоспарлы төмендеуі байқалуда. Ол 01.01.2023 ж. 462,65 теңгені, 01.02.2023 ж. – 460,51 теңгені және 06.03.2023 ж. жағдай бойынша (Қордың ҚҚ ЗА портфелін соңғы рет қайта бағалау күні) - 431,08 теңгені (соңғы 12 айдағы ең төменгі мән) құрады. Осылайша, ақпан айында теңгенің шамамен 3,2%, ал наурыздың бірінші онкүндігінде тағы 2% нығаюы орын алды.

Осылайша, инвестициялық кірістің қысқа мерзімді өзгерістері, негізінен, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі валюталық үлесті қайта бағалау салдарынан теріс бағамдық айырманың туындауына байланысты. Ол 01.03.2023 ж. "БЖЗҚ" АҚ зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің шамамен 30% құрап, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруімен сипатталады.

Теңгенің қысқа мерзімді перспективадағы динамикасы әртүрлі сыртқы және ішкі факторларға тәуелді. Геосаяси жағдай теңге бағамына тікелей әсер етеді. Өйткені, жаһандық оқиғалар айырбас бағамдарына өз ықпалын тигізбей қоймайды.

Алайда, инвестициялық портфельді әртараптандыру (өнімнің түрлерін кеңейту және өткізу нарықтарын қайта бағдарлау), егер бір құрал бойынша кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жапса, зейнетақы жинақтарының сақталуы мен орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Инвестициялық қызметтің нәтижелері бойынша портфельді басқарушылардың жыл басынан бері тапқан табысы 1 наурыздағы жағдай бойынша 210,5 млрд теңгеге жетті.

Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді инвестициялар екенін және инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдау кем дегенде бір жыл ішінде жасалғаны жөн болатынын еске саламыз. Қысқа мерзімді кезеңдердің нәтижелері индикативті емес, өйткені, олар нарықтық жағдайдың тұрақты өзгеруіне байланысты.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған жылдан (1998 жыл) бастап 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша инвестициялық кірістілік бүкіл кезеңдегі инфляция 695,96% болғанда, өспелі қорытындымен 740,12% көрсетті.

Осылайша, ұзақ мерзімді перспективада жинақталған инвестициялық кіріс инфляциядан едәуір асып түседі.

Инвестициялық басқару және зейнетақы активтерін есепке алу жүйесі ашық: өз инвестициялық табысыңызды enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте немесе ұялы қосымшада 24/7 режимінде көруге мүмкіндік бар. Айта кетейік, зейнетақы активтерін қайта бағалау апта сайын және әр айдың соңғы күнінде жүргізіледі.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) "Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет" бөлімінде жарияланады.


Просмотров 2399

Тізімге оралу