"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

18.07.2017

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының Алматы облысының басшылығы және тұрғындарымен кездесуі

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева Алматы облысына жасаған іссапары барысында 2017 жылдың 18 шілдесінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ғимаратында бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен, қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары, Талдықорған мен Текелі қалалары және Көксу, Ескелді, Қаратал аудандарының тұрғындарымен, сондай-ақ БАҚ өкілдерімен кездесті.

Кездесуге жиналғандардың көпшілігін зейнетақы Қорының өңір бойынша қаржылық көрсеткіштері және тұрғындарды зейнетақы қорына тарту мәселелері қызықтырды. «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы ресми деректерге сәйкес Алматы облысы халқының саны шамамен 1,95 млн. адамды құрайтындығын атап өтті. Бұл жерде 1,03 млн. адам – экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындар. Ал олардың ішінде 705,4 мың адам жалдамалы жұмыскерлер болса, шамамен 280 мың адам – өзін-өзі жұмыспен қамтушылар. БЖЗҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалында міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша 510,8 мың шот ашылған. Бұл шоттарда 265,8 млрд. теңге жинақталған. Бұл өңірде еңбек миграциясының жақсы дамығанын атап өткен жөн, оның үстіне Алматы қаласының жақын орналасқандығын ескерер болсақ, оған іргелес орналасқан аудандардың тұрғындарының бір бөлігі осы Алматы қаласында еңбек етеді. Сондықтан, ашылған шоттар мен зейнетақы жинақтарының көлемі бойынша статистикалық мәліметтер Алматы қаласы бойынша деректерді ескере отырып беріліп отыр. 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Алматы қаласы мен Алматы облысында міндетті зейнетақы жарналары бойынша 2,14 млн. шот ашылған (бұл бүкіл республика бойынша көрсеткіштің 23 пайызын құрайды) және оларға жарналар түсіп тұрады.

2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Алматы қаласы мен Алматы облысы тұрғындарының міндетті зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі шамамен 1,7 трлн. теңгені немесе Қазақстан Республикасы бойынша міндетті зейнетақы жинақтарының жалпы көлемінің 24 пайызын құрады.

Нұрбүбі Наурызбаева Қор жұмысын жолға қоюда салымшылар мен алушылардың мүдделеріне және Қордың ашықтығы мен қолжетімділігіне басымдық берілетіндігін баса атап көрсетті. Бүгінгі таңда Алматы облысында БЖЗҚ-ның 12 бөлімшесі – облыстық филиал мен дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Оларда 78 адам қызмет атқарады. Айта кетелік, республика бойынша Қордың 231 дербес қызмет көрсету орталықтары халыққа қызмет көрсетеді. Одан басқа, қашықтықтан кеңес беру және Қор қызметі туралы ақпарат беру арналары – Басқарма төрайымының блогы, Қоғамдық қабылдау, кері байланыс секторы, Қор сайтындағы онлайн-консультация, Қордың әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары және байланыс орталығы белсенді жұмыс атқарады. Байланыс орталығының 1418 қысқа нөміріне Қазақстанның барлық өңірлерінен тегін қоңырау шалуға болады.

Сонымен қатар, «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен кездесті. Кездесу барысында облыс тұрғындарын жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту, олардың қаржылық сауаттылығын арттыру және зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша ақпарат беру мәселелері жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, «Ақпаратты Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасы аясында әріптестік қарым-қатынас орнатып, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен жергілікті атқарушы орган арасында ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастық орнату туралы шешім қабылданды.

Кездесу нәтижесі бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен Алматы облысы әкімдігінің арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумға сәйкес БЖЗҚ кәсіпорындар мен ұйымдарда облыс тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялайтын болады. Өз кезегінде облыс әкімдігі бұл шараларға белсенді түрде қолдау көрсетеді және қажет болған жағдайда қатысып тұрады.

Осы күні «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева Алматы облыстық филиалы жанындағы операциялық бөлім мен Көксу ауданының Балпық би ауылында орналасқан дербес қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен кездесті. Жұмыс отрысы барысында ағымдағы операциялық мәселелер талқыланып, БЖЗҚ қызметінің стратегиялық бағыттары бойынша толыққанды түсініктеме берілді.


Просмотров 5773

Тізімге оралу