"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

07.08.2018

БЖЗҚ проблемалық эмитенттермен жұмысын жалғастыруда

2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Қор 20 проблемалық эмитенттермен жұмыс істеуде және олардың атаулы құны бойынша берешегінің жалпы сомасы 41,15 млрд теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы зейнетақы активтерін шоғырландыру нәтижесінде БЖЗҚ портфеліне өткен 32 эмитенттің атаулы құны бойынша берешегінің жалпы сомасы 161,45 млрд теңге болған еді.

«Қазақстан қағазы» АҚ эмитенті бойынша – 2017 жылдың желтоқсанында оңалту шаралары тоқтатылды және банкроттық рәсімі қолданылды. Алайда Қор оңалту шараларының тоқтатылуымен келіспеуіне байланысты  2018 жылы  Жоғарғы Сотқа өтініш жолдады. Осы жылдың шілде айында Жоғарғы Сот оңалту шараларын тоқтату туралы бұрынғы сот актілерінің күшін жою, істі Жоғарғы Соттың азаматтық істер бойынша алқасының сот отырысында қарау туралы шешім шығарды. Істі қайта қарау биылғы жылдың 22 тамызына белгіленген.

Қор борыштарды азаматтық тәртіпте қайтарудың бүкіл мүмкіндіктері нәтиже бермеген эмитенттерге қатысты шараларды қылмыстық-құқықтық негізде шешу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім осы бағыттағы жұмыстардың ілгерілеуіне айтарлықтай ықпал етті.

Зейнетақы активтеріне зиян келтірген тұлғаларды жауапқа тарту туралы Қор жұмысының нәтижесінде «РЭМИКС-Р» АҚ лауазымды қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің «Аса ірі көлемдегі алаяқтық» бабы бойынша  және «Өрнек XXI» АҚ басшыларына қатысты «Аса ірі көлемде қаржы жымқырған» (ескі редакция) бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Рэмикс-Р» компаниясына қатысты Қылмыстық іс аясында Қорға келтірілген шығын көлемін анықтау мақсатында аудиторлық тексеру, сонымен қатар ҚР Ұлттық Банкінің қатысуымен тексеру жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша эмитенттің лауазымды тұлғаларының әрекетіне баға берілетін болады.

Ұлттық Банктің «Өрнек ХХІ» компаниясына қатысты облигациялық қарызды мақсатты пайдаланылуын тексеру барысында эмитент басшылығының облигацияларды орналастыру барысында 2 млрд теңгеден астам қаржыны   проспектіде белгіленбеген мақсаттарға жұмсағаны анықталды.

Сонымен бірге, кейбір эмитенттер Қор алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтаруда. Соның ішінде 2010 жылы «Атамекен» және «Ұлар үміт» зейнетақы жинақтаушы қорларының облигацияларын сатып алған  «HOMEBROKER» АҚ бар. 2014 жылы компания дефолтқа жол берген. 

Эмитенттің мүлігі мен активтерінің болмауына байланысты Қор алдындағы берешекті өтеудің жалғыз жолы – сол эмитенттің дебиторлық қарызы арқылы өтеп алу. Бұл ретте эмитенттің борышкерлері Асаубаев Бауыржан Қанатұлының мұрагерлері болып табылады. Ол кезінде эмитент алдында үшінші тұлғалардың қарызы үшін жеке өзі кепілдік берген.

Алайда 2017 жылы маусымда Алматы қаласының арнаулы мамандандырылған экономикалық сотыны шешімімен Асаубаев мырзаның мұрагерлері эмитенттің борышкерлері тізімінен алынып тасталды. Қор бұл шешімге қатысты ҚР Жоғарғы Сотына шағым түсірді. ҚР Жоғарғы Соты БЖЗҚ-ның шағымын қанағаттандырғанына қарамастан, 2018 жылдың 31 шілдесінде  Алматы қалалық сотының шешімімен Б. К. Асаубаевтың мұрагерлері Эмитент борышкерлері тізімінен тағы да шығарылып тасталды. Енді сот актісі алынып, қаралған соң, Қор бұл шешімге қатысты шағым түсіру бойынша шара қабылдайтын болады.

Тағы бір эмитент - «Тема.Ко» АҚ жетекшісі Г. А. Ахметов және эмитенттің бенефициарлық меншік иелерінің бірі Б. А. Ахметов облигациялық қарызды өзге мақсатқа пайдаланғаны үшін жауапкершіліктен жалтарып, сот шешімін орындамау үшін басшылар мен құрылтайшыларды жалған жеке тұлғаның атына аударып, компанияны жоқ мекенжайға қайта тіркеген. Алайда Қор жұмыстарының арқасында эмитенттің заңсыз қайта тіркелуіне тосқауыл қойылды. Әділет органдары заңды тұлғалар базасына түзету енгізіп, «Тема.Ко» компаниясының бұрынғы мекенжайын қалпына келтірді. Қазіргі кезде Ұлттық Банк аталмыш эмитенттің облигацияларын «Отан» зейнетақы жинақтаушы қорының сатып алуы қаншалықты заңды екенін тексеруді аяқтауға жақын.

«Казнефтехим» АҚ-тың 2005 жылы зейнетақы активтері есебінен құрал-жабдық сатып алуға тартқан 1,03 млрд теңге көлеміндегі облигациялық қарызы өзге мақсатқа жұмсалған. Осыған орай, Қор эмитенттің басшысы Е. Л. Киришевті  Қылмыстық кодекстің «Қаржы жымқыру, талан-таражға салу» және «Облигациялық қарызды өзге мақсатқа жұмсау» баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы құқық қорғау органдарына шағым түсірді. Құқық қорғау органдарының ақпаратына сай, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары тек Киришевтің қайда екені анықталғаннан кейін басталады. Қазір оған жазасын өтеуден бой тасалап жүргені үшін іздеу жарияланған.

Қор зейнетақы активтерін талан-таражға салған тұлғаларды және сот шешімдерін орындауға кедергі келтіріп жүрген азаматтарды жауапқа тарту үшін барлық әрекеттерді жүзеге асыруда.


Просмотров 4258

Тізімге оралу