"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

08.10.2024

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды пайдаланудың 2024 жылдың 9 айындағы нәтижесі

«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында "БЖЗҚ" АҚ жыл басынан бері 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жалпы сомасы шамамен 2,8 млн АҚШ доллары болатын 27 547 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 1,5 млн жуық АҚШ долларына 15 003 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 1,3 млн жуық АҚШ долларына 12 544 өтініш орындалды. Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған қалдық сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.

Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарына салымды толықтыруға (шамамен 1,5 млн АҚШ долларына 14 512 өтініш орындалды), азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу) – 16,6 мыңнан астам АҚШ долларына 166 өтініш, тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізуге -13,7 мың АҚШ долларына 136 өтініш.

Білім алу ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (1 млн астам АҚШ долларына 10 171 өтініш орындалды), білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыру (173,2 мыңнан астам АҚШ долларына 1 725 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) бір рет біржолғы ақы төлеу (шамамен 55,7 мың АҚШ долларына 555 өтініш орындалды) жүзеге асты. Бұл деректер нысаналы жинақтарды білім алу ақысын төлеуге пайдаланудың жаздың басына қарағанда соңғы екі айда шамамен 2-3 есеге өскені байқатады. Бұл жаңа оқу жылының басталуына және жас түлектердің оқу орындарына түсуіне байланысты болуы ықтимал.

Сонымен қатар, уәкілетті операторлардан бағдарламаға қатысушылардың БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына қаражаттың қайтарылуы да орын алды. 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға тұрғын үйге берілген 1 993 өтінішке сай 198,5 мың АҚШ долларынан астам және білім алу ақысын төлеуге берілген 2 046 өтінішке сәйкес шамамен 200,4 мың АҚШ доллары қайтарылды. Қайтарулар негізінен уәкілетті операторларға 45 жұмыс күні ішінде қажетті құжаттар берілмегендіктен орын алған. Бағдарламаға қатысушылар 10 жыл ішінде нысаналы жинақтарды алуға қайтадан өтініш бере алады, бұл мерзім өткеннен кейін қаражат ерікті зейнетақы шоттарына аударылады.

     Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында беру туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50% мөлшері жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында теңдей бөлінеді. 2024 жылғы ақпанда БЖЗҚ-да 2023 жылдың қорытындысы бойынша барлық балаларға алғашқы нысаналы талаптар есептеліп, 2024 жылы 18 жасқа толған азаматтардың нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) нысаналы жинақтар (НЖ) есептелді және төлемдер жүзеге асырыла бастады. Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны - 6 919 131 бала (қоса алғанда, 01.01.2006ж. бастап 31.12.2023ж. дейін туған балалар). Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады немесе толды (қоса алғанда, 01.01.2006ж. бастап 31.12.2006ж. дейін туған балалар).

Бағдарламаның шарттарымен танысып, нұсқаулықтар мен өзіңізді қызықтыратын сұрақтарға жауаптарды kids.enpf.kz сайтынан немесе БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан алуға болады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейінгі және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейненұсқаулық БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасында төмендегі сілтеме бойынша орналастырылғанын ескертеміз: https://www.youtube.com/watch?v=HHQNAxfskX8.


Просмотров 4225

Тізімге оралу