"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

30.05.2023

«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

1. Әкем қайтыс болғаннан кейін мен жалғыз мұрагер ретінде оның зейнетақы жинақтарына үміткермін. БЖЗҚ-ға оның шотындағы сома туралы сұрау салуым керек пе, әлде нотариусқа жүгінуім керек пе?

"БЖЗҚ" АҚ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңына сәйкес, салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, оның зейнетақы шотының бар екендігі,ондағы қаражаттың қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтаманы заң бойынша мұрагерлікке құқық туралы куәлікке сәйкес немесе өсиетте көрсетілген мұрагерлерге жазбаша сұраныс бергенде, не соттарға олардың өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша ұйғарым негізінде, сондай-ақ, нотариустар мен шетелдік консулдық мекемелерге олардың өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша бере алады.

Өзара іс-қимылды оңтайландыру және уақытты үнемдеу, сондай-ақ, "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесінің көмегімен артық қағаз құжат айналымын болдырмау үшін нотариустардың өздері БЖЗҚ-ға қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының бар-жоқтығы, ондағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы жазбаша сұраныс жібермей-ақ, онлайн режимінде сұрау сала алады.

Сәйкесінше, нотариусқа барып, әкеңіздің зейнетақы жинақтары түріндегі мұрасын ресімдеу кезінде сізге әкеңіздің зейнетақы шотындағы қаржы сомасы туралы БЖЗҚ-ға сұраныс жасау қажеттілігі жоқ.

 

2. Егер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы шоттарына аударымдар жасалмаса, олар жабылып қалады деп оқыған едім. Мен қазір қысқартуға ұшырап, жұмыссызбын. Бұл менің шотым жабылады дегенді білдіре ме? Ол жағдайда менің жинақтарым қайда кетеді?

Жоқ, шотыңыз жабылмайды. Себебі, біз дұрыс түсінген болсақ, сіздің жеке зейнетақы шотыңызда (ЖЗШ) еңбек етіп жүрген кезіңізде аударылған зейнетақы жинағы бар екен.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 27 қаулысымен бекітілген Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының есебін жүргізу қағидаларына сәйкес, салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ зейнетақы жинағы болмаған жағдайда, бір ай өткен соң жабылады.

Әзірге сіздің ЖЗШ-ңызға жарна аударылмағанымен, онда қандай да бір сома бар, сондықтан жеке зейнетақы шотыңыз жабылмайды. Оның үстіне, оған инвестициялық кіріс есептеліп отырады.

Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинағының талап етілмеген сомасын алушы не оның мұрагерлері талап еткенге дейін БЖЗҚ есептен шығармайды.  

Болашақта жұмысқа орналасатын болсаңыз, сіздің зейнетақы аударымдарыңыз ағымдағы жеке зейнетақы шотыңызға түсуін одан әрі жалғастырады.

 

3. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен БЖЗҚ-ға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі. Бұл қалай жүргізіледі және дамыған елдерде мұндай тәжірибе бар ма?

Дамыған елдерде (Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия) кең таралған ұжымдық (корпоративтік) зейнетақы жоспарлары аясында қызметкер мен жұмыс беруші қызметкердің зейнетақы шотына бірлескен жарналарды аударады, яғни жұмыс беруші өз қызметкерлерінің зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігін бөліседі.

Жұмыс берушінің тарапынан қызметкердің пайдасына аударылатын жарна меншікті қаражаты есебінен қаржыландырылады. Жұмыс берушілер бұл мүмкіндікті жұмысшылардың адалдығын арттыру, негізгі кадрларды тарту және ұстап қалу құралы ретінде және жұмысшылардың зейнетке шыққаннан кейінгі зейнетақы табысының жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланады. Қазақстандағы жаңа зейнетақы жүйесінің қатысушылары болып жұмыс берушілер пайдасына жұмыскерлердің ай сайынғы кірістерінен есептелген және жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен БЖЗҚ-дағы дербестендірілген шартты зейнетақы шоттарына (бұдан әрі – ШЗШ) жұмыс беруші міндетті зейнетақы жарналарын аударып отыратын жұмыскерлер есептелетін болады.

БЖЗҚ-да ЖМЗЖ есепке алынатын ШЗШ ашу ЖМЗЖ аудару кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы агент БЖЗҚ-ға ұсынатын жеке тұлғалардың тізімі негізінде жүзеге асырылатын болады. Әрбір жүйеге қатысушы үшін ШЗШ ашу жеке тұлғалардың тізімдерін қабылдаған күні, жеке тұлғаның пайдасына алғашқы жарна немесе өсімпұл түскен кезде ШЗШ бірегей нөмірін бере отырып, автоматты режимде көзделеді.

Сонымен қатар, ЖМЗЖ-ны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 1,5 пайыз мөлшерінде, 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 5 пайызға жеткенге дейін жыл сайын 1 пайызға ұлғайта отырып, кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда.

ЖМЗЖ-ны кезең-кезеңімен енгізу жұмыс берушіге жүктемені жұмсартуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, ЖМЗЖ 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туған жұмысшылар үшін ғана жүзеге асырылатын болады.

ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алуға зейнет жасына толған адамдар, сондай-ақ, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, ЖМЗЖ жүйесіне қатысу өтілі кемінде 5 жыл (60 ай) болғанда құқылы болады.

ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлемінің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады, ағымдағы ай үшін төленеді және қайтыс болған айға немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен айға дейін жүзеге асырылады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінен айырмашылығы – шартты-жинақтаушы құрамдауыштағы ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мұрагерлікке жатпайды (өйткені, олар қызметкер мен жұмыс берушінің меншігі болып табылмайды). Тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) БЖЗҚ-дан емделуге ақы төлеу үшін БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде алуға да болмайды, ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына да аударылмайды, сондай-ақ, оларға зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік қолданылмайды.

Үкімет ЖМЗЖ енгізумен қатар әлеуметтік төлемдер мен салықтық жеңілдіктерді төмендету есебінен жұмыс берушінің еңбекақы төлеу қорына жүктемені азайту мүмкіндігін қарастыруда. Жалпы ЖМЗЖ енгізіле отырып, азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру бойынша жауапкершілік мемлекет, қызметкер және жұмыс беруші арасында бөлінетін болады.

 

4. Телефон нөмірімді ауыстырайын деп ем, бірақ ұялы қосымшаға кіре алмадым?

Егер көрсетілген нөміріңізді өзгертсеңіз, онда жеке деректерді өзгерту және жаңарту үшін сіз төмендегі екі әдістің бірін пайдалана аласыз:

1) enpf.kz сайтындағы "Электрондық сервистер" бөлімі "Деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу" бөлімшесін таңдап, электрондық-цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен параққа кіріңіз;

2) БЖЗҚ және "Қазпошта"АҚ бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.

Сайтта өзіңіздің деректемелеріңізге өзгерістер мен толықтырулар енгізіп қана қоймай, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама, ЖЗШ-дан үзінді көшірме ала аласыз, өзіңізді қызықтыратын сұрақпен де өтініш жолдай аласыз. "Мобильді кеңсенің" шығуына, кері қоңырауға тапсырыс беріп, "Зейнетақы калькуляторының" көмегімен болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептей аласыз. Сондай-ақ, ол арқылы шоттың жай-күйін бақылап, зейнетақы жүйесіндегі барлық өзгерістер туралы білуге, БЖЗҚ-ның жақын жердегі кеңсесінің орналасқан жерін көруге, тіпті байланыс орталығына қоңырау шалуға да болады.

Сонымен бірге БЖЗҚ-ның әрбір салымшысы сайт және ұялы қосымшаның көмегімен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйді жақсартуға немесе емделуге пайдалану құқығын іске асыру үшін немесе инвестициялық портфельді басқаратын компанияларға аудару үшін ЖЗШ-да жеткілікті қаражатының бар-жоғын біле алады.

 

5. Мен БЖТ-ны ағымдағы айда өткен айлар үшін төлей аламын ба және оны қалай істеуге болады?  

Бірыңғай жиынтық төлемнің (БЖТ) өз-өзін жұмыспен қамтыған азаматтар үшін салық режимі ретінде қолданысы Салық кодексінде тек 5 жылдық кезеңге – 2019 жылдан 2023 жылға дейін көзделгенін бірден еске салғымыз келеді, яғни ол ағымдағы жылдың соңына дейін ғана әрекет етеді.

БЖТ жалпы сомамен төленуі тиіс. БЖТ қолма-қол ақшамен не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар арқылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының банктік шотына "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" ҚР Заңының талаптарын ескере отырып, қолма-қол ақшасыз тәсілімен енгізу арқылы да жүргізіледі.

БЖТ төлеуді азаматтар өз бетінше немесе олардың пайдасына үшінші тұлға БЖТ төленетін күнтізбелік жылдың айын "ААЖЖЖЖ" форматында көрсете отырып, жүзеге асырады.

Бұл ретте БЖТ күнтізбелік жылдың ағымдағы және кейінгі айлары үшін төленуі мүмкін.

БЖТ мөлшері:

· 1 АЕК – Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін (2023 жылы 3 450,00 теңге);

· 0,5 АЕК – басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін (2023 жылы 1 725,00 теңге).

БЖТ төлемнің төрт міндетті түрін біріктіреді:

· БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары (БЖТ жалпы сомасының 30%);

· жеке табыс салығы (БЖТ жалпы сомасының 10%);

· Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар (БЖТ жалпы сомасының 20%);

· Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар (БЖТ жалпы сомасының 40%).


Просмотров 2612

Тізімге оралу