"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

27.06.2018

БЖЗҚ-ның зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялар

Ақпараттық технологиялар Қордың алдында заманауи кезеңде тұрған стратегиялық міндеттерді шешу құралдарының ажырамас бөлігі. Қордың негізгі ақпараттық жүйелеріне зейнетақы жинақтарының жеке есебін жүргізу, зейнетақы жүйелерінің инвестициялық және бухгалтерлік есептерін жүргізу жүйелері жатады. 2018 жылдың 5 айында Қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы филиалдардың операциялық қызметкерлері 9,5 млн операцияны жүзеге асырды.

2017 жылдың соңында KPMG аудиторлық компаниясы Қордың ақпараттық жүйесін аудиттен өткізді. Аудиторлар Қордың негізгі үдерістерінің автоматтандырылу деңгейі 82 пайызды құрайтынын атап өтті. 2017 жылдың екінші жартысынан бастап Қор зейнетақы қызметтерін көрсететін негізгі жүйелердің тоқтап қалу уақытын бақылауға алды. Ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеу көрсеткіші - 99,98%-ды құрады.

2018 жылы зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық қызметтердің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін метрокластер құру және Алматы мен Астана қалаларында ақпараттар өңдеудің резервтік орталығын жасақтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаны жүзеге асыру еліміздің облыстарының бірінде үлкен табиғи немесе техногендік апат болғанның өзінде, Қордың ақпараттық қызметін үздіксіз және толыққанды ауқымда жалғастыруға мүмкіндік береді.

Зейнетақы заңнамасының өзгеруіне және электрондық сервистердің дамуына байланысты жеке мәліметтерді есептеу жүйесі әрдайым жаңартылуда. Мысалы, 2018 жылдың басында жүйеде зейнетақы төлемдерін кесте бойынша, соның ішінде зейнетақы төлемдерін кесте бойынша ай сайын жүзеге асыруға қатысты міндет-тәсілдері жаңартылды. Қор қызметтерін БЖЗҚ бөлімдеріне барып қана емес, дәстүрлі және электронды пошта арқылы, www.enpf.kz сайтында «жеке кабинет» ашу арқылы, ұялы қосымша көмегімен, e-gov.kz электрондық үкіметі сайтында, өз-өзіне қызмет көрсету терминалдарында да алуға болады. Бұл қызметтерге жүгінушілер қатары күн санап артып келеді.

ENPF ұялы қосымшасын жүктегендер саны 2018 жылдың 5 айында 305,8 мың бірлікке жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық (287 мың жүктеме).

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы зейнетақы қоры enpf.kz сайты арқылы зейнетақы шотын ашуға арыз беру, жеке деректемелерге өзгеріс енгізу, интернет-хабарландыру әдісін таңдау, төлем жасауға өтініш беру, оның орындалуын онлаин-режимде қадағалау сынды бірқатар электрондық қызмет түрлерін енгізді. Биыл enpf.kz сайты арқылы зейнетақы келісімінің көшірмесін алу қызметі қолжетімді болды. Электрондық қызметтер бар-жоғы бірер минутта көрсетіледі.

Жаңа электрондық қызметтер іске қосылғаннан бері ол 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін 55 800 рет қоданылған. Нақтылар болсақ, Қор сайтындағы «жеке кабинет» арқылы 12 500 жеке зейнетақы шоты ашылған (ЖСН және құпия сөз немесе Халыққа қызмет көрсету орталығында берілетін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы). 3 226 алушы (зейнетақы жасына келген немесе 1, 2 топтағы мүгедектігі мерзімсіз тағайындалған азаматтар) зейнетақы төлемдерін жасау туралы өтініш берген. Жеке деректемелерге 30 794 өзгеріс енгізіліп, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарландыру әдісін өзгертуді интернетке арқылы алу бойынша 9 320 операция жасалған.

Қазіргі уақытта ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «электрондық үкімет» шлюзы арқылы ҚР Әділет министрлігінің Мемлекеттік ақпараттар базасындағы «Жеке тұлғалар» бөлімімен шұғыл ақпарат алмасу үшін үйлестіру үдерістері белсенді жүргізілуде. Таяу арада Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және БЖЗҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін бір-бірімен үйлестіру арқасында зейнетақы тағайындау жөніндегі композиттік қызмет қолжетімді болады. Оған «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау», «Жасы келуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау», «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау», «Зейнетақы жинақтарына мемлекеттік кепілдік төлеу» қызметтері кіреді.

Бүгінде кең қолданысқа енген «Facebook», «ВКонтакте», «Твиттер», «Одноклассники» және «Instagram» сынды әлеуметтік желілермен қатар, Қор биылдан бастап чат-боттар мен Telegram, Whatsapp, мессенжерлер арқылы ақпарат тарату шарасын енгізуде. Барлық байланыс арналары зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі туралы қажетті ақпарат алуға, ал керек жағдайда нақты жеке сауалдар бойынша кеңес алуға мүмкіндік береді.

Таяу уақытта салымшылармен өзара байланысты жеделдету мақсатында Whatsapp ( 8-777-000-1418 номері) арқылы ақпаратты Қор кеңсесіне барып, қоңырау шалмай-ақ автоматты режимде алуға жол ашатын болады.

БЖЗҚ-да қолданылатын ақпараттық технологиялар зейнетақы қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өткен абзал.


Просмотров 4531

Тізімге оралу