"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

18.04.2019

«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы және меншікті активтері бойынша 2018 жылғы есептілігі расталды

Алматы, Қазақстан «БЖЗҚ» АҚ-тың зейнетақы және меншікті активтері бойынша 2018 жылғы қаржылық есептілігіне қатысты сыртқы аудит аяқталды. Тәуелсіз аудитордың қорытындысы бойынша («Делойт» ЖШС)

«...қаржылық есептілік Халықаралық қаржы есептілігі стандартына сәйкес 2018 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қордың қаржылық ахуалын, сондай-ақ қаржылық нәтижелерін және осы күнге қарай ақша құралдарының бір жыл ішіндегі қозғалысын барлық тұрғыда шынайы  көрсетеді».

Зейнетақы активтері бойынша 2018 жылғы негізгі көрсеткіштер тұрақтылықты, тұрақты дамуды және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің әлеуетін паш етеді.  

2018 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы 11,27 пайыз болса, осы кезеңде инфляция деңгейі 5,3 пайызды көрсетті. Яғни, бір жыл ішінде зейнетақы активтері бойынша нақты, таза табыстылық – 5,97 пайызды құрады. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылы зейнетақы активтерінің табыстылығы 7,92 пайыз, ал инфляция деңгейі 7,1 пайыз болған. Салымшылар мен алушылардың шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 917,1 млрд теңгеге жетті. Ол 2017 жылғы көрсеткішпен (550,6 млрд теңге) салыстырғанда 67 пайызға жоғары.

2018 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарына 847,4 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті. Бұл 2017 жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 91,3 млрд теңгеге, яғни 12 пайызға жоғары. Жалпы зейнетақы активтерінің өсімі шамамен 21 пайыз болды. Айта кетелік, зейнетақы активтері жарналардан, төлемдерден және инвестициялық табыстан құралады.

Басқа көрсеткіштер бойынша да оң серпін байқалады. 2019 жылдың 1 қаңтарына қарай жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны – 10,4 млн бірлікті құрады. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылған шоттар – 9,9 млн бірлік болды.

2018 жылы белсенді салымшылардың саны 5,9 млн бірліктен 6,4 млн бірлікке дейін өсті.   

БЖЗҚ-ның басты міндеттерінің бірі – тұрғындар арасында зейнетақымен қамсыздандыру саласына қатысты қаржылық мәдениетті қалыптастыру. 2018 жылы кәсіпорындар мен ұйымдарда зейнетақы жүйесі туралы 25 мыңнан астам таныстырылымдық шаралар өткізілді. Оларға 788 мыңнан астам адам қатысты. 2017-2018 жылдары көшпелі түсіндіру жұмыстары аясында жұмыспен қамтылған тұрғындардың 15 пайызы қамтылды. 

Бұдан басқа, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын түсіндіру және оған жастарды тарту мақсатында 2018 жылдың қарашасында  еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында БЖЗҚ басшылығының қатысуымен кеңейтілген таныстырылымдық шаралар өткізілді. Олар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 20 жылдығына арналды. Бұл шараларға 300-ге жуық студенттер мен оқытушылар қатысты.

2018 жылы «ұйқыдағы» жеке зейнетақы шоттарының (зейнетақы жарналары түспей қалған шоттар) иелерін анықтау және оларға ақыл-кеңес беру науқаны басталды. 2018 жылы жүргізілген ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде мұндай шоттарға жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге зейнетақы жарнасы түсті.

Жалпы көрсетілетін қызметтердің ішінде электрондық қызметтердің үлесі (ұялы қосымша арқылы алынатын үзінді-көшірмелерді есепке алмағанда) 52 пайыздан (2017 жылы) 66 пайызға (2018 жылы) өсті.

Проблемалық эмитенттерге қатысты талап ету жұмыстары жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде 2018 жылы өтелген берешектердің жалпы сомасы 14,9 млрд теңгені құрады.

2018 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында Қор қызметі туралы жарияланған материалдардың ішінде оң және бейтараптық сипатта жазылғандарының үлесі 99,7 пайызға жетті.      

Сонымен қатар «БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және жетілдіруге күш салып жатыр. Осы тұрғыда салымшылар мен алушыларға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі арта түсуде. 

           Халықаралық ISO 9001:2015 стандартына сәйкестік сертификаты, сондай-ақ Қордың ақпараттық жүйесінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын сертификат алынды.

Egov сайтындағы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табысты ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі көрсетілу сапасы бойынша мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер арасында 4-ші орынға ие болды.

Ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарының белсенді жүргізілуінің арқасында қазақстандықтардың жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ-ға деген сенімі арта түсті. Тәуелсіз «DIC»  компаниясының қорытындысы бұған дәлел бола алады. Аталмыш компания 2019 жылдың 1 тоқсанында тұрғындардың қаржылық сауаттылығы және зейнетақымен қамсыздандыру саласына қатысты сенім деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізген болатын.     

Зерттеу нәтижесі бойынша:

бір жыл ішінде БЖЗҚ-ға деген сенім деңгейі 10 баллдың ішінде 5,7-ден 6,4 баллға;

бір жыл ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі 10 баллдың ішінде 5,9-дан 6,3 баллға дейін өсті. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы базалық білімге ие тұрғындардың үлесі 60,2 пайызды құрады (2017 ж. желтоқсанында – 58,2%).

БЖЗҚ тұрғындардың зейнетақы қорына деген сенімін одан әрі нығайту және жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабардарлығын арттыру бойынша стратегиялық  міндеттерді жүзеге асыруды одан әрі жалғастырады.


Просмотров 4298

Тізімге оралу