"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

27.12.2016

ҚР Ұлттық Банкінің өкілдері журналистерге БЖЗҚ зейнетақы қаражатын инвестициялаудың өзекті мәселелерін түсіндірді

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-тың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару тақырыбына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өтті.

ҚРҰБ Бағалы қағаздар нарығы департаменті директорының орынбасары Елена Никифорова және ҚРҰБ Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Нұржан Тұрсынханов таныстырылым жасады, олар сондай-ақ журналистердің БЖЗҚ зейнетақы активтерінің жай-күйі, оларды инвестициялауға арналған негізгі тәсілдер, сондай-ақ ағымдағы жылы инвестициялық қызметтің нәтижелері туралы сұрақтарына жауап берді.

Ұлттық Банк өкілдері брифинг барысында 2016 жылғы 11 айда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ салымшыларының (алушыларының) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің кірістілігі 8,15%, ал осы кезеңдегі инфляция деңгейі 7,5% мөлшерінде қалыптасқанын түсіндірді. «ҚР Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін басқара отырып, зейнетақы активтерінің сақталуын, сол сияқты зейнетақы активтері бойынша кірістілікті инфляция деңгейінен жоғары жеткізуді мақсаты ретінде қояды», - деп атап өтті Н. Тұрсынханов.

Ұлттық Банк өкілдері журналистерге зейнетақы активтерін басқаруға қатысты Ұлттық Банктің саясатын түсіндіріп берді және дербес заңды тұлға ретінде БЖЗҚ-ның меншікті қаражатын орналастыру туралы шешімдер қабылдауға қатысты сұрақтарға жауап берді.

Зейнетақы активтерін инвестициялаудың стратегиялық бағыттарын айқындау жөніндегі шешімдерді Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі – ҰҚБК) қабылдайтыны атап өтілді. ҰҚБК құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Ұлттық Банк Төрағасы да кіреді.

Зейнетақы активтерін инвестициялауды Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне сәйкес жүзеге асырады.

Айта кетерлігі, зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарының тізбесімен және инвестициялық декларациямен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-тың www.enpf.kz ресми Интернет-ресурсында танысуға болады.

Өз кезегінде Н. Тұрсынханов БЖЗҚ зейнетақы активтерінің өткен жылы ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған қандай бағыттар бойынша инвестицияланғаны туралы айтып берді. Оның айтуынша, 2016 жылы зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін МБҚ сатып алу, шетелдік қаржы нарықтарында инвестициялау үшін шетел валютасын сатып алу, ШОБ қаржыландыру үшін ЕДБ қаржы құралдарына инвестициялар және ҚР экономикасының нақты секторының басым жобаларын қаржыландыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздарын сатып алу болып табылды.

Брифинг барысында журналистерге зейнетақы активтерінің құрылымы туралы ақпарат ұсынылды.

«ҚРҰБ-ның деректері бойынша 2016 жылғы 1 желтоқсанда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 6.636,9 млрд. теңге болды, оның ішінде 5.276,4 млрд. теңге (80%) мөлшеріндегі зейнетақы жарналары және
1.360,6 млрд. теңге (20%) мөлшеріндегі инвестициялық кіріс. Құрылғаннан бері 2013 жылғы тамызда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдарды қоса алғанда, салымшыларға зейнетақы төлемдерінің көлемі 397 млрд. теңгені құрады», - деді Елена Никифорова.

ҚРҰБ-ның өкілдері атап өткендей, БЖЗҚ тұрақты негізде азаматтарға толық көлемде зейнетақы жинақтарын төлеуді қамтамасыз етеді, халық тарапынан төлемдердің уақтылы жүргізілмегеніне не зейнетақы жинақтары төленбеуіне шағымдар келіп түскен жоқ.

Бұдан басқа, азаматтар БЖЗҚ-ға енгізетін міндетті зейнетақы жарналары мемлекеттің оларды сақтау жөніндегі кепілдіктерінің қолданылуы арқылы инфляциядан қорғалған.

«Ұлттық Банк инвестициялық қызметінің нәтижелері туралы ҰҚБК алдында жыл сайын есеп береді, - деп толықтырды Е.Никифорова. – Өз кезегінде, БЖЗҚ акционерлік қоғам нысанында құрылған дербес заңды тұлға болып табылатындықтан, оның меншік құқығында зейнетақы активтерінен бөлек мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша  осы мүлікпен жауап береді, өз атынан сатып ала алады және мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыра алады. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-тың меншікті активтерін инвестициялауды БЖЗҚ өзі белгілеген меншікті қаражатын инвестициялау саясатына сәйкес дербес жүзеге асырады».

Қорытындылай келе, осы іс-шараны Ұлттық Банк ашық болу және  жұртшылықпен және қаржы нарығының өкілдерімен белсенді коммуникацияны нығайту үшін ақпараттық қолжетімді саясаты шеңберінде жүргізіп отырғандығын атап өтеміз. 


Просмотров 130853

Тізімге оралу