"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

13.12.2018

Дөңгелек үстел барысында жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 20 жылдығы және оның дамуының негізгі бағыттары талқыланды

Бүгін «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: қорытындылар, сын-тегеуріндер, даму келешегі» тақырыбында Дөңгел үстел ұйымдастырылды.

Форум-кеңес түріндегі шара БЖЗҚ бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Оған Қор қызметкерлері және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының өкілдері, сондай-ақ кәсіподақтар, кәсіпкерлер палатасы мен аталмыш жүйенің бастауында тұрған тұлғалар, жетекші сарапшылар, саясаттанушылар, экономистер, БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері, журналистер және салымшылар (алушылар) қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу себептерін, БЖЗҚ-ны құрудың артықшылықтары мен кемішін тұстарын, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады. Сонымен қатар қазақстандықтар, әсіресе жастар арасында зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін қалыптастыру және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жүйеге тарту мәселелері, сондай-ақ зейнетақы капиталын қалыптастыруда ерікті зейнетақы жарналарының алар орны бойынша пікір алмасты.

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева өзінің кіріспе сөзінде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жемісті жұмыс істеп жатқандығын және даму келешегі айқын екендігін атап өтті.  2018 жылдың 1 желтоқсанына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымшылар мен алушылардың 10 млн астам жеке зейнетақы шоттары ашылған. Оларда 9,1 трлн теңге сомасында зейнетақы жинақтары шоғырландырылған. Жүйе іске қосылғаннан бері оған зейнетақы жарналары ретінде барлығы 6,6 трлн теңге аударылды. Ал төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударылған жинақтардың жалпы көлемі 1,2 трлн теңгені құрады. Жинақтардың үштен бірінен астамы салымшылар мен алушылардың шоттарына инвестициялық басқарушылардың күшімен инвестициялық табыс ретінде келіп түскен.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағынының бірыңғай операторы болып табылады. Қордың миссиясы – қызмет сапасын көтеру, зейнетақы активтерін дұрыс есепке алу, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін көтеру арқылы зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда салымшыларға ұйымдастырушылық көмек көрсету. БЖЗҚ-ның негізгі стратегиялық міндеті – зейнетақы қызметтерінің сапасы және қолжетімділігін қамтамасыз ету. Қордың қызметі ашықтық және айқындылық қағидасына негізделген.

Заманауи жинақтаушы зейнетақы жүйесі алдында ашықтық, инвестициялық табыстылық мәселелерімен қатар, Қазақстан үшін өзектілігі артып жатқан бірқатар сын-тегеуріндер бар.

Бұл халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне барынша тарту, сонымен қатар жоғалтқан еңбек табысының орнын басу коэффициентін арттыру. 2017 жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ-ның сараптамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі зейнетақы төлемдерін алушылардың орташа ауыстыру коэффициенті 43 пайызды құрады. Мұнда базалық және ортақ зейнетақы ескерілді. Жинақтаушы құрамдауыш есебінен ауыстыру коэффициентін ұлғайтуға 2020 жылдан бастап енгізілетін шартты-жинақтаушы құрамдауыш – жұмыс берушілердің өз жұмыскерлерінің пайдасына аударатын 5 пайыздық міндетті зейнетақы жарналары елеулі түрде ықпал ете алады.

Одан басқа, міндетті жарналарды ерікті зейнетақы жарналарымен еселендіруге болады. Бірақ, өкінішке қарай бұл жарналар елімізде әлі жеткілікті дамымаған. Халықты ерікті зейнетақы жоспарларына тартудың негізгі шарттары: жеңілдетілген салық салу, ерікті зейнетақы жинақтары бойынша тартымды жағдайлар жасау, жұмыс беруші немесе мемлекет тарапынан бірлесіп қаржыландыру, халықтың хабардарлығын арттыру.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстанның бұдан 20 жыл бұрын зейнетақы реформасын жүргізуі қоғам және экономика үшін маңызды қадам болғанын атап өтті. Сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту қажеттілігі айтылды. Жүйенің табыстылығы көп жағдайда елдегі экономикалық ахуалға тәуелді екендігі белгілі. Өйткені экономиканың нақты салаларының өсуі еңбек өнімділігі мен халық табысының артуына септігін тигізеді.


Просмотров 4508

Тізімге оралу