Филиалды таңдаңыз:
н тұрақталуына, сондай-ақ, коронавирус індетімен (COVID-19) сырқаттану жағдайларының төмендеуіне байланысты коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында бұрын қабылданған бірқатар шектеу шаралары алынып тасталды.
Осыған байланысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бөлімшелерінің көп бөлігі үйреншікті күндізгі қызмет көрсету режиміне оралды. Қазіргі уақытта 171 қызмет көрсету орны алдын-ала жазылу бойынша күндізгі, 5-еуі байланыссыз, 7-еуі қашықтықтан жұмыс істейді.
Күндізгі режимде қабылдауға жазылу - сілтеме.
Филиалдардың жұмыс тәртібі жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері. Түскі үзіліс кезінде, яғни 13:00-ден 14:00-ге дейін операциялық зал желдетуге, ылғалды шүберекпен сүртіп алуға және дезинфекциялауға/кварцтауға жабылады. Сонымен қатар жұмыс күнінің бірінші және екінші жартысында жұмыс үстелін, орындықтарды, есік тұтқаларын және т.б. дезинфекциялауға арналған 15 минуттық екі техникалық үзіліс қарастырылған.
Сонымен қатар БЖЗҚ қызметінің өзге де түрлерін, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, деректемелерді өзгерту, ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасау және т. б. Сіз үйден шықпай-ақ, ENPF ұялы қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтында орналастырылған Жеке кабинет арқылы онлайн режимінде ала алатындығыңызды естеріңізге саламыз (электрондық қызметтерді алу тәртібі бойынша нұсқаулықтар тиісті бөлімдерде қоса беріледі).
Бұдан бөлек, БЖЗҚ-да қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталған барып қызмет көрсету бөлімі қызметі жұмыс істейді. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде қызметті көзбе-көз алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. Азаматтарға барып қызмет көрсету барысында міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы өтініштерді (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштерді) ресімдеу қызметі көрсетіледі. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары санатына жататын салымшыларға (алушыларға), (мерзімсіз уақытқа мүгедектік берілген 1-2 топ мүгедектеріне) санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң түрде сақтай отырып, сапалы қызмет көрсету жүзеге асырылады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры карантин жағдайында халықтың және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «БЖЗҚ» АҚ 2021 жылғы 01 қаңтардан 31 қаңтарға дейін «БЖЗҚ» АҚ байланыс орталығының жұмыс кестесі төмендегідей болатыны туралы хабарлайды:
жұмыс күндері сағат 9:00 – ден 18: 00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері – демалыс.
Қазақстан Республикасында белгіленген ұлттық және мемлекеттік мерекелерге сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сай мереке күндері:
· 01, 02, 03, 04, 07 қаңтар 2021 ж. (жм., сб,. жб., дб., бб.) – мерекелік демалыс күндері.
Сонымен қатар, www.enpf.kz корпоративтік сайтында, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-бот арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар және Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ ресми парақшалары байланыс орталығының жұмыс кестесіне сай болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында және ҚР «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап ең төменгі зейнетақы (ТЗ) мөлшерін 38 636 теңгеден 40 441 теңгеге дейін, ең төменгі күнкөріс (ТК) шамасын 31 183 теңгеден 32 668 теңгеге дейін ұлғайту көзделген өзгерістер мен толықтырулар негізінде БЖЗҚ-дан берілетін мына төлемдер мөлшері арттырылды:
- төлем кестесі бойынша ай сайын жүзеге асырылатын ең төменгі төлем мөлшері 17 640,72 теңге (төменгі күнкөріс деңгейінің 54%) (бұрын 16 838,82 теңге болған),
- бір рет біржолғы берілетін зейнетақы төлемінің мөлшері, яғни өтініш берген күндегі зейнетақы жинағының сомасы ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдай, - 485 292 теңге (бұрын 463 632 теңге).
Бұған қоса мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің (базалық зейнетақы) және мемлекеттік бюджеттен төленетін жасына байланысты зейнетақы төлемінің мөлшері ұлғайтылды.
Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері жиынтық еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылдан кем мерзімді құрайтын адамдар үшін енді 17 641 теңгеге (бұрын 16 839 теңге) тең. Әрбір еңбек еткен жылы үшін төменгі күнкөріс деңгейінің 2% қосылады. Еңбек өтілі 33 жыл және одан көп болса, базалық зейнетақының ең жоғарғы мөлшері төменгі күнкөріс деңгейінің 100% немесе 32 668 теңгені құрайды.
Ең төменгі зейнетақы мөлшері 40 441 теңгеге дейін өсті, бұл жасы бойынша есептелген зейнетақы төлемінің толық көлемдегі мөлшері ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес көлемде тағайындалатын адамдарға қатысты.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан барлық азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 42 500 теңге әлеуметтік төлем енгізілді.
МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемді алу тәртібі туралы ақпарат электрондық үкімет порталында egov.kz немесе 42500.enbek.kz сайтында қолжетімді.