"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Филиалды таңдаңыз:
1. сұраныс жасалған кезең басындағы және соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы; 2. сұраныс жасалған кезең басындағы және соңындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық табыс сомасы; 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен және сұраныс жасалған кезең соңында қолданыста болған зейнетақы активтерінен және инвестициялық табыстан түскен комиссиялық сыйақы шамасы; 4. сұраныс жасалған кезең ішіндегі күндері көрсетілген зейнетақы жарналарының, өсімпұлдың, аударымдардың, зейнетақы жинақтары төлемдерінің және (немесе) ұсталған жеке табыс салығының сомасы; 5. сұраныс жасалған кезең ішіндегі күндері көрсетілген салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында көрінетін басқа операциялар сомасы. |
1. ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы не хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау) туралы келісімде көрсетілген кезең аяқталғаннан кейінгі айдың бірінші күндегі жағдай бойынша салымшының (алушының) ЖЗШ-сында ақша болмаған; 2. қызмет көрсету шартының аясында басқа ұйымның салымшының (алушының) тұрғылықты мекенжайының өзгергені туралы БЖЗҚ-ны хабардар ету міндеттемесін орындамағанын куәландыратын себепті көрсеткен белгісі бар өткен жыл үшін ЖЗШ-дан үзінді көшірме салынған конверттің табыс етілмегені туралы ақпарат алған; 3. салымшының (алушының) ЖЗШ-сында алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарын есептен шығару операциялары (жерлеуге және/немесе мұрагерлерге) болған жағдайларда, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат жібермейді. |
1. электрондық – салымшының (алушының) ЖЗШ ашу туралы өтініште, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке келісімде көрсетілген салымшының (алушының) электрондық мекенжайына (e-mail) хабарлама жіберу; 2. салымшының (алушының) БЖЗҚ-ға өзінің келіп өтініш жасауы; 3. салымшының (алушының) электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе пайдаланушыға берілген логин мен парольді пайдалана отырып, интернет (www.enpf.kz) арқылы өзінің өтініш жасауы. 4. пошта байланысы қызметтері арқылы алу. |