"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққу
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Ертіс
  • Казталов
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қапшағай
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Комсомольское
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұр-Сұлтан
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
  • Явленка
 жеке
 кабинет
 өтінішті
 жолдау
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы
Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға

ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУШЫЛАРҒА АҚПАРАТ


Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар немесе тәуелсіз жұмыскерлер - бұл жеке кәсіпкерлерді, жеке практикамен айналысатын адамдарды, шаруашылық серіктестігінің құрылтайшыларын (қатысушыларын), акционерлік қоғамның акционерлерін (қатысушыларын), өндірістік кооператив мүшелерін қоспағанда, өз қызметін мемлекеттік тіркеусіз табыс алу мақсатында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өндіру (өткізу) жөніндегі қызметтерді дербес түрде жүзеге асыратын жеке тұлғалар. Басқаша айтқанда, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар жұмыс берушілермен ресми түрде жасалған еңбек келісім-шартсыз табыс табатын тұлғалар болып табылады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар бірыңғай жиынтық төлемнің (БЖТ) құрамында өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) аудара алады.

БЖТ мөлшері:
· республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК (2 917 теңге);
· басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін – 0,5 АЕК (1 459 теңге).


БЖТ әлеуметтік төлемдердің төрт түрін біріктіреді:
· жеке табыс салығы (БЖТ жалпы сомасынан 10%);
· әлеуметтік аударымдар (БЖТ жалпы сомасының 20%);
· міндетті зейнетақы жарналары (БЖТ жалпы сомасының 30%);
· міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (БЖТ жалпы сомасының 40%).

Бірыңғай жиынтық төлемді енгізудің басты себебі - бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың қызметін тіркеуді жеңілдету. БЖТ енгізілуімен аталған тұлғалар барлық төлемдерді төлеуге және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, БЖТ-ның артықшылығы - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгеннен кейін медициналық мекемені таңдап, шектеусіз мөлшерде медициналық қызмет түрлеріне қол жеткізе алады.

БЖЗҚ-да өзінің зейнетақы жинақтарын толықтырудан басқа БЖТ төлеушілер үшін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алу мүмкіндігі пайда болды. Жүйеге қатысушы еңбек ету қабілетінен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған және жүктілік пен босану, бала асырап алған, бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер ала алады.

Кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асыратын, бір мезгілде келесі шарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер деп танылады:
1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;
2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
3) қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі - БЖТ) төлеушілер деп танылады. Бұл ретте БЖТ төлеушінің осы тармақшада көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алатын кірісінің күнтiзбелiк жылдағы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің[1] (бұдан әрі - АЕК) 1175 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс.
Жеке тұлғалар БЖТ төлеу жүргізілген күннен бастап мұндай төлемді төлеу жүргізілген айдың соңғы күніне дейін БЖТ төлеушілер деп танылады.

Келесі тұлғалар БЖТ төлеушілер ретінде танылмайды:
1) коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің, сондай-ақ, сауда объектілерінің, оның iшiнде меншік, жалдау, пайдалану, сенiмгерлiк басқару құқығындағы объектілердің аумағында Салық кодексінің 774-бабының 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;
2) тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті мүлiктiк жалға (жалдауға) беретін адамдар;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) қандастарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
5) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар.


БЖТ ҚҰРАМЫНДА ЖАРНАЛАРДЫ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА БОЛАДЫ?

Төлеушілер «ААЖЖЖЖ» форматында БЖТ төлемі жүргізілетін күнтізбелік жылдың айын көрсете отырып, БЖТ төлемін өзбетінше немесе үшінші тұлғалар арқылы өздерінің пайдасына жүзеге асырады. Бұл ретте БЖТ күнтізбелік жылдың ағымдағы және кейінгі айлары үшін төленуі мүмкін.
БЖТ төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленеді (мысалы, «Қазпошта» АҚ арқылы). Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының банктік шотына аударылуы керек (мәліметтер төменде көрсетілген). Ұсталған (есептелген) міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде Мемлекеттік корпорацияға аударылады. Әрі қарай, Мемлекеттік корпорация төлемдерді жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік төлемдер түріне бөледі, содан кейін ЖТС облыстық бюджетке, ал әлеуметтік төлемдер БЖЗҚ-ға, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылады.

Бенефициар

«Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы« КЕАҚ

Бенефициар банкі

«Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы« КЕАҚ

Бенефициар БСК

GCVPKZ2A

Бенефициар ЖСК

KZ47009ESP0163609911

Бенефициар БСН

160440007161

ТТК (Төлем тағайындау коды)

  183


БЖТ СОМАСЫН ҚАЙТАРУ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ?


Мемлекеттік корпорация қате төленген БЖТ сомаларын мынадай жағдайларда төлеушіге қайтаруды жүзеге асырады:
1) төлем тапсырмасының деректемелерінде қателер жіберілгенде;
2) бір төлем құжатында БЖТ сомасы бір кезеңде екі немесе одан да көп рет төленгенде немесе жеке тұлғаға бірнеше рет аударылған жағдайда;
3) МТ-102 төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде қателер жіберілгенде;
4) БЖТ сомасы мөлшерге сәйкес келмегенде;
5) «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер қорында (ЖТ МДҚ) төлеушінің тұрақты тіркеу орыны болмағанда;
6) төлеушінің тіркелген тұрақты орны бойынша тиісті аумақтық мемлекеттік кірістер органының ЖТ МДҚ-да болмағанында.


Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар


1) Мен өзін-өзі қамтушы болып табыламын, ерікті зейнетақы жарналарын аударуға мүмкіндігім бар ма?

Сіз ерікті зейнетақы жарналарын өз пайданызға, үшінші тұлғалардың пайдасына да жүзеге асыра аласыз. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – бұл өзіңіздің зейнетақы капиталыңызды және үшінші тұлғалардың капиталын толықтырудың тамаша мүмкіндігі. Бұл ретте Сіз жарнаның мөлшерін және төлеу кезеңділігін, сондай-ақ, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңының 33-бабында көзделген негіздер бойынша ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын кейіннен төлеу тәртібін өзіңіз айқындайсыз. Айта кетерлік жайт, ерікті зейнетақы аударымдарының сомасы ай сайын сіздің мүмкіндіктеріңіз бен тілектеріңізге байланысты өзгеруі мүмкін.

Жеке тұлғалар өз пайдасына, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар үшінші тұлғаның пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыра алады. БЖЗҚ-да ЕЗЖ есепке алу үшін ашылған жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) болмаған жағдайда, ЖЗШ ашу келесі талаптардың негізінде автоматты режимде жүзеге асырылады:

1. ЕЗЖ аудару кезінде агенттер (заңды тұлғалар) БЖЗҚ-ға ұсынатын жеке тұлғалар тізімдерінің;
2. ЕЗЖ салымшысынан ЕЗЖ бастапқы сомасын БЖЗҚ-ға аудару кезінде өз пайдасына немесе үшінші тұлғаның пайдасына қорға түскен ЕЗЖ;
3. "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы"Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымнан БЖЗҚ-ға келіп түскен кепілдікті өтеудің талап етілмеген бастапқы сомасы.

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен шарт жасасу туралы толық ақпаратты, аудару үшін деректемелерді Қор сайтының мына сілтемесі бойынша таба аласыз: www.enpf.kz.

2) Мен екі немесе одан да көп азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша фрилансер ретінде қосымша жұмыс істеймін. Жарналар қалай төленеді?

Егер сіз ЖК немесе салық агенті болып табылатын заңды тұлғамен немесе жеке тәжірибемен айналысатын тұлғамен АҚС шарт жасассаңыз, онда сіздің жеке зейнетақы шотыңызға міндетті зейнетақы жарналарын аударуды салық агенті міндетті түрде жүзеге асырады. Бұл ретте, шарттардың саны шектелмеген: егер сізде үш шарт болса, онда жарналар барлық үш шарт бойынша түсетін болады.

Егер сіз салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен АҚС келісімшартқа отырсаңыз, онда екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы жеке зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналарын аударуға құқыңыз бар.

Бұл ретте АҚС шарттар арқылы жарналар аударып отыруға кеңес береміз, өйткені бұл зейнетақы капиталын ұлғайтуға – яғни зейнетақы төлемдерін көбірек алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, базалық зейнетақының ең жоғары төлемдерін алу үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қолайлы әсер етеді.

3) БЖТ-ні осы айда өткен айлар үшін төлей аламын ба?

БЖТ-ні жалпы сомамен төлеуге болады. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол емес тәсілмен банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңының талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аудару жолымен жүргізіледі.

БЖТ-ны төлеушілер жекелей немесе үшінші тұлға арқылы өз пайдаларына "ММЖЖЖЖ" форматында БЖТ жүргізілетін күнтізбелік жылдың айын көрсете отырып жүзеге асырады. Бұл ретте БЖТ күнтізбелік жылдың ағымдағы және кейінгі айлары үшін төленуі мүмкін.

Бұл ретте, БЖТ күнтізбелік жылдың ағымдағы және кейінгі айлары үшін төленуі мүмкін.

4) Мен жеке кәсіпкермін және АҚС келісімшарты бойынша қызметтерге тапсырыс беремін, штаттан тыс қызметкерлерге жарналарды қалай аударуға болады?

Егер Сіз АҚС келісімшартында салық агенті болып көрсетілсеңіз, онда БЖЗҚ-ға жарна аудару үшін Мемлекеттік корпорация деректемелеріне Қазпошта немесе екінші деңгейлі банктер арқылы міндетті зейнетақы жарналарын аударып отыруыңыз керек. ( ЖСН, аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, айы, жылы, міндетті зейнетақы жарналары төленген сома, кезеңі (ай/айлар, жыл). Қажетті деректемелер БЖЗҚ сайтында көрсетілген. (Жарналарды қалай аударуға болады? бөлімі)

5) Егер менің азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартым болса, бірақ қазіргі уақытта мен одан кіріс ала алмайтын болсам, онда өз пайдама жарна сала аламын ба?

Егер АҚС келісімшарт салық агентімен (жеке кәсіпкер, заңды тұлға, сондай-ақ, жеке практикамен айналысатын тұлға) жасалса, онда төлем болмаған кезде ол сіздің жеке зейнетақы шотыңызға міндетті зейнетақы жарналарын енгізбейді.

Егер АҚС келісімшарт салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасалса, онда сіз өзіңіздің пайдаңызға ең төменгі жалақының кемінде 10% мөлшерінде жарна салуға құқығыңыз бар.

6) Менің азық-түлік дүкенім бар, өз пайдама және қызметкерлердің пайдасына жарналарды қалай аударсам болады?

Заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, жеке тәжірибемен айналысатын жеке тұлғаларға және басқа адамдарға міндетті зейнетақы жарналарын аударудың тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген. Мысалы, егер сіз жеке кәсіпкер болып жұмыс жасасаңыз, онда өз пайдаңызға міндетті зейнетақы жарналарын төлеу - есепті айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей, қызметкерлердің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу - табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Егер сіз патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер болсаңыз, онда жарналар күнтізбелік жылға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында қарастырылған мерзімде төленеді: патент құнын есептеу есептеме ұсынылғанға дейін жүзеге асырылады. Толығырақ БЖЗҚ сайтынан біле аласыз (Салымдарды қалай есептеп, аударып отыруға болады? бөлімі).

7) Менің жұмыс берушім ЖК бірнеше жыл бойы жылына екі рет жарна төлеп келді, нәтижесінде аударымдар жылына 2 айға ғана есептелді, ал қалғаны өтілге қосылмады. Бұл жағдайда не істесем болады?

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) агенттер есептеуге қабылданған қызметкердің айлық кірісінің 10% мөлшерінде төлейтіні көрсетілген.

Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға есептеу, ұстау (есептеу) және аудару және оларды жинау ережелері мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген. Қағидалардың 2-тармағында заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ ;trt кәсіпкерлер жарналарды төлеу жөніндегі агенттер болып табылатыны көзделген.

МЗЖ, және де қарыздар Мемлекеттік корпорацияға аударылады. Мемлекеттік корпорация міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес аударады. Міндетті зейнетақы жарнасын Мемлекеттік корпорацияға аударған кезде жарнаның төленетін мерзімі, яғни айы мен жылы көрсетілуі керек.

Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) айыппұлдар бойынша төленген белгілі бір соманың жоқтығын анықтаған салымшы (алушы) зейнетақы төлемдерін немесе жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшері туралы ақпаратты агентке аударым жасау кезінде жіберілген қателіктердің анықталғандығы туралы шаралар қабылдау үшін жазбаша өтініш жібере алады. оларды түзетіңіз. Агент міндетті зейнетақы жарналарын және / немесе пайыздарды кейінгі аударымдарды реттеу арқылы жағдайды түзете алады. Жарналардың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады. Осылайша, егер міндетті зейнетақы жарналарын аударуда сәйкессіздіктер болса, салымшы салымдарды БЖЗҚ-ға және / немесе мемлекеттік кірістер органдарына аударған агентпен байланысуы керек.

Сондай-ақ, сіз мәселені шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқығыңыз бар, атап айтқанда сіздің еңбек өтіліңіз ақталуы керек.

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін біз салымшыларға өздерінің зейнетақы шоттарын үнемі тексеріп отыруға және міндетті зейнетақы жарналарын алмаған немесе уақтылы алмаған жағдайда, жылдар өткен соң емес, дереу шаралар қабылдауға кеңес береміз.

8) Біз адвокаттар ретінде өз пайдамызға қандай мөлшерде жарна жасауымыз қажет?

Міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері түсетін табыстың 10% мөлшерінде, бірақ ЕТЖМ-нің 10% кем емес және 50 еселі ЕТЖМ-нің 10% аспайтын мөлшерде болуы қажет.

Табыс болмаса, сіз БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылы үшін белгіленген ең төменгі жалақының 10% мөлшерінде төлеуге құқығыңыз бар.

9) Мен шетелдікпін, бірақ менде тұруға және жұмыс істеуге рұқсатым бар, азаматтық-құқықтық келісімшартқа отырдым, БЖЗҚ-ға жарналарым түсіп отырады ма?

Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен зейнетақымен қамсыздандыру құқығына ие.

Егер сіз салық агентімен (жеке кәсіпкер, заңды тұлға немесе жеке практик) азаматтық-құқықтық келісім-шарт жасасаңыз, онда бұл жағдайда ол сіздің жеке зейнетақы шотыңызға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуі керек. Жеке зейнетақы шотындағы кірістер туралы ақпаратты БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені немесе жеке шотыңыз арқылы тексере аласыз.

Егер сіз салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен азаматтық-құқықтық келісімшарт жасасқан болсаңыз, онда сіз екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы өз пайдаңызға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқығыңыз бар.

10) Көп уақыттан бері шаруа қожалығында еңбек етіп келемін. Менің зейнетке шығуымның шарттарын атап өтулеріңізді сұраймын.

БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдар алуға құқылы. Оларға:
1) жалпы белгіленген зейнет жасына жеткендер;
2) егер мүгедектік мерзімсіз уақытқа белгіленсе, бірінші және екінші мүгедектік топқа жататын тұлғалар;
3) салымшы 45 жасқа толған кезде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен емес төлеммен қамтамасыз етуге зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар жатады.