"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

27.12.2019

2019 жылдың 1 желтоқсанына қарасты БЖЗҚ-ның негізгі көрсеткіштері

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) жарналардың барлық түрлері бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарының саны 10,6 млн бірліктен асты.

БЖЗҚ – бүгінде 10,6 миллионнан астам шоттың есебін жүргізетін және әкімшілік ететін тұрақты қаржылық институт. Бұл шоттарда жинақталған қаражаттың сомасы 2019 жылдың 1 желтоқсанына қарай 10,7 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 14 пайызға көбейді. Өсу қарқыны негізінен міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған шоттарда байқалады – олардағы жинақ сомасы 10,4 трлн теңгені (жалпы соманың 97,7 пайызы) құрап, жыл басынан бері 14 пайызға өсті.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақталған қаражаттың сомасы 241,8 млрд теңгеге жетсе (бүкіл жинақ ақшаның 2,3 пайызы), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтардың сомасы 1,9 млрд теңге болды (0,02 %).

Салымшылардың МЗЖ есебінен ашылған шоттарында жинақталған қаражаттың орташа сомасы – 1,1 млн теңге, МКЗЖ бойынша – 493,8 мың теңге және ЕЗЖ бойынша – 49,4 мың теңгені құрады.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтардың орташа көлемі ерлерде – 1,2 млн теңге (жыл басынан бергі өсім – 9%), әйелдерде – 933,4 мың теңге (жыл басынан бергі өсім – 11%).

Міндетті зейнетақы жарналарын зейнетақы қорына 1998 жылдан бері тұрақты аударып келген ер азаматтардың жинақтарының орташа көлемі – 5,1 млн теңге, ал әйелдерде – 3,9 млн теңге.

Жыл басынан бері салымшылар мен алушылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс 600,5 млрд теңгені құрады. Ал зейнетақы активтерінің табыстылығы 2019 жылдың 11 айында 6,16 пайызды көрсетті. Бұл кезеңдегі инфляция 4,7 пайыз болды. Жылдық тұрғыдан алғанда зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай ішінде 8,13 пайызға жетсе, осы кезеңдегі инфляция деңгейі 5,4 пайызды көрсетті. Яғни, зейнетақы активтерінің табыстылығы оң сипатқа ие.

Ағымдағы жылдың 11 айында 292,6 мың адамға 185,8 млрд теңге көлемінде зейнетақы төлемдері берілді. Оның ішінде:

- зейнет жасына толуға байланысты – 59,5 млрд теңге;

- 1 және 2 топта мерзімсіз мүгедектігі бар жандарға – 1,6 млрд теңге;

- Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 44,6 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша – 25,2 млрд теңге;

- жерлеуге байланысты – 2,9 млрд теңге;

- басқа тұлғаларға – 0,1 млрд теңге;

- өмірді сақтандыру бойынша компанияға (ӨСҚ) – 52,0 млрд теңге төленді.

Салыстыратын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде БЖЗҚ-дан 156,0 млрд теңге төленген болатын. Оның ішінде мұрагерлік бойынша – 20,7 млрд теңге төленсе, сақтандыру ұйымдарына – 22,2 млрд теңге аударылды.

Биыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының енгізілгеніне бес жыл толды. Соған сәйкес салымшылар міндетті зейнетақы жарналарымен қатар міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы аннуитетін алуға қол жеткізді. Сақтандыру ұйымдарына аударылатын жинақтардың көлемі осы себептен артуда.

Кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 21 102 теңгені құрады. Бұл ретте ай сайынғы ең жоғары төлем 514 666 теңге болды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры келе жатқан Жаңа – 2020 жыл қарсаңында Қордан зейнетақы төлемдері зейнет жасына толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін 59 жасқа толғанда) берілетіндігін тағы да еске салады. Бұл ретте әйелдердің зейнетке шығу жасы 2027 жылға дейін 63 жасқа жеткенше жылына 6 айға ұзартылып отырады.

Егер әйел адам зейнеткерлік жасқа биылғы жылдың 30-31 желтоқсанында толатын болса, онда оған 10 күн қалғанда, яғни 21-31 желтоқсан аралығында Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтініш беруі қажет. Егер қандай да бір себеппен келе алмаса, зейнетақыны рәсімдеу үшін тағы 6 ай күтуіне тура келеді. Өйткені 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 11-бабының 1 тармағына сәйкес зейнеткерлікке 59,5 жасқа толғанда шығады.


Просмотров 3832

Тізімге оралу