"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

23.05.2019

2019 жылдың 1 мамырына қарай БЖЗҚ-ның негізгі көрсеткіштері

2019 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,8 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 382,4 млрд теңгеге немесе 4 пайызға өсті. Бұл ретте былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 1,6 трлн теңгеге немесе 20 пайызға жетті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі (9,5 трлн теңге) міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) құралған.

Шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 10,4 млн бірлікті құрады. Оның ішінде шоттардың 94,8 пайызы – МЗЖ есебінен, 4,7 пайызы – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен, ал тек 0,5 пайызы – ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен ашылған.

Егер әрбір жеке зейнетақы шотындағы жинақтардың көлеміне қарайтын болсақ, ағымдағы жылдың 1 мамырына қарай жағдай төмендегідей:

– МЗЖ бойынша ЖЗШ-дағы орташа жинақ сома 1 млн теңгеден сәл ғана астам;

– МКЗЖ бойынша ЖЗШ-дағы орташа жинақ сома 451,4 мың теңгені құрайды,

– ЕЗЖ бойынша ЖЗШ-дағы орташа жинақ сома 50,8 мың теңгені құрайды.

Зейнетақы жарналары шотқа тұрақты және толық көлемде аударылған жағдайда салымшылар мен алушылардың жинақтары бұдан жоғары болады. Жыл басынан бері салымшылар мен алушылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 154,9 млрд теңгеге жетті.

Зейнетақы жинақтарының табыстылығы өткен 4 ай ішінде 1,62 пайыз болды. Бұл осы кезеңде 1,8 пайызды көрсеткен инфляциямен деңгейлес. Жалпы табыстылық көрсеткішін ұзақ мерзімді кезеңде қарастырған жөн. Бұл ретте соңғы 12 ай ішінде зейнетақы активтерінің табыстылығы 10,7 пайызды құраса, бұл кезеңде инфляция деңгейі 4,9 пайызды көрсетті. Осылайша жылдық мерзімде зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы  инфляциядан 5,8 пайызға жоғары.

Табыс салығын ескере отырып, 2019 жылдың 4 айы ішінде зейнетақы төлемдері 74,2 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жасына байланысты төлемдер – 35,3 млрд теңге (барлық төлемдердің 48%), сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар – 15,7 млрд теңге (21%), ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты кетуге байланысты төлемдер – 13,0 млрд теңге (18%), мұрагерлік және жерлеуге байланысты төлемдер – 9,3 млрд теңгені (12%) құрады.

БЖЗҚ Корпоративтік даму стратегиясының басты бағыттарының бірі ең үздік әлемдік тәжірибе стандарттарына сәйкес зейнетақы қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.

2019 жылдың 4 айы ішінде БЖЗҚ дерекқорында 6,1 млн операция орындалды (қызмет көрсетілді). Олардың ішінде кеңселерде 1,2 млн қызмет, көшпелі қызмет көрсету барысында 60,1 мың қызмет және қашықтан электрондық форматта 4,9 млн қызмет (барлық көрсетілген қызметтің 80%) көрсетілді. Тұрғындар арасында ең танымал қызмет – жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді көшірме алу. Оны алу үшін салымшылар мен алушылар 4 ай ішінде қор қызметіне 5,2 млн рет жүгінген. Олардың ішінде 4,8 млн үзінді көшірме (93,4%) электрондық форматта берілді. Бұл көрсеткіштер бір жағынан, азаматтардың өз жинақ ақшасына деген қызығушылығын, басқа жағынан, ЖЗШ жай-күйі туралы интернет арқылы хабарлау тәсілінің танымал болып жатқандығын көрсетеді. Сонымен қатар зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың телнұсқасын беру, салымшылар мен алушылардың деректемелеріне өзгеріс енгізу, ақпарат алу тәсілін өзгерту секілді қызметтер де сұранысқа ие. Бұл қызметтер негізінен Қор кеңселерінде көрсетіледі.


Просмотров 4185

Тізімге оралу