Филиалды таңдаңыз:
Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртiппен зейнетақы төлемдерiн алушының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) салымшылардың өз ықтияры бойынша салатын ақшасы.
БЖЗҚ-ға ерікті зейнетақы жарналарын:
1. өз табысы есебінен өз пайдасына жеке тұлғалар; 2. алушының (үшінші тұлғаның) пайдасына жеке және заңды тұлғалар болып табылатын салымшылар енгізеді. |
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақылық қамсыздандыру туралы шарт жасасу (әрі қарай - шарт) БЖЗҚ-ға жеке өзі салымшы (алушы), салымшы және алушы (үшінші тұлғаның пайдасына шарт жасау кезінде) немесе нотариалды куәландырылған сенімхаттың негізінде кәмелетке толмаған тұлғаның заңды өкілі, сенімді өкілі жүгінген кезде жүзеге асырылады.
Егер жеке тұлғаның (алушының) бұрын ашылған ерікті зейнетақы жарналарын есептеу үшін жеке зейнетақы шоты (әрі қарай - ЖЗШ) бар болса (шарт бойынша салымшының өзгерістері болғанда), ерікті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қайтадан жеке зейнетақы шоты ашылмайды, бірақ бұрын ашылған ЖЗШ мен шарт нөмірімен жаңа шарт жасалатын ағымдағы күнмен жаңа шарт жасалады.
ЕЗЖ есебінен зейнетақылық қамсыздандыру туралы Шарт жасасу үшін:
өз пайдасына шарт жасау үшін салымшы (алушы) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) тапсырады.
үшінші адамның пайдасына шарт жасау үшін, жеке тұлға болып табылатын салымшы мен алушы жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) тапсырады;
үшінші адамның пайдасына шарт жасау үшін алушы жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) тапсырады және заңды тұлға болып табылатын салымшы төмендегідей құжаттарды тапсырады:
1. алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа); 2. жарғының көшірмесі және көзбен көру үшін оның түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі не болмаса типтік жарғы негізінде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаны тіркеу туралы тіркеуші органдармен қабылданған өтініштің көшірмесі және көзбен көру үшін түпнұсқасы (типтік жарғыны ұсыну талап етілмейді); 3. ЭЦҚ бар анықтаманың көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі және көзбен көру үшін оның түпнұсқасы не болмаса нотариалды куәландырылған көшірмесі; 4. Сенімхатсыз клиент атынан әрекет ететін, соның ішінде ақшамен және (немесе) басқа мүлікпен операциялар жүргізу үшін заңды тұлғаның құжаттарына қол қоятын лауазымды тұлғаның өкілеттігін (мәртебесін) растайтын құжат; 5. Өз пайдасына ЖЗШ ашу кезінде агенттің жеке басын куәландыратын құжаттың тұпнұсқасы (ЖСН міндетті түрде болуы керек), және/немесе заңды тұлғаның құрылтайшыларының мемлекеттік тіркеу фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасы (акционерлік қоғамның құжаттарынан басқа, соның ішінде шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы арқылы жүзеге асатын шаруашылық серіктестік құрылтайшыларының құжаттарынан басқа)/акционерлер (қатысушылар) тізілімінен көшірме (шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктері үшін); 6. заңды тұлға атынан құжаттарға қол қоятын, ақшамен және (немесе) басқа мүлікпен операциялар жүргізетін лауазымды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың тұпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі (ЖСН міндетті түрде болуы керек); 7. мемлекеттік лицензияның көшірмесі (егер клиенттің қызметі Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңына сәйкес лицензияланған жағдайда) және оның түпнұсқасы немесе көзбен көру үшін нотариалды куәландырылған көшірмесі; 8. агенттің банктік деректемелері (бизнес-сәйкестендіруші нөмірі (БСН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), бенефициар коды (БеК)). |
Салымшының (алушының) сенім білдірілген тұлғасы БЖЗҚ-ға шарт жасау үшін жүгінген кезде келесі құжаттарды ұсынады:
|
1. сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа); 2. нотариат куәландырған сенімхат не оның нотариат куәландырған көшірмесі; 3. салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі. |
Кәмелетке толмаған тұлға жүгінген кезде түпнұсқалар ұсынылады:
- кәмелетке толмаған тұлғаның тууы туралы куәлігі (18 жасқа дейінгі жаста);
- кәмелетке толмаған тұлғаның (16-дан 18 жасқа дейінгі жаста) және заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттар;
- ата-анасы болмаған жағдайда: қорғаншылық тағайындалғандығын растайтын құжат (қорғаншы тағайындалғандығы туралы анықтама/ баланың патронаттық тәрбиеге берілгендігі туралы шарт).
Кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) (туған күні 2007 жылғы тамызға дейінгілер) жоқ болған жағдайда туу туралы куәлікке қосымша ЖСН тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын беру қажет.
Кәмелетке толмаған тұлғаның (14 жасқа дейінгі жаста) атынан әрекет ететін заңды өкілі шартқа өзінің қолын қояды. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлға заңды өкілдің келісімімен шартқа өзінің қолын қояды, келісім заңды тұлғаның аты-жөнін ашып жазу арқылы шартқа қол қоюмен расталады.
Шарт жасау сәтінде заңды өкіл болмаған жағдайда кәмелетке толмаған тұлға заңды өкілдің қолын нотариалды куәландыра отырып, жазбаша ерікті нысанда жазылған келісімін ұсынады. Бұл ретте заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну талап етілмейді. Бұл жағдайда 16 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлға жүгінген кезде туу туралы куәлікті ұсынудың қажеттілігі жоқ.
Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесін және оларды төлеу тәртібін салымшы (алушы) өзі анықтайды.
Жеке тұлғалар – ҚР резиденттері үшін өз пайдасына төлеген ЕЗЖ төлеу шығыстары бойынша салық шегерімі қолданылады (Салық кодексінің 342 және 248-баптары). Көрсетілген шегерім ЕЗЖ төлеу күні келетін салық кезеңінде қолданылады. Бұл ретте ЕЗЖ бойынша салық шегерімін қолдану үшін растаушы құжаттар ретінде ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт және ЕЗЖ төленгенін растайтын құжат қолданылады.
Зейнетақы төлемдерінің тәртібі «БЖЗҚ» АҚ Зейнетақы қағидалары (Ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша) арқылы белгіленеді.