"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
Алушыларға

ЕРІКТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫ ЕСЕБІНЕН   ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ

БЖЗҚ-дан ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдерін алуға ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар келесі тұлғалардың құқығы бар:

1. 50 жасқа толған;
2. мүгедектігі бар адамдар болып табылатын;
3.егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда басқасы көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.


БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады («Алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдері»)

Зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – алушы) ЕЗЖ есебінен жинақталған зейнетақы төлемдерінің мөлшері мен кезеңділігін, БЖЗҚ зейнетақы қағидаларына және  ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, өз бетінше дербес белгілейді.


БЖЗҚ-ға хабарласу орны мен тәсіліне байланысты құжаттар тізбесі:

БЖЗҚ-дан ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары төлемдерін алу құқығына ие адамдар

Құжаттарды беру тәсілі

Қажетті құжаттар тізбесі

1) 50 жасқа толған адамдар;

2) мүгедектігі бар адамдар болып табылатындар;

 

БЖЗҚ кеңсесіне жеке хабарласқан кезде

1) алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

2) алушының банктік шоты туралы мәліметтер.

Сенім білдірілген тұлға/заңды өкіл/(қорғаншы/қамқоршы)

арқылы (құжаттар сенім білдірілген адам/заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) өзі өтініш жасаған кезде ғана қабылданады)

1)алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

2) алушының атынан өтінішке қол қою және барлық қажетті құжаттарды тапсыру құқығымен бірге, БЖЗҚ-да алушының мүдделерін қорғауға берілген сенімхаттың нотариалды куәландырылған түпнұсқасы («Әмбебап сенімхаттың үлгісі») немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе заңды өкіл (қорғаншы /қамқоршы) жүгінген жағдайда – заңды өкілдің (қорғаншының /қамқоршының) куәлігі/ заңды өкілді (қорғаншы/қамқоршы) тағайындалуы туралы анықтама /заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) мәртебесін растайтын өзге де құжат сенімхаттың түпнұсқасы (сенімхат үлгісі БЖЗҚ web-сайтындағы «Қызметтер» - «Алушыларға» - «Бланк үлгілері»бөлімінде орналастырылған) немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі не заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) өтініш жасаған жағдайда – заңды өкілдің куәлігі/заңды өкілдің (қорғаншы/қамқоршы) тағайындалғандығы туралы анықтама/заңды өкілдің (қорғаншы/қамқоршы) мәртебесін растайтын басқа құжат;

3) сенім білдірілген тұлғаның/заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының)* жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, және салыстыру үшін түпнұсқасы;

4) алушының банктік шоты туралы мәліметтер.

Назар аударыңыз! Егер зейнетақы төлемдерін алушы әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болатын болса, зейнетақы жинақтарын төлеу алушының банктік шотына ғана жасалады. Заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршысының), сондай-ақ сенім білдірілген өкілдің банктік шотына зейнетақы жинақтарын төлеуге рұқсат етілмейді.

Пошта байланыс арқылы

1) зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш;

2)БЖЗҚ-да белгіленген нысандарға сәйкес табысқа немесе салықтық шегерімге түзетуді қолдануға арналған өтініш (мүгедектікке байланысты төлемге өтініш берген кезде және (немесе) салық шегерімін қолдануға құқығы болған кезде, оны алушы өз бетінше толтырады («Бланк үлгілері»)бұл ретте алушының өтініштегі/өтініштердегі қолы нотариалды куәландырылады** (нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілген жағдайда);

3) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған ** көшірмесі;

4) алушының банктік шоты туралы мәліметтер.

Жеке кабинеттегі интернет-ресурс арқылы

БЖЗҚ белгілеген нысанға сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті, алушы ЭЦҚ пайдалана отырып, өз бетінше дербес толтырады.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар

БЖЗҚ кеңсесіне жеке хабарласқан кезде

1) шетелдік паспорттың немесе азаматтығы жоқ тұлға куәлігінің көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

2) алушының банктік шоты туралы мәліметтер.

Сенім білдірілген тұлға/заңды өкіл/(қорғаншы/қамқоршы) арқылы

(құжаттар сенім білдірілген адам/заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) өзі өтініш жасаған кезде ғана қабылданады)

1) шетелдік паспорттың немесе азаматтығы жоқ тұлға куәлігінің нотариалды куәландырылған** көшірмесі;

2) сенім білдірілген өкілдің/заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі* және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

3) нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы** («Әмбебап сенімхаттың үлгісі») немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі** немесе заңды өкіл (қорғаншы /қамқоршы) жүгінген жағдайда – заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының) куәлігі/заңды өкілдің (қорғаншының /қамқоршының) тағайындылғаны туралы анықтама/ заңды өкілдің (қорғаншының /қамқоршының) мәртебесін растайтын өзге де құжат, қажет болған жағдайда заңдастырылған болады;

4) алушының банктік шоты туралы мәліметтер.

Назар аударыңыз!Егер зейнетақы төлемдерін алушы әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болатын болса, зейнетақы жинақтарын төлеу алушының банктік шотына ғана жасалады. Заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршысының), сондай-ақ сенім білдірілген өкілдің банктік шотына зейнетақы жинақтарын төлеуге рұқсат етілмейді.

Пошта байланысы арқылы

1) ) БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысанға сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш, алушы оны өз бетінше дербес толтырады (бланкілердің үлгілері), бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініште алушының қолы нотариалды куәландырылады**;

2) шетелдік паспорттың немесе азаматтығы жоқ тұлға куәлігінің нотариалды куәландырылған** көшірмесі;

3) алушының банктік шоты туралы мәліметтер.

* «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес шетелдік паспорт – шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Тиісінше, егер сенім білдірілген тұлға шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болса, онда БЖЗҚ-ға шетелдік паспортты ұсыну қажет (шетелдіктің, оның ішінде Ресей Федерациясы азаматының ішкі паспорты қарауға жатпайды).

** Егер БЖЗҚ-ға ұсынылған құжаттарды, оның ішінде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерде қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәлікті, мұрагерлік құқығы туралы куәлікті шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген жағдайда, сондай-ақ құжат көшірмесінің түпнұсқамен дұрыстығын, алушының өтініштегі қолының түпнұсқалығын куәландыру жөніндегі нотариаттық іс-әрекеттер және сенімхатты куәландыру шет мемлекетте жүргізілетін болса, онда көрсетілген құжаттар, сондай-ақ куәландырушы жазбалар мен олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармалары мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін «Құжаттарды жария ету» қағидаларына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған өзге де халықаралық шарттарға сәйкес жария етуге жатады.

Назар аударыңыз! ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы толық ақпаратпен «Қызметтер»/»ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін ресімдеу тәртібі» бөлімінде танысуға болады.

Құжаттарды пошта байланысы құралдары арқылы берген жағдайда қажетті құжаттар пакетін БЖЗҚ облыстық (өңірлік) филиалдарының бірінің пошта мекенжайына жіберуге болады


Назар аударыңыз! «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 326-бабының ережелеріне сәйкес, БЖЗҚ жасайтын зейнетақы төлемдері салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі кіріске жатады. БЖЗҚ-дан жасалатын зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде жеке табыс салығын ұстау тәртібі туралы толық ақпарат «Алушыларға» - «Төлемдеріне салық салу тәртібі» бөлімінде орналастырылған.


Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары