Филиалды таңдаңыз:
2018 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер енгізілді. Ол азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттар бойынша жұмыстар орындайтын және қызметтер көрсететін жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеу рәсімін оңайлатуға бағытталған
2018 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,1 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 1,4 трлн теңгеге немесе 17 пайызға өсті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры үздік эссе байқауының қорытындысын шығарды. Оған 250-ден астам адам қатысты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының құрметті демалысқа шыққанда лайықты өмір сүруге арналған инвестиция екендігін тағы да еске салады. Зейнет жасында лайықты табыс алу үшін міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде ерікті жарналарды да уақытылы және толық көлемде Қорға аударып отыру қажет. Қазақстандықтар ерікті жарналарды өзінің немесе (жұмыс істемейтін, табысы аз) туған-туыстарының пайдасына аудара алады. Бұдан басқа, жұмыс берушілер де жұмыскерлерін жұмысқа ынталандыру үшін олардың пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) аудара алады.
Бүгін «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: қорытындылар, сын-тегеуріндер, даму келешегі» тақырыбында Дөңгел үстел ұйымдастырылды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры да дәстүр бойынша жыл сайын ақпарат алу тәсілі ретінде дәстүрлі пошта байланысын таңдаған салымшыларға жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы үзінді көшірме салынған хат жібереді
2018 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен бері 1,5 трлн теңгеге артты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне қатысты қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша әр түрлі шаралар өткізу жұмыстарын жалғастыруда
Соңғы кездері кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне қатысты талдамалық сараптамалық дәлелдерге негізделген деген айдармен әр түрлі жарияланымдар пайда бола бастады. Қор осыған байланысты мына жәйттерді түсіндіреді.
Бүгінде БЖЗҚ барлық 18 филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары жұмыс істеп тұр.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаулысымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақысының 2019 жылға арналған шамасы бекітілді
2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 8,9 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен бері 1,4 трлн теңгеге артты. Бір жыл ішіндегі өсім – 18 пайыз болды. Ал 2018 жылдың басынан бері өсім – 1,1 трлн теңгені немесе 14 пайызды құрады.
2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы жыл басынан бері 623,6 млрд теңгені құрады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) соңғы кездері интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің көбейіп кетуіне байланысты қазақстандықтарды қырағы болуға шақырады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өткен айда өз салымшыларын зейнетақы Қорының инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 000 теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp арқылы таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтындығы жайында ескерткен болатын.
Forbes.kz-тағы: «Сарапшы: 5 жылдан кейін БЖЗҚ-ға зейнетақы төлеу үшін ақша жетпеуі мүмкін» деген жарияланымы күткендегідей қоғамға жедел әсер туғызды. Бұл түсінікті де, себебі бәріміз де – БЖЗҚ салымшыларымыз. Осы жарияланымға сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі сарапшының пікірі ешқандай есептерге негізделмегендігін және құзыретті болып табылмайтындығын мәлімдеуді қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 624 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне, оның ішінде «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ол 2018 жылдың 11 қазанынан бастап күшіне енді.
«Бір терезе» қағидатын қолдана отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі бірыңғай өтінімді ұсыну бойынша жаңа композиттік қызметті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 624-ші қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042-ші қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.