"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

28.04.2018

БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің жұмыс тобы өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды зейнетақы жүйесіне тарту және зейнетақы активтерін инвестициялау мәселелерін талқылады

«БЖЗҚ» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің ақпараттық хабарламасы


«БЖЗҚ» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің жұмыс тобының отырысы болды. Күн тәртібінде мынадай тақырыптар көтерілді:

  1. БЖЗҚ-ның өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту бойынша ұсынысын талқылау, оны Қоғамдық кеңестің қолдауы және одан әрі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдау;
  2. зейнетақы активтерін инвестициялау барысында тәуекелдерді басқару жүйесі туралы көрнекі баяндама жасау;
  3. проблемалық эмитенттердің облигациялары бойынша берешектерді өтеу жайында ақпарат беру.

Басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева БЖЗҚ-ның тиісті заңнаманы өзгерту туралы ұсынысы жайында әңгімеледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамтылған тұрғындардың әрбір санатына арналған зейнетақы жарналарының мөлшеріне қатысты ұсынған, жұмыспен қамтылған тұрғындардың жаңа сыныптамасы ескерілді. Одан басқа, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды зейнетақы жүйесіне қатыстыру үшін ынталандыру және әкімшілік кедергілерді азайту жөнінде ұсыныстар жарияланды. Айта кетелік, мұндай шараларға алғашқы жарна келіп түскенде жеке зейнетақы шотының автоматты түрде ашылуы, мемлекет тарапынан қарсы төлемдер секілді қызметтерді жатқызуға болады.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлері дербес басқару аясында ұлттық реттеушінің арнайы механизм әзірлегендігін баяндады. Ол макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау негізінде инвестициялық жағынан тартымды елдерді таңдауға мүмкіндік береді. Ал бұл елдер JPMorgan және Merrill Lynch компанялары әзірлеген және қадағалайтын, дамушы елдер облигацияларының ғаламдық индексіне енген. Зейнетақы активтерінің валюталық портфеліне қатысты жаңа стратегиялық үлестірім аясында зейнетақы активтері дамушы және дамыған елдердің облигациялары мен акцияларының ғаламдық индексіне инвестицияланатын болады. Бұл жерде индекс - тәуекел мен табыстылықтың белгілі бір шамаларына жауап бере алатын қаржы құралдарының жиынтығы. Оларды инвесторлар өздерінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне жауап бере алатын эталонды портфельдер ретінде қолданады.

Өз кезегінде БЖЗҚ өкілдері проблемалық эмитенттерге қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімдеді. Қазіргі уақытта Қор портфелінде дефолтқа жол берген 20 компания бар. Олардың атаулы құны бойынша берешектерінің жалпы сомасы 41,15 млрд теңгені құрайды. Қор заңгерлері борышкерлердің әрбір тобына қатысты атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде әңгімелеп, қайтарылған берешектердің сомасын жариялады. Сонымен қатар, отырыста БЖЗҚ-ның барлық берешектерді азаматтық және қылмыстық тәртіпте қайтаруға күш салатындығы атап өтілді. БЖЗҚ-ның меншікті активтеріне қатысты мәміле бойынша елеулі соманы зейнетақы қорының бұрынғы басшыларынан өндіріп алу туралы сот шешімін Қор заңгерлері үлгі боларлық іс деп санайды. Олардың пікірінше бұл құқық қорғау органдарының берешектерді қайтару жолында сенімді жұмыс істеуіне септігін тигізеді.


Просмотров 5091

Тізімге оралу