Зейнетақы төлемдерін ресімдеу тәртібі
Жерлеуге арналған біржолғы төлем

Алушы, сондай-ақ БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 11-бабының 1-тармағына  сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотында (бұдан әрі - ЖЗШ) бар қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді.

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының ЖЗШ зейнетақы жинақтары қалдығының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.

Қайтыс болған салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру: 

Заңның 31, 32, 33-баптарына сәйкес БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

Зейнетақы жинағын алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 02 қазандағы № 1042 Қаулысымен  бекітілген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі - №1042 Қағидалар) сәйкес алушының БЖЗҚ-ға өтініш беру тәсіліне қарай төменде көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынады.

Алушы қайтыс болған жағдайда БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін (жерлеуге және мұрагерлерге) алуға қажетті құжаттар тізбесі:

1.      БЖЗҚ-да жерлеуге арналған біржолғы төлем ресімдеу үшін: 

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары төлемін алу құқығына ие тұлғалар

Құжаттарды тапсыру тәсілі

Қажетті құжаттар тізбесі

Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған  алушының отбасы мүшелері, немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлға

БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп, өтініш білдірген кезде

1) зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

2) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

3) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

2.      БЖЗҚ-да мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын ресімдеу үшін: 

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары төлемін алу құқығына ие тұлғалар

Құжаттарды тапсыру тәсілі

Қажетті құжаттар тізбесі

Қайтыс болған салымшының/алушының зейнетақы жинақтарына мұрагерлер 

БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп, өтініш білдірген кезде

1) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

2) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

3) мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі және заңды күшіне енген сот шешімі;

4) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Сенім білдірілген тұлға арқылы

(құжаттар тек БЖЗҚ-ға сенім білдірілген тұлға өзі келіп тапсырған жағдайда ғана қабылданады)

  1. мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

2) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

3) мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі және заңды күшіне енген сот шешімі;

4) нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;

5) сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

6) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Пошта байланысы арқылы

1) белгіленген нысанға сәйкес алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті өздігінен толтырады    (өтініш бланкісінің өзекті нысаны – жарналар түріне байланысты №1 немесе №3 қосымшалар «БЖЗҚ» АҚ-ның http://www.gnpf.kz/11467 web-сайтында орналастырылған, бұл ретте алушының зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтініштегі қолын нотариат куәландырады (нотариатта куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда); 

2) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

3) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

4) мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі және заңды күшіне енген сот шешімі;

5) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

3.    Егер қайтыс болған салымшының/алушының зейнетақы жинақтарының мұрагері кәмелетке толмаған тұлға болса: 

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары төлемін алу құқығына ие тұлғалар

Құжаттарды тапсыру тәсілі

Қажетті құжаттар тізбесі

Мұрагер – 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлға   (құжаттарын БЖЗҚ-ға кәмелетке толмаған тұлғаның атынан әрекет ететін заңды өкілі (ата-анасы, асырап алушысы), қамқоршы немесе қорғаншысы, патронат тәрбиешісі тапсырады) 

БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп, өтініш білдірген кезде

1) кәмелетке толмаған мұрагердің туу туралы куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы; 

2) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде ЖСН болмаған жағдайда – ЖСН тіркелгені туралы куәліктің түпнұсқасы немесе ЖСН бар Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының түпнұсқасы;

3) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

4) мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі және заңды күшіне енген сот шешімі;

5) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы; 

6) ата-анасы болмаған жағдайда: қамқорлық тағайындалғанын растайтын құжат – қорғаншы етіп тағайындалғаны туралы анықтама түпнұсқасы/баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт;

7) кәмелетке толмаған тұлғаны асырап алған және бұдан бұрын берілген туу туралы куәлікке сәйкес мұрагерлік құқығы туралы куәлікте кәмелетке толмаған тұлғаның ТАӘ/туған күні көрсетілген жағдайда, бала асырап алу туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

8) қорғаншылық және қамқоршылық органының мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарына заңды өкілдің банктік шотына аударуға жазбаша келісімі. Қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімі ақша кәмелетке толмаған мұрагердің өзінің банктік шотына аударылған жағдайда талап етілмейді;   9) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Сенім білдірілген тұлға арқылы

(құжаттар тек БЖЗҚ-ға сенім білдірілген тұлға өзі келіп тапсырған жағдайда ғана қабылданады)

1) кәмелетке толмаған мұрагердің туу туралы куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы; 

2) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде ЖСН болмаған жағдайда – ЖСН тіркелгені туралы куәліктің түпнұсқасы немесе ЖСН бар Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының түпнұсқасы;

3) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

4) мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі және заңды күшіне енген сот шешімі;

5) нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;

6) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы; 

7) ата-анасы болмаған жағдайда: қамқорлық тағайындалғанын растайтын құжат – қорғаншы етіп тағайындалғаны туралы анықтама түпнұсқасы/баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт;

8)кәмелетке толмаған тұлғаны асырап алған және бұдан бұрын берілген туу туралы куәлікке сәйкес мұрагерлік құқығы туралы куәлікте кәмелетке толмаған тұлғаның ТАӘ/туған күні көрсетілген жағдайда, бала асырап алу туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

9) қорғаншылық және қамқоршылық органының мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарына заңды өкілдің банктік шотына аударуға жазбаша келісімі. Қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімі ақша кәмелетке толмаған мұрагердің өзінің банктік шотына аударылған жағдайда талап етілмейді;  

10) сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы; 

11) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Пошта байланысы арқылы

1) белгіленген нысанға сәйкес алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті өздігінен толтырады    (өтініш бланкісінің өзекті нысаны – жарналар түріне байланысты №1 немесе №3 қосымшалар «БЖЗҚ» АҚ-ның http://www.gnpf.kz/11467 web-сайтында орналастырылған, бұл ретте алушының зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтініштегі қолын нотариат куәландырады (нотариатта куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда); 

2) кәмелетке толмаған мұрагердің туу туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі; 

3) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде ЖСН болмаған жағдайда – ЖСН тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі не ЖСН бар Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының көшірмесі;

4) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

5) мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі және заңды күшіне енген сот шешімі;

6) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі; 

7) ата-анасы болмаған жағдайда: қамқорлық тағайындалғанын растайтын құжат – қорғаншы етіп тағайындалғаны туралы анықтама түпнұсқасы/баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт;

8) кәмелетке толмаған тұлғаны асырап алған және бұдан бұрын берілген туу туралы куәлікке сәйкес мұрагерлік құқығы туралы куәлікте кәмелетке толмаған тұлғаның ТАӘ/туған күні көрсетілген жағдайда, бала асырап алу туралы куәліктің көшірмесі;

9) қорғаншылық және қамқоршылық органының мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарына заңды өкілдің банктік шотына аударуға жазбаша келісімі. Қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімі ақша кәмелетке толмаған мұрагердің өзінің банктік шотына аударылған жағдайда талап етілмейді;  

10) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Мұрагер – 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлға (заңды өкілдің келісімімен) 

БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп, өтініш білдірген кезде

1) кәмелетке толмаған мұрагердің туу туралы куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы; 

2) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде ЖСН болмаған жағдайда, 16 жасқа дейінгілер (ҚР азаматтары үшін) ЖСН тіркелгені туралы куәліктің түпнұсқасы немесе Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының түпнұсқасы;

3) кәмелетке толмаған мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың (мұрагердің жасы 16-дан 18 жасқа дейін болған жағдайда) көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы не нотариат куәландырған көшірмесі; 

4) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы; 

5) ата-анасы болмаған жағдайда: қамқорлық тағайындалғанын растайтын құжат – қорғаншы етіп тағайындалғаны туралы анықтама түпнұсқасы/баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт;

6) кәмелетке толмаған тұлғаны асырап алған және бұдан бұрын берілген туу туралы куәлікке сәйкес мұрагерлік құқығы туралы куәлікте кәмелетке толмаған тұлғаның ТАӘ/туған күні көрсетілген жағдайда, бала асырап алғаны туралы куәліктің көшірмесі;

7) 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған мұрагердің БЖЗҚ-дағы мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алу үшін өтініш беруіне заңды өкілдің жазбаша келісімі. Кәмелетке толмаған тұлға заңды өкілсіз өтініш білдірген жағдайда, заңды өкілдің өтініш беруге нотариат куәландырған келісімін беруі тиіс;

8) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

9) мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі және заңды күшіне енген сот шешімі;

10) қорғаншылық және қамқоршылық органының мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарына заңды өкілдің банктік шотына аударуға жазбаша келісімі. Қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімі ақша кәмелетке толмаған мұрагердің өзінің банктік шотына аударылған жағдайда талап етілмейді;  

11) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Сенім білдірілген тұлға арқылы

(құжаттар тек БЖЗҚ-ға сенім білдірілген тұлға өзі келіп тапсырған жағдайда ғана қабылданады)

1) сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, және салыстыру үшін түпнұсқасы; 

2) нотариат куәландырған сенімхат не оның нотариат куәландырған көшірмесі;

3) кәмелетке толмаған мұрагердің туу туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі; 

4) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде ЖСН болмаған жағдайда, 16 жасқа дейінгілер (ҚР азаматтары үшін) ЖСН тіркелгені туралы куәліктің түпнұсқасы немесе Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының түпнұсқасы;

5) кәмелетке толмаған мұрагердің (мұрагердің жасы 16-дан 18 жасқа дейін болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;  

6) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы; 

7) ата-анасы болмаған жағдайда: қамқорлық тағайындалғанын растайтын құжат – қорғаншы етіп тағайындалғаны туралы анықтама түпнұсқасы/баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт;

  1. кәмелетке толмаған тұлғаны асырап алған және бұдан бұрын берілген туу туралы куәлікке сәйкес мұрагерлік құқығы туралы куәлікте кәмелетке толмаған тұлғаның ТАӘ/туған күні көрсетілген жағдайда, бала асырап алу туралы куәліктің көшірмесі;

9) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

10) мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі және заңды күшіне енген сот шешімі;

11) қорғаншылық және қамқоршылық органының мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарына заңды өкілдің банктік шотына аударуға жазбаша келісімі. Қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімі ақша кәмелетке толмаған мұрагердің өзінің банктік шотына аударылған жағдайда талап етілмейді;  

12)  алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Пошта байланысы арқылы

1) белгіленген нысанға сәйкес алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті өздігінен толтырады    (өтініш бланкісінің өзекті нысаны – жарналар түріне байланысты №1 немесе №3 қосымшалар «БЖЗҚ» АҚ-ның http://www.gnpf.kz/11467 web-сайтында орналастырылған, бұл ретте алушының зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтініштегі қолын нотариат куәландырады (нотариатта куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда); 

2) кәмелетке толмаған мұрагердің туу туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі; 

3) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде ЖСН болмаған жағдайда, 16 жасқа дейінгілер (ҚР азаматтары үшін) ЖСН тіркелгені туралы куәліктің түпнұсқасы немесе Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының түпнұсқасы;

4) кәмелетке толмаған мұрагердің (мұрагердің жасы 16-дан 18 жасқа дейін болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;  

5) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі; 

6) ата-анасы болмаған жағдайда: қамқорлық тағайындалғанын растайтын құжат – қорғаншы етіп тағайындалғаны туралы анықтама түпнұсқасы/баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт;

  1. кәмелетке толмаған тұлғаны асырап алған және бұдан бұрын берілген туу туралы куәлікке сәйкес мұрагерлік құқығы туралы куәлікте кәмелетке толмаған тұлғаның ТАӘ/туған күні көрсетілген жағдайда, бала асырап алғаны туралы куәліктің көшірмесі;
  2. 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған мұрагердің БЖЗҚ-дағы мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алу үшін өтініш беруіне заңды өкілдің жазбаша келісімі. Кәмелетке толмаған тұлға заңды өкілсіз өтініш білдірген жағдайда, заңды өкілдің өтініш беруге нотариат куәландырған келісімін беруі тиіс;

9) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

10) мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі және заңды күшіне енген сот шешімі;

11)  қорғаншылық және қамқоршылық органының мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарына заңды өкілдің банктік шотына аударуға жазбаша келісімі. Қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімі ақша кәмелетке толмаған мұрагердің өзінің банктік шотына аударылған жағдайда талап етілмейді;  

12) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Қайтыс болғаны туралы куәлікті/мұрагерлік құқығы туралы куәлікті/туу туралы куәлікті шетел мемлекетінің уәкілетті органы берген жағдайда, онда Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, аталған құжат мемлекеттік не орыс тіліне аударылуы (оның ішінде нотариус пен (немесе) аудармашының куәландыру жазбасы да аударылады) және заңдастырылуы тиіс

Жерлеуге арналған біржолғы төлем алушысы немесе қайтыс болған салымшының (алушының) мұрагері, оның ішінде алушының сенім білдірілген тұлғасы/заңды өкілі шетелдік болса, онда алушының/сенім білдірілген тұлғаның/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат ретінде БЖЗҚ-ға мемлекеттік не орыс тіліне аударылған және қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, нотариат куәландырған және заңдастырған шетелдік төлқұжат ұсынылады.