"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

04.10.2017

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының Ақмола облысындағы кездесулері

2017 жылғы 4 қазанда «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева Көкшетау қаласында Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалинмен, сондай-ақ облыс активімен, мемлекеттік және қаржылық мекемелердің басшыларымен кездесті. Мақсат – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және өңір тұрғындарын зейнетақы жүйесіне тарту мәселесін талқылау. Ресми деректер бойынша Ақмола облысы халқының саны шамамен 745 мың адамды құрайды. Бұл ретте 438 мыңға жуық адам – экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындар. Ал олардың ішінде 269 482 адам (бұл экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың шамамен 62 пайызын құрайды) – жалдамалы жұмыскерлер болса, 146 950 адам – өзін-өзі жұмыспен қамтушылар. 2017 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Ақмола облысы аумағында 369,7 мың адамның атына міндетті зейнетақы шоты ашылған. Облыс тұрғындарының міндетті жарналар бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 228,5 млрд теңге болды. Ал бұл Қазақстан Республикасында міндетті жарналар бойынша зейнетақы жинақтарының шамамен 3 пайызын құрайды. Ақмола облысы тұрғындарының зейнетақы жинақтары орта есеппен 618 мың теңгені құрайды, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 20,4 пайызға төмен. Әйелдердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 562 мың теңге, ал бұл ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасынан 20 пайызға төмен (ерлерде 701 мың теңге).

Ақмола облысында БЖЗҚ-ның 19 бөлімшесі жұмыс істейді – облыс филиалы және дербес қызмет көрсету орталықтары. Оларда ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша жыл басынан бері 142 465 операция жасалған. Ақмола облысында 165 743 адам зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдған.

Кездесу барысында облыс тұрғындарын жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту, олардың қаржылық сауаттылығын арттыру және зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша ақпарат беру мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен Ақмола облысының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Осы келісім аясында аталған мәселелерді шешу жолында бірлескен игі шараларды жүзеге асыру көзделеді. БЖЗҚ Меморандумға сәйкес жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдарда облыс тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялайтын болады. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруда облыс әкімдігі қызу қолдау көрсетеді.

Осы күні «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы журналистермен кездесіп, «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалының «Әлеумет» қоғамдық-саяси бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбат барысында Нұрбүбі Наурызбаева зейнетақы жүйесінің демографиялық және экономикалық факторларды ескере отырып, өзінің тиімділігін арттыруға ұмтылуы керектігін атап өтті. Бұл жерде басты талап - зейнетақы жинақтарының жеткілікті дәрежеде болуы. Сонымен қатар Басқарма төрайымы Қор жұмысының көрсеткіштері, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік берілетінді, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілдері және зейнетақы жүйесінде жоспарланып отырған негізгі өзгерістер, олардың ішінде базалық зейнетақыны есептеу тәсілінің өзгеретіндігі мен 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің тек ай сайын төленетіндігі жайында жан-жақты әңгімеледі.


Просмотров 5459

Тізімге оралу