Артқа

МЗЖ есебінен біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беруге қолжетімді соманы қалай тексеруге болады

Қадамдық нұсқаулықтар

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) жүзеге асыруға, сондай-ақ МЗЖ, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы туралы ақпаратты мына әдістер бойынша алуға болады:

1 нұсқа. БЖЗҚ интернет-ресурсы және БЖЗҚ интернет-ресурсының жеке кабинеті арқылы. Ол үшін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) және құпиясөзді енгізу керек немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.

1-қадам.


2-қадам.


3-қадам.




2 нұсқа. Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат  eGov.kz сайтында және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді. Ол үшін пайдаланушыларға ЭЦҚ қажет.

1-қадам.


Еgov.kz сайтында пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кіріспен бірге) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі басты беттеті «Танымал қызметтер» бөлімінде көрсетілген.

eGov mobile мобильді қосымшасында «Қызметтер» бөліміне өтіп, әрі қарай «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөліміне өту қажет, содан кейін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат» қосымшасын басу керек.



2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы, Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес есептелген, МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану аясында 2024 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шектері.


Жасы Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілігінің шегі, теңге Жасы Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілігінің шегі, теңге
20 3 260 000 40 6 100 000
21 3 380 000 41 6 270 000
22 3 510 000 42 6 440 000
23 3 630 000 43 6 610 000
24 3 760 000 44 6 780 000
25 3 890 000 45 6 950 000
26 4 030 000 46 7 130 000
27 4 160 000 47 7 310 000
28 4 300 000 48 7 490 000
29 4 440 000 49 7 670 000
30 4 580 000 50 7 860 000
31 4 720 000 51 8 050 000
32 4 870 000 52 8 240 000
33 5 010 000 53 8 440 000
34 5 160 000 54 8 640 000
35 5 310 000 55 8 840 000
36 5 470 000 56 9 040 000
37 5 620 000 57 9 250 000
38 5 780 000 58 9 460 000
39 5 940 000 59 9 670 000
- - 60-62 9 890 000


МЗЖ салымшылары, МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалар және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушылар қысқа 1418 байланыс орталығы арқылы кеңес ала алады (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), сондай-ақ қажет болған жағдайда жақын жердегі БЖЗҚ бөлімшесіне хабарласуына болады. Барлық мекен-жайлар мен байланысу нөмірлері
интернет-ресурста көрсетілген..

Сонымен қатар, бізбен +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары арқылы байланысуға болады. Сондай-ақ Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілері арқылы да хабарласа аласыздар.