"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 153/1 Әуезов көш. қиылысы
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққу
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Амангелді
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Аса
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атасу
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Б. Момышұлы
  • Бадамша
  • Бақанас
  • Балкашино
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Бескөл
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Ботакара
  • Булаево
  • Ганюшкино
  • Глубокое
  • Денисовка
  • Державинск
  • Егіндікөл
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Жезкент
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Затобольск
  • Зеренді
  • Зырянов
  • Индер
  • Ырғыз
  • Ертіс
  • Казталов
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қамысты
  • Қандыағаш
  • Қапшағай
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарамеңді
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауыл
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Кішкенекөл
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көктөбе
  • Көкшетау
  • Комсомольское
  • Қорғалжың
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Құрық
  • Қызылорда
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Мамлютка
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Мойынқұм
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Переметное
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Приозерск
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкемер
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Смирново
  • Степногорск
  • Степняк
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Таран
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тимирязев
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Обаған
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Ойыл
  • Үлкен Нарын
  • Ұлытау
  • Орал
  • Ұржар
  • Успенка
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка к.
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
  • Ембі
  • Явленка
 жеке
 кабинет
 өтінішті
 жолдау
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы
Қор туралы қысқаша мәлімет

БАСТЫ ОҚИҒАЛАР




  • «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ жалғыз акционерінің шешімімен (ҚР ҰБ Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы №10-шы хаттамасы) Директорлар кеңесінің мүшесі және «БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрайымы болып Наурызбаева Нұрбүбі Серікқажықызы сайланды.

    2017 жылғы 16 ақпанда БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің бірінші мәжілісі өткізіліп, Кеңестің құрамы бекітілді.

    «БЖЗҚ» АҚ жалғыз акционерінің шешімімен (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы №125-ші қаулысы) «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды.

    2017 жылғы 2 тамызда «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Төрайымы болып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының Орынбасары Ғалиева Дина Төлеубекқызы сайланды.

    2017 жылғы 11 қазанда «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Қордың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа Корпоративтік даму стратегиясы бекітілді.

    2017 жылғы 2 қарашада «БЖЗҚ» АҚ жалғыз акционерінің (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 02 қарашадағы №198 қаулысымен) «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

    2017 жылғы 22 желтоқсанда «ENPF» АҚ жалғыз акционері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының № 265 қаулысына сәйкес мынадай шешімдер қабылдады: 1) «БЖЗҚ» АҚ Жарғысына өзгерістер бекітілді; 2) «БЖЗҚ» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер мен толықтырулар бекітілді; 3) «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері - тәуелсіз директорларға төленетін сыйақылар және өтемақылар туралы қағидаларына өзгерістер бекітілді; 4) «Делойт» ЖШС «БЖЗҚ» АҚ-ның 2017 жылғы қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйым ретінде айқындалды.

  • 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуетті құрылымдардың барлық қызметкерлері еңбек сіңірген жылдарына қарамастан республикалық бюджет арқылы зейнетақымен қамсыздандырылатын болады.  

    2016 жылғы ақпанда «БЖЗҚ» АҚ-ның жаңа веб-сайты қолданысқа енгізілді.

    2016 жылғы 10 тамызда бұрын әскери қызметшілердің пайдасына бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының 50 пайызын республикалық бюджетке қайтару шаралары аяқталды. 

  • 2015 жылғы қарашада «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақы шамасын инвестициялық табыстан 30%-ға және зейнетақы активтерінен 10%-ға төмендету туралы шешім қабылданды.  

    2015 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының (ХЗӘҚҚ) толық құқықты мүшесі ретінде қабылданды.

    2015 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар ензгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

    2015 жылғы 3 маусымда «БЖЗҚ» АҚ басқарма құрамы сайланды және Ерденаев Руслан Серікұлы Қор Басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

    2015 жылғы ақпанда БЖЗҚ ақпараттық жүйелері мен электрондық үкімет порталын ықпалдастыру жүзеге асырылды. Бұл салымшыларға өз жинақтары туралы барлық ақпаратты тез алуға мүмкіндік берді. 

  • 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ FIAP толыққанды мүшесі болды.

  • 2 шілдеде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы заңы қолданысқа енгізілді.   

    31 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №747 қаулысымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ құрылды. 

    22 тамызда ГНПФ атауының «БЖЗҚ» АҚ болып өзгеруіне байланысты әділет органдарында қайта тіркеуден өтті. «БЖЗҚ» АҚ өз жұмысын бастады. 

    26 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды.   

    27 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен «БЖЗҚ» АҚ арасында қаржы құралдарын және ақшаны сақтау мен есепке алу бойынша кастодиандық қызмет көрсету шарты жасалды. 

    24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қабылдау-өткізу кестесін бекітті.   
  • «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ   Global Pension Fund Awards халықаралық айтулы сыйлықақысын алды. 

    Ақпан айында «ГНПФ» зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының көлемі 500 млрд теңгеден асты.   

    12 наурыздан бастап «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ акционерінің комиссиялық сыйақы көлемін: инвестициялық табыстан - 15%-дан 12%-ға дейінгі мөлшерде; зейнетақы активтерінен – айына 0,0475%-дан 0,0375%-ға дейінгі мөлшерде өзгерту туралы шешімі күшіне енді.     

    1 маусымдағы жағдай бойынша «ГНПФ» зейнетақы қоры 12 ай ішіндегі инвестициялық табыс деңгейі (К2 қалыпты портфелі) бойынша  4,86%-ға тең көшбасшы болды. 

    24 қыркүйекте «ГНПФ» зейнетақы қорына 15 жыл толды.  

  • 1 наурызда ГНПФ зейнетақы активтерінің сомасы 300 млрд теңгеден асты.  

    8 айдағы ГНПФ-тің «таза» инвестициялық табысы 14 845 668 мың. теңге болды. Бұл Қазақстан Республикасының барлық ЖЗҚ арасындағы абсолюттік мағынадағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылды.

  • Желтоқсан айында «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) ИСО 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестікті бақылау аудитінен сәтті өтті.   
  • 31 мамырда Еуропалық қайта құру және даму банкі ГНПФ акционерлерінің құрамына кірді. 

    Шілде айында сапа менеджменті жүйесін ISO 9001: 2000 стандарты талаптарына сәйкестікке  қайта сертификаттау бойынша аудиттан сәтті өтті.

    Тамыз айында KASE Қазақстандық қор биржасы 2006 жылдың қорытындысы бойынша ГНПФ-ті банктік емес брокерлік және/немесе дилерлік ұйымдар арасындағы биржалық бағалы қағаздар нарығының көшбасшысы деп таныды.  

  • Қаңтардан бастап ГНПФ салымшылардың мүддесін басшылыққа алып, барлық зейнетақы қорларының ішінде бірінші болып және жалғыз өзі зейнетақы активтері бойынша ұсталатын комиссиялық сыйақылар сомасын 0,0475 %-ға дейін төмендетті.     
  • Қазақстандық ІТ-компаниялар қауымдастығы, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің қолдауымен ГНПФ-ке «Лицензиясыз бағдарламалық қамтамасыз етуден таза аумақ» сертификатын берді.

    1 ақпаннан бастап «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ өз атауын «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ деп өзгертті.   

    Қараша айында Брюссельде (Бельгия) ГНПФ-ке Қазақстан Республикасындағы зейнетақы секторын дамытуға қосқан үлесі (капиталды басқару) үшін «EuroMarket Award» сыйлықақысы берілді.    
    25 қарашада Еуропалық қайта құру және даму банкінің ГНПФ-тің акционерлік капиталына кіру ниеті туралы меморандумға қол қойылды.    

  • Қазан айында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Үкіметімен қатар ГНПФ-тің акционері болды.  
  • ГНПФ мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларымен бірдей тең құқыққа ие болды. Инвестициялық мүмкіндіктер бойынша шектеулер алынды, «Жалпыға ортақ қор» мәртебесі жойылды
  • §     ГНПФ «Жалпыға ортақ қор» тәртібінде қызмет атқарды. Егер жұмыскер таңдау жасамаса және басқа зейнетақы қорымен шартқа отырмаған болса, жұмыс беруші міндетті зейнетақы жарналарын ГНПФ-ке аударатын болған.   
  • 11 тамызда ГНПФ жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихында зейнетақы активтерін дербес басқару лицензиясын бірінші болып алды.  

  • Қордың Қазақстан өңірлеріндегі өкілдіктер желісі белсене қалыптасып, дами бастады.  

    Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихында алғашқы зейнетақы жарнасы төленді

    ГНПФ «Жалпыға ортақ қор» тәртібінде қызмет атқарды. Егер жұмыскер таңдау жасамаған және басқа зейнетақы қорымен шарт жасамаған болса, жұмыс беруші міндетті зейнетақы жарналарын ГНПФ-ке аударатын болған. 
  • 12 мамырда  Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген  Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау туралы тұжырымдамасы әзірленді және қабылданды. Онда «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ құру көзделген. 

    20 маусымда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы күшіне енді. 

    24 қыркүйекте  «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» ҚР қаулысы шықты.