"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

21.12.2015

11 айдағы таза инвестициялық табыс сомасы 632 млрд. теңгеден асып түсті

2015  жылғы 1 желтоқсандағы БЖЗҚ қызметінің қорытындысы
11 айдағы таза инвестициялық табыс сомасы 632 млрд. теңгеден асып түсті

Негізгі көрсеткіштер
2015 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы –5,64 трлн. теңге. Шарттардың барлық түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары (бұдан әрі – ЖЗШ) 10 103 576 бірлікке жетті, оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша шарттар – 60,6 млрд. теңге жинақ сомасымен 388 085 дана. Жинақтардың орташа жылдық өсімі – шамамен 20%.
2015 жылдың 11 айындағы таза инвестициялық табыс сомасы – 632,33 млрд. теңге.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің, сонымен қатар сақтандыру ұйымдарына аударымдар сомасы – 126,8 млрд. теңге.
Салымшыларды хабарландыру
«ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау аясында БЖЗҚ салымшыларға зейнетақы шоттарының жағдайы туралы ақпаратты кемінде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұранысы бойынша кез келген сұраныс жасалған күнге беруге міндетті.

Зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат алу арнасы бірнешеу. Салымшы өзіне ыңғайлысын таңдай алады:

- салымшының өзінің БЖЗҚ-ға келуі (263 кеңсенің мекенжайы www.enpf.kz сайтында);
- салымшының шартта/жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште немесе бөлек келісімде көрсетілген электрондық мекенжайына хабарлама жіберу;
- кез келген БЖЗҚ кеңсесінде тіркелетін логин мен пароль немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болған кезде www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөлімі арқылы алу. «Интернет қызметі арқылы өзі алу» хабарлау тәсілі таңдалса және логин мен пароль болса, Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арнап БЖЗҚ мамандары әзірлеген ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға болады;
- e-gov электрондық үкімет порталы арқылы алу. Қызмет www.egov.kz сайтындағы «Азаматтар» санаты - «Әлеуметтік қамсыздандыру» айдары - «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлімінде. Қызметті пайдалану үшін ЭЦҚ және электрондық үкімет порталында тіркелу керек;
- пошта арқылы (шартта/өтініште/келісімде көрсетілген мекенжайға) алу.

БЖЗҚ салымшыда ақпарат беру бойынша қор міндеттемесін орындауға әсер ететін қандай да бір өзгерістер (мекенжайы, электрондық мекенжайы және т.б.) болған жағдайда, салымшылардың бұл туралы БЖЗҚ-ға белгіленген тәртіппен хабарлауға міндетті екенін ескертеді.

Қор 2015 жыл қорытындысы бойынша хабарландыру қарсаңында салымшылардың барлығынан БЖЗҚ-дағы өз деректерін тексеруді сұрайды және өз жинақтары туралы ақпарат алудың анағұрлым ыңғайлы, заманауи, үнемді әрі жедел тәсілін таңдауды ұсынады.

БЖЗҚ онлайн
Салымшылар үшін қормен қарым-қатынас жасаудың ыңғайлырақ тәсілі – интернет. Ол елеулі түрде уақыт үнемдеп, БЖЗҚ жұмысы туралы және өз зейнетақы шотының жағдайы туралы ақпаратты аптасына жеті күн тәулігіне 24 сағат қор сайты немесе ұялы телефон арқылы алуға мүмкіндік береді.

Биылғы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 1 миллион 210 мыңнан астам адам ЖЗШ жағдайы туралы ақпарат алу тәсілі ретінде веб-хабарлауды таңдаған: ЖЗШ-дан ақпаратты шамамен 250 мың адам электрондық мекенжай арқылы және 960 мыңнан астам адам қордың www.enpf.kz веб-сайты немесе ұялы қосымша арқылы алады, 2015 жылғы 1 желтоқсанда пайдаланушылар 98 000 реттен артық жүктеп алған.

E-gov порталы арқылы үзінді көшірме алу
Электрондық үкімет порталы арқылы ЖЗШ жағдайы туралы ақпарат беру қызметі іске қосылған сәттен (2015 жылдың ақпан айы) бастап 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 100 000 үзінді көшірме берілді.

Өңірлік желі
БЖЗҚ өңірлік желісінде 236 қызмет көрсету кеңсесі бар. Оған әр облыс орталығында, республикалық мәні бар қалаларда (Алматы және Астана), сондай-ақ облысқа бағынышты ірі қалаларда (Жезқазған және Семей) біреуден орналасқан 18 филиал кіреді.
Барлық қызықтыратын ақпаратты қордың www.enpf.kz сайтынан не Байланыс орталығының 8 800 080 1177 телефоны (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін) арқылы білуге болады.

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



Просмотров 7852

Тізімге оралу