"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

27.12.2019

Зейнетақыңызды дер кезінде рәсімдеңіз

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) жалпыға белгіленген зейнет жасына толған адамдардың (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер биыл 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін 59 жасқа, ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан – 59,5 жасқа толғанда), I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандардың Қордан міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан құралған жинақтары есебінен арнайы кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екендігін тағы да еске салады.

Айта кетелік, 2018 жылдың қазан айынан бастап мемлекеттік зейнетақылар мен БЖЗҚ төлемдерін рәсімдеу үшін бірыңғай өтініш пен құжаттар топтамасын «Бір терезе» қағидаты бойынша ұсынуды жүзеге асыру мақсатында Композиттік қызмет енгізілген болатын. Осылайша зейнет жасына толған азаматтар Қор төлемдерін рәсімдеу үшін жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталығына, ал I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар Қордың өз кеңсесіне немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы бар болса, Қор сайты арқылы өтініш береді. Зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап тағайындалады және жинақталған қаражат таусылғанша жүзеге асырылады. Бұл ретте өтініш пен құжаттар топтамасын Халыққа қызмет көрсету орталығына (яғни, зейнет жасына толуға) 10 күн қалғанда беруге болатындығын айта кеткен жөн.

Алушы Қор төлемдерін рәсімдеу үшін өтінішпен қатар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен салыстыру үшін түпнұсқасын, сондай-ақ банк шоты туралы мәлімет ұсынады. Оның осы шотына Қор төлемдері мен мемлекеттік зейнетақылар ай сайын бір мезетте түсіп тұрады.

Қордан зейнетақы жинақтарын біржолғы төлем ретінде де алуға болады. Бірақ біржолғы төлем зейнетақы жинақтарының көлеміне байланысты жүзеге асырылады. Егер зейнеткер өтініш берген күні оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл (2019 жылы) ең төменгі зейнетақының көлемі: 36 108 теңге. Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 433 296 теңге.

«БЖЗҚ» АҚ зейнеткерлік жасқа толған және зейнетақы жинақтары бар азаматтарға Қордан зейнетақы төлемдерін алу қажеттілігі туралы үнемі хабарлап тұрады. Бірақ соған қарамастан қазіргі уақытта зейнет жасына толған 200 мыңнан астам адам әлі күнге дейін БЖЗҚ-ға келіп өтініш жасамаған.

Дейтұрғанмен БЖЗҚ биыл жалпы сомасы 134 миллиард теңгеге 1,4 миллиондай төлемді жүзеге асырды. Оның ішінде белгіленген кесте бойынша ғана емес, зейнет жасына толуға байланысты біржолғы төлемдер, сондай-ақ мүгедектікке, жерлеуге, мұрагерлікке және шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер де бар.


Просмотров 4703

Тізімге оралу