"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 153/1 Әуезов көш. қиылысы
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққу
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Амангелді
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Аса
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атасу
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Б. Момышұлы
  • Бадамша
  • Бақанас
  • Балкашино
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Бескөл
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Ботакара
  • Булаево
  • Ганюшкино
  • Глубокое
  • Денисовка
  • Державинск
  • Егіндікөл
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Жезкент
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Затобольск
  • Зеренді
  • Зырянов
  • Индер
  • Ырғыз
  • Ертіс
  • Казталов
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қамысты
  • Қандыағаш
  • Қапшағай
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарамеңді
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауыл
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Кішкенекөл
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көктөбе
  • Көкшетау
  • Комсомольское
  • Қорғалжың
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Құрық
  • Қызылорда
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Мамлютка
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Мойынқұм
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Переметное
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Приозерск
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкемер
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Смирново
  • Степногорск
  • Степняк
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Таран
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тимирязев
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Обаған
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Ойыл
  • Үлкен Нарын
  • Ұлытау
  • Орал
  • Ұржар
  • Успенка
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка к.
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
  • Ембі
  • Явленка
1418
Байланыс
орталығы
Алушыларға

ҚР шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты
зейнетақы төлемдерін ресімдеу тәртібі


Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне құқық: 


1. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31 және 32- баптарына сәйкес міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және кету дерегін растайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды ұсынған, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға тиесілі.

2. Заңның 33-бабына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және кету дерегін растайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды ұсынған, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға тиесілі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 02 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларына, сондай-ақ «БЖЗҚ» АҚ  Басқармасының хаттамасымен бекітілген «БЖЗҚ» АҚ Зейнетақы қағидаларына (ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша)  (БЖЗҚ-ның корпоративтік веб-сайтында Зейнетақы қағидаларына сілтеме мекенжайы бойынша орналастырылған) сәйкес  зейнетақы төлемдерін алушы зейнетақы жарналарының түріне және БЖЗҚ-ға өтініш жасау тәсіліне қарай төменде тізбелеп көрсетілген құжаттар тізбесін береді.

Назар аударыңыз! «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы №862 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарының төлемін ресімдеу жөніндегі талаптар өзгерді, ол 2017 жылғы 16 қаңтарда күшіне енді:

Мәселен,  төлемге құжаттарды алған кезде БЖЗҚ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен өтініш жасаған шетелдікте немесе азаматтығы жоқ адамда Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар-жоғы не жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады.

Өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер алынған жағдайда БЖЗҚ осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген мерзімдерде зейнетақы төлемін жүзеге асырады

Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар екендігі және оның жарамдылығы туралы мәліметтер алынған, сондай-ақ өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткені туралы мәліметтер болмаған жағдайда БЖЗҚ өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының тармағында белгіленген мерзімдерде оны қабылдаудан не орындаудан бас тартады.


Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін құжаттар тізбесі:

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының төленуіне құқығы бар тұлғалар

Құжаттарды беру тәсілі

Қажетті құжаттар тізбесі

Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететін, БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар

БЖЗҚ кеңсесіне алушының өзі келіп өтініш жасағанда

1) азаматтығы жоқ тұлғаның шетелдік төлқұжатының немесе куәлігінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

2) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Сенім білдірілген тұлға/ қорғаншы  (қамқоршы) арқылы

(сенім білдірілген тұлға/қорғаншы (қамқоршы)БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп өтініш жасаған кезде ғана құжаттар қабылданады)

1) азаматтығы жоқ тұлғаның шетелдік төлқұжатының нотариат* куәландырған көшірмесі;

2) сенім білдірілген тұлғаның/ қорғаншының (қамқоршының) жеке басын куәландыратын* құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

3) нотариат* куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі не қорғаншы (қамқоршы) өтініш жасаған жағдайда  қорғаншы (қамқоршы) куәлігі/қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалғаны туралы анықтама;

4) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

 Пошта байланысы арқылы

1) БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген үлгіге сай зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш, оны алушының өзі толтырады (өтініш бланкісінің өзекті нысаны – № 9 қосымша «БЖЗҚ» АҚ web-сайтына орналастырылған, бланктерге сілтеме), бұл ретте алушының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі қолын нотариат* куәландырады;

2) азаматтығы жоқ тұлғаның шетелдік төлқұжатының немесе куәлігінің  нотариат* куәландырған көшірмесі;

3) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары/міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары/ерікті зейнетақы жарналары  есебінен құралған зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар

БЖЗҚ кеңсесіне алушының өзі келіп өтініш жасағанда

1) егер Қазақстан Республикасында бекітілген  халықаралық шарттарда өгеше көзделмесе, шетелдік төлқұжаттың  көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

2) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Сенім білдірілген тұлға/ қорғаншы  (қамқоршы) арқылы

(сенім білдірілген тұлға/қорғаншы (қамқоршы)БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп өтініш жасаған кезде ғана құжаттар қабылданады)

1) егер Қазақстан Республикасында бекітілген  халықаралық шарттарда өгеше көзделмесе, шетелдік төлқұжаттың  нотариат* куәландырған көшірмесі;

2) сенім білдірілген тұлғаның/ қорғаншының (қамқоршының) жеке басын куәландыратын* құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

3) нотариат* куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат* куәландырған көшірмесі не қорғаншы (қамқоршы) өтініш жасаған жағдайда  қорғаншы (қамқоршы) куәлігі/қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалғаны туралы анықтама;

4) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Пошта байланысы арқылы

1) БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген үлгіге сай зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш, оны алушының өзі толтырады (өтініш бланкісінің өзекті нысаны – жарналар түріне қарай №1 не № 9 қосымша«БЖЗҚ» АҚ web-сайтына орналастырылған, бланктерге және бланктерді толтыру үлгілеріне сілтеме), бұл ретте алушының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі қолын нотариат* куәландырады;

2) егер Қазақстан Республикасында бекітілген  халықаралық шарттарда өгеше көзделмесе, шетелдік төлқұжаттың нотариат* куәландырған көшірмесі;

3) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

* Қазақстан Республикасында бекітілген  халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, егер құжаттар түпнұсқалары көшірмелерінің дұрыстығын, алушының өтінімдегі қойылған қолдарының түпнұсқалылығын куәландыру, сенімхатты куәландыру бөлігінде нотариаттық іс-әрекеттер шетел мемлекетінде жасалатын болса, оларды заңдастыру қажет.   

** «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес  шетелдік төлқұжат – шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжат. Соған сәйкес егер сенім білдірілген тұлға шетелдік болса, онда БЖЗҚ-ға шетелдік төлқұжат беруі тиіс (шетелдіктің, оның ішінде Ресей Федерациясы азаматының ішкі төлқұжаты қаралмайды). 


Назар аударыңыз!

Егер тұрғылықты тұратын мемлекетте шетелдік төлқұжаттар мен өзге де құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландырмайтын болса, растаушы құжаттар берілуі тиіс (нотариустың құжаттың көшірмесін куәландырудан бас тарту туралы қаулысы не басқа құжат).

ҚҰЖАТТАРДЫ ЗАҢДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығымен бекітілген Консулдық заңдастыру ережелерiнің 1 және 2-ші тармақтарына сәйкес Консулдық заңдастыру дегеніміз құжаттардың болу елінің қолданыстағы заңдарына сәйкестiгiн тексеру және мұндай құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатымен оларға лауазым иесiнiң қойған қолы мен басқан мөрiнiң түпнұсқалылығын анықтау мен куәландыру болып табылады. Заңдастыру халықаралық қатынастардағы құжаттар мен актiлердiң құқықтық күшiн растайды. Құжаттың түпнұсқалығы және тиiстi түрде ресiмделгендiгi жайында оның қолданылуы жүретiн елдiң органдарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету заңдастыру мақсаты болып табылады.

Заңдастыру талаптарына жауап беретін құжаттарға немесе актілерге белгіленген үлгідегі заңдастыру жазбасы жасалады. Заңдастыру жазбасына орын болмаған жағдайларда, ол жазба құжатқа немесе актiге қоса тiркелетiн және заңдастыруды жасаған адамның мөрi мен қолы қойылып жеке парақта жасалады.

Мыналар:

1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына (Қазақстан Республикасы үшін 2001 жылғы 30 қаңтарда күшіне енген шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жоятын конвенция) қатысушы елдердің органдары мен лауазымды тұлғаларынан шығатын ресми құжаттар заңдастырудан босатылады және оларға алушының тұрақты тұратын елінде апостиль қойылуы тиіс.

Апостильді (Гаага конвенциясына қосымша болып табылатын белгілі бір үлгідегі мөртабан түрінде) осы құжатты жасаған мемлекеттің құзырлы органдары құжаттың өзіне немесе құжатқа тіркелген жеке параққа қояды. Дұрыс толтырылған апостиль құжатқа қол қойған адам қолының түпнұсқа екендігін, сапасын және дұрыс болған жағдайда осы құжат бекітілген мөр мен мөртабанның түпнұсқалылығын куәландырады.  

1993 жылғы 22 қаңтардағы Минск конвенциясына (азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қарым-қатынас туралы конвенция) және  2002 жылғы 7 қазандағы Кишинев конвенциясына (азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қарым-қатынас туралы конвенция) қатысушы елдердің органдары мен лауазымды тұлғаларынан шығатын ресми құжаттар алушының тұрғылықты тұратын елінде апостиль қоюдан босатылады, бірақ оларды мекемелер немесе арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде куәландырады (қалыптасқан нысан бойынша) және Минск немесе Кишинев конвенциясына қатысушы елдің елтаңбалы мөрімен бекітіледі.

Егер органдар мен лауазымды тұлғалардан шығатын ресми құжаттарды Гаага не Минск немесе Кишинев конвенциясына қатысушы елдердің тізбесіне кірмейтін шетелдік мемлекет немесе Қазақстан Республикасымен азматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қарым-қатынас туралы шарттар жасаған елдер берген жағдайда, осы құжаттар жоғарыда көрсетілген тәртіппен заңдастырылуы тиіс.  

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ НЕМЕСЕ ОРЫС ТІЛІНЕ  

АУДАРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзу мемлекеттік тiлде және орыс тілінде қамтамасыз етiледi.

БЖЗҚ-ға:

Алушының нотариат куәландырған қолы/нотариат куәландырған сенімхат/шетелдік төлқұжаттың нотариат куәландырған көшірмесі/азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі бар зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштер және басқа құжаттарды ұсынған кезде, құжаттардың қазақ тіліндегі не орыс тіліндегі аудармасы, оның ішінде алушының тұрғылықты мемлекетіндегі шетелдік нотариустың немесе өзге уәкілетті орган мен аудармашының шет тілінде жасалған куәландыру жазбаларының (алушының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі қолының түпнұсқа екендігін нотариустың куәландыруы туралы)  қазақ тіліндегі не орыс тіліндегі аудармалары болу қажет.

Бұл орайда аударма тігілуі (аударма жасалған құжаттың көшірмесімен бірге бекітілуі) тиіс, егер алушының тұрғылықты мемлекетінің заңнамасында өзгеше көзделмесе, құжаттардың тігілген немесе бекітілген жері нотариустың немесе басқа өкілетті тұлғаның  мөрімен куәландырылуы тиіс. Сондай-ақ шетелдік нотариустың жасаған барлық нотариаттық әрекеттері, оның ішінде алушының, аудармашының қолын, құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын куәландыру, сенімхатты куәландыру кезінде жасаған әрекеттері заңдастырылуы немесе оларға апостиль қойылуы тиіс.

Қазақстан Республикасының аумағында заңдастырылған не апостиль қойылған құжаттар аударылған жағдайда аудармашының қолын немесе нотариус немесе өзге уәкілетті тұлға растаған аударманың дұрыстығын нотариат куәландырады.   

Шетелдік төлқұжат алатын кезде алушының деректемелері, атап айтқанда, тегі, аты, бар болса әкесінің аты өзгерген жағдайда, Құжаттар тізбесіне қосымша  негізгі деректерінің өзгеру дерегін растайтын, шетелдік құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар сақтала отырып ресімделген төменде көрсетілген құжаттардың біреуінің түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін беру қажет: