"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

11.08.2020

БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша 23,6 миллиард теңгеден астам берешекті қайтаруды қамтамасыз етті

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы зейнетақы активтері бойынша міндеттемелерді орындамау нәтижесінде пайда болған проблемалық берешекті қайтару бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ бұл жұмысты зейнетақы активтерін жеке жинақтаушы зейнетақы қорларынан БЖЗҚ-ға берген сәттен бастап жүргізіп келеді. 2014 жылы БЖЗҚ-ға зейнетақы активтерін беру аяқталған кезде қорда 32 проблемалық эмитент болды және олардың берешегі номиналды құны бойынша 161,45 миллиард теңгені құрады.

2020 жылғы тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ дефолтқа жол берген қалған 19 эмитентке қатысты берешекті қайтару бойынша жұмысты жүзеге асырады. Аталған 19 проблемалық эмитентті шартты түрде келесі топтарға бөлуге болады:

1. Оңалту рәсімі қолданылған эмитенттер («Роса» АҚ, «Қазақстан Қағазы» АҚ және «Имсталькон» АҚ). Барлығы 3 эмитент. Аталған эмитенттердің номиналды құны бойынша берешек сомасы – 15,80 млрд теңге. 

2. Оларға қатысты талап-арыз жұмысы / атқарушылық өндіріс жүзеге асырылатын эмитенттер («Альтернативті қаржы» АҚ, «РЭМИКС-Р» АҚ, «Казнефтехим» АҚ, «Астана-Недвижимость» АҚ, «Құрылыс материалдар мен құрастырмалар комбинаты-2» ЖШС, «Өрнек XXI» АҚ, «Mineral Resourses of Central Asia» АҚ, «ТЕМА Ко» АҚ, «HOMEBROKER» АҚ, «Төрт-Құдық» тау-кен байыту комбинаты» АҚ, «Корпорация «АПК-Инвест» ЖШС, «Тау-кен байыту комбинаты» АҚ, «ҚазЭкспортАстық» холдингі). Барлығы 12 эмитент. Аталған топ бойынша номиналды құны бойынша берешек сомасы - 13,03 млрд теңге.

3. Банкроттық/мәжбүрлеп тарату рәсімі жүзеге асырылатын эмитенттер («Валют-Транзит-Банк» АҚ, «GLOTUR» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Эксимбанк Қазақстан» АҚ). Барлығы 4 Эмитент. Эмитенттердің осы тобының номиналды құны бойынша берешек сомасы - 17,5 млрд теңге.

Осылайша 2020 жылғы тамыздағы жағдай бойынша жоғарыда аталған 19 проблемалық эмитент бойынша берешектің жалпы сомасы (зейнетақы активтері есебінен) номиналды құны бойынша 46,33 млрд теңгені құрады, ал «ҚазЭкспортАстық холдингі» АҚ-ның 5,8 млрд теңге мөлшеріндегі купондық сыйақы төлеу бойынша берешегін ескере отырып, берешектің жалпы мөлшері 52,13 млрд теңге болды.

Айта кетейік, 2020 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ алдында өтелген зейнетақы активтері бойынша берешектің жалпы сомасы 23,634 млрд теңгені құрады. Оның ішінде:

2014-2016 жылдары - 1,475 млрд теңге,

2017 жылы - 1,249 млрд теңге,

2018 жылы - 14,853 млрд теңге,

2019 жылы - 4,507 млрд теңге,

Жалпы алғанда 2020 жылдың жеті айында - 1,55 млрд. теңге:

  • «Абди Компани» АҚ - 188,42 млн теңге (купондық сыйақыны өтеу);

  • «АПК-Инвест» корпорациясы» ЖШС - 17,92 млн теңге (атқарушылық өндіріс шеңберінде өтеу);
  • «Қазақстан Қағазы» АҚ - 127,9 млн теңге (оңалту шеңберінде өтеу);
  • «Имсталькон» АҚ - 105 млн теңге (оңалту шеңберінде өтеу);
  • «Өрнек XXI» АҚ - 22 млн теңге (үшінші тұлғалардың Қор алдындағы қарызының бір бөлігін өтеуі);
  • «Құрылыс материалдар мен құрастырмалар комбинаты-2» ЖШС - 29,05 млн теңге (атқарушылық өндіріс шеңберінде өтеу);
  • «Астана-Недвижимость» АҚ - 45,11 млн теңге (атқарушылық өндіріс шеңберінде өтеу);
  • «Атамекен-Агро» АҚ - 1,015 млрд теңге (сот шешіміне сәйкес өтеу).

Бұдан басқа ағымдағы жылы «Атамекен-Агро» АҚ берешегін өндіріп алу бойынша жүргізілген талап-арыз жұмысының нәтижелері бойынша 1 шілдеге   осы эмитенттің берешегі 1 015 160 000 теңге мөлшерінде толық көлемде өтелді.

Сонымен қатар БЖЗҚ зейнетақы активтеріне залал келтіргені үшін кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында қылмыстық іс қозғау бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Қазіргі уақытта Қордың қатысуымен 12 эмитентке қатысты қылмыстық өндіріс жүргізілуде – «GLOTUR» АҚ, «Имсталькон» АҚ, «РЭМИКС-Р» АҚ, «Роса» АҚ, «Mineral Resources of Central Asia» АҚ, «HOMEBROKER» АҚ, «Казнефтехим» АҚ, «Қазақстан Қағазы» АҚ, «Казинвестбанк» АҚ, «Delta bank» АҚ, «LANDSBANKI» АҚ.

Айта кету керек, екі эмитенттің («Имсталькон» АҚ және «РЭМИКС-Р» АҚ) бұрынғы басшылары мен акционерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Іс материалдары сотқа қарау үшін берілді. Сондай-ақ, қылмыстық құқық бұзушылықтан келтірілген залалды өтеу мақсатында Қор БЖЗҚ зейнетақы активтеріне келтірілген залалды өтеу туралы талап-арыз берді. Айыптау үкімі шығарылған жағдайда бұл залал да өтелуге жатады.

Осы ұйымдардың бірқатар басшыларының тергеу органдарынан жалтарып отырғанын атап өту маңызды. Осыған байланысты бүгінгі күні «Имсталькон» АҚ бұрынғы басшысы және акционері Владимир Кананыхин, «РЭМИКС-Р» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Тимур Беспаев, сондай-ақ, «Казнефтехим» АҚ басшысы және акционері Еділ Киришев іздестірілуде. Оларды іздеу екі жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді.


Просмотров 4180

Тізімге оралу