«БЖЗҚ» АҚ проблемалы эмитенттермен зейнетақы активтерін қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда
17.04.2025
2025 жылғы 11 және 14 сәуірде "Имсталькон" АҚ зейнетақы активтері бойынша шамамен 2,65 млрд теңге көлеміндегі берешек қалдығын өтеді (эмитенттің жалпы берешегі 3,87 млрд теңге болған). Бұл проблемалы эмитенттердің «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларының пайдасына соңғы уақытта өтеген ірі берешектерінің бірі.
Проблемалық эмитенттер – бұл қаржы құралдары бойынша дефолтқа жол берген және олар бойынша өз міндеттемелерін орындауды тоқтатқан компаниялар. Мұндай жағдайда инвесторлар төлемдерді белгіленген күннен кешіктіріп алуы немесе оларды толығымен жоғалтуы мүмкін.
Проблемалық активтердің негізгі бөлігі БЖЗҚ-ға 2014 жылы барлық зейнетақы активтерін біріктіру шарасы аяқталғаннан кейін өтті.
Содан бері БЖЗҚ алдында өтелген зейнетақы активтері бойынша берешектің жалпы сомасы 37,37 млрд теңгені құрады, оның ішінде:
2014-2016 ж.ж. – 1,48 млрд теңге,
2017 ж. – 1,25 млрд теңге,
2018 ж. – 14,85 млрд теңге,
2019 ж. – 4,5 млрд теңге,
2020 ж. – 2,13 млрд теңге,
2021 ж. – 827 млн теңге,
2022 ж. – 3,19 млрд теңге,
2023 ж. – 4,42 млрд теңге,
2024 ж. – 1,57 млрд теңге;
2025 ж. – 3,15 млрд теңге төмендегі эмитентерден түсті:
• «Имсталькон» АҚ – 2,8 млрд теңге;
• «Абди Компани» АҚ – 208 млн теңге (купондық сыйақыны өтеу);
• «КСМК-2» ЖШС – 7,76 млн теңге (өндірістік атқару аясындағы берешек қалдығын өтеу);
• «Төрт-Құдық» тау-кен байыту компаниясы» АҚ – 32,8 млн теңге (өндірістік атқару аясындағы өтеу);
• «РЭМИКС-Р» АҚ – 103,06 млн теңге (өндірістік атқару аясындағы өтеу).
Барлық қаражат зейнетақы активтері бойынша кірістерге жататынын және олар қайтарылғаннан кейін салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына бөлінетінін атап өту керек.
2025 жылғы 15 сәуірдегі жағдай бойынша бағалы қағаздар және екінші деңгейлі банктердегі (ЕДБ) салымдар бойынша борыштарды қоса алғанда, 15 проблемалы эмитенттің берешек зейнетақы активтерінің қалған жалпы сомасы 61,61 млрд теңгені құрады.
БЖЗҚ берешекті қайтару бойынша жүзеге асыратын, заңнамада көзделген шараларға байланысты проблемалық эмитенттер келесі топтарға бөлінеді:
1. Оңалту рәсімі қолданылған эмитенттер:
Бұл топпен жұмыс аяқталды. Оған 1 ғана эмитент - "Имсталькон" АҚ кірді.
Бұл эмитентке қатысты Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 31.12.2020 ж. үкіміне негізделген залалды өтеу жөніндегі сот шешімі аясында эмитенттің кінәлі лауазымды адамдары 8 906 451 теңге мөлшеріндегі соманы қайтарды. Оңалту жоспарын орындау аясында аталған эмитент жоғарыда айтылғандай, 2025 жылғы сәуірде берешек қалдығын толық өтеді.
2. Оларға қатысты талап-арыз жұмысы/ атқарушылық іс жүргізу жүзеге асырылатын эмитенттер:
Барлығы 10 эмитент: "РЭМИКС-Р" АҚ, "ҚазМұнайХим" АҚ, "Астана-Жылжымайтын мүлік" АҚ, "Mineral Resourses of Central Asia" АҚ, "Төрт-Құдық" тау-кен байыту комбинаты" АҚ, "АПК-Инвест" корпорациясы" ЖШС, "ҚазЭкспортАстық" холдингі" АҚ, "REAL-INVEST.kz" Қаржы компаниясы" АҚ,"Атамекен-Агро "АҚ және "Нұрбанк" АҚ.
Эмитенттердің бұл тобының номиналды құны бойынша қалған берешегінің сомасы 40,64 млрд теңгені құрайды.
3. Оларға қатысты банкроттық/мәжбүрлеп тарату рәсімі жүзеге асырылатын эмитенттер:
Бұл топқа 5 эмитент кіреді: "Валют-Транзит-Банк" АҚ, "GLOTUR" АҚ, "Qazaq Banki" АҚ, "Эксимбанк Қазақстан" АҚ, "Альтернативтік Қаржы" АҚ.
ағалы қағаздардың номиналды құны бойынша эмитенттердің бұл тобының қалған берешегінің сомасы 17,63 млрд теңге және екінші деңгейлі банктердегі (ЕДБ) депозиттер бойынша - 3,34 млрд теңге (негізгі борыш). БЖЗҚ өкілдері осы эмитенттердің банкроттық рәсімдеріне кредиторлар жиналыстары мен комитеттеріне мүше ретінде қатысады. Бұл борышкерлердің негізгі проблемасы – банкроттың қарызды өтеу үшін жеткіліксіз мүліктік массасы. БЖЗҚ талаптары оңалту және банкроттық туралы заңнамаға сәйкес 4-6 кезекке енгізілген.
Сонымен қатар, зейнетақы активтерін қайтару бойынша құқық қорғау органдарымен жұмыс жалғасуда.
2025 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗҚ-ның қатысуымен 7 эмитентке қатысты қылмыстық іс жүргізілуде – "Mineral Resources of Central Asia" АҚ, "Қазмұнайхим" АҚ, "LANDSBANKI HF", "Астана-Жылжымайтын мүлік" АҚ ("Астана-Қаржы" АҚ), "Эксимбанк Қазақстан" АҚ, "Premier страхование" АҚ, "Роса" АҚ.
Қазір "Эксимбанк Қазақстан" АҚ, "Қазмұнайхим" АҚ, "Астана-Жылжымайтын мүлік" АҚ ("Астана-Қаржы"АҚ) лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары бойынша үш қылмыстық істің мерзімдері үзілді. Тергеу органдарының сотқа дейінгі тергеу мерзімдерін үзу аталған эмитенттердің лауазымды тұлғаларын іздестіру ("Эксимбанк Қазақстан" АҚ және "Қазмұнайхим" АҚ бойынша) және халықаралық тергеу тапсырмасын құзыретті органдарға ("Астана-Жылжымайтын мүлік" АҚ ("Астана-Қаржы"АҚ) жолдауына байланысты жүзеге асырылды.
БЖЗҚ салымшылардың мүддесі үшін зейнетақы активтерін қайтару бойынша жұмысты жалғастырады.