"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

01.04.2019

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаеваның өкілеттігі тоқтатылды

«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2019 ж. 29 наурыздағы №1 хаттама) Қорды 2017 жылдың қаңтар айынан бері басқарып келген Наурызбаева Нұрбибі Серікқажықызының өкілеттігі 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап тоқтатылды.

Нұрбибі Наурызбаева басқарған кезеңде БЖЗҚ-ның менеджменті және  салымшылар мен алушыларға қатысты жұмысы жаңа сапалы деңгейге көтерілді.

2017-2018 жылдары «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы қызметтерінің барлық негізгі түрлері электрондық форматқа енгізілді.

Қордың электрондық қызметтері мына байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады: «БЖЗҚ» АҚ сайты, ENPF ұялы қосымшасы, Электрондық үкіметтің порталы мен ұялы қосымшасы, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары және ақпараттық киоскілер.

«БЖЗҚ» АҚ көрсететін қызметтердің ішінде электрондық қызметтердің үлесі екі жыл ішінде 45 пайыздан 74,5 пайызға дейін өсті. Зейнетақы шоты бойынша ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдаған салымшылар мен алушылардың үлесі 29,7 пайыздан 55,9 пайызға дейін артты.

Қор өз қызметінде ашықтық және айқындылық саясатын жүргізеді. Журналистермен тұрақты кездесулер өткізіліп тұрады. 2017 жылдың ақпан айында БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат ұйымдарының өкілдері, сарапшылар енді. Қоғамдық кеңес Қормен тікелей байланыс орната отырып, шынайы және түсінікті ақпаратты жұртшылыққа жеткізіп отырады.

Екі жыл ішінде тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер бойынша уақытылы хабардар ету мақсатында тұрғындар арасындағы ақпарат беру-түсіндіру шараларының сапасын арттыру бойынша елеулі жұмыстар атқарылды.

Ақпарат беру-түсіндіру жұмыстары аясында еліміздің түрлі кәсіпорындарында 43 мыңнан астам таныстырылымдық шаралар өткізіліп, оған 1 345 мың адам қатысты (ҚР еңбекпен қамтылған халқының 15%).

2017 жылы ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарының танымдылығын және бұқаралығын арттыру мақсатында өңірлерде облыс әкімдіктерімен ынтымақтастық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара әрекеттестік туралы Меморандумға қол қойылды.

Осы және өзге де шаралар қоғамдық пікірдің жағымсыз сыни сипаттан бейтараптық-оң сипатқа ойысуына септігін тигізді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысына сәйкес жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы базалық білімге ие азаматтардың үлесі 60,2 пайызды құрады (2017 жылдың желтоқсанында – 58,2%). Халықтың БЖЗҚ-ға деген сенім көрсеткіші 6,4 баллға жетті (2017 жылдың желтоқсанында – 5,7 балл).

2018 жылы белсенді емес шоттарды өңдеу науқаны басталды (зейнетақы жинақтары жоқ немесе соңғы 12 айда бірде-бір зейнетақы жарнасы түспеген шоттар). Телефон арқылы хабарласу нәтижесінде 631,6 мың адам бастапқы кеңес алды. Олардың 20 пайызы (128,5 мың адам) өздерінің шоттарына жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге міндетті зейнетақы жарналарын салды.

2018 жылдың сәуірінде салымшыларға зейнетақыны жоспарлау мәселелері бойынша ақыл-кеңес беру қызметі іске қосылды. 2018 жылдың 9 айы ішінде салымшыларға 500 мың кеңес берілді.

Қордың белсенді салымшыларының үлесі 67 пайыздан 72 пайызға өсті.

Екі жыл ішінде Қор берешектерді қайтару бойынша проблемалық активтерге қатысты жұмыстарды күшейтті. 2017-2018 жылдар аралығында Қор алдындағы өтелген берешектердің жалпы сомасы 16 млрд теңгені құрады. Бұл ретте проблемалық активтермен жұмыс жүргізу барысында (2014-2018 жж.) өтелген берешектердің жалпы сомасы 17,6 млрд теңгеге жетті.

Тәуекелдерді басқарудың біріктірілген жүйесі әдістемесін дамыту мақсатында Basel III және COSO деп аталатын үздік әлемдік тәжірибелер мен халықаралық стандарттарды ескере отырып, тәуекелдерді басқару құралдарын, механизмдерін және тәсілдемелерін белгілейтін ішкі нормативтік құжаттар базасы толығымен қайта қаралды. Соның арқасында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі ҚР заңнама талаптарына сәйкестендірілді.

2017-2018 жылдарда Қор Сапа Менеджменті Жүйесі бойынша (СМЖ) сертификациялық аудиттен сәтті өтті. Мақсат – оның ISO 9001:2015 халықаралық стандартының зейнетақы қызметтерін көрсету саласындағы талаптарына сәйкестігін растау. Аудит нәтижесі бойынша 2018 жылдың наурызында «БЖЗҚ» АҚ TÜV Thüringen e.V. компаниясынан халықаралық сертификат алды.

2017 жылы Қордың бизнес-үдерістері оңтайландырылды (тиімсіз және бірін-бірі қайталайтын рәсімдер жойылды). Бизнес-үдерістерді қайта қарау Қор қызметкерлерінің құрамын оңтайландыруға және сәйкесінше, оларға жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік берді.


Просмотров 4565

Тізімге оралу