Добро пожаловать на сайт АО "ЕНПФ"
Алматы Адрес: Алмалинский р-н, ул. Шевченко, 80
x

Выберите филиал:

  • Абай
  • Абай (село)
  • Айтеке би
  • Акколь
  • Акку
  • Аккыстау
  • Акмол
  • Аксай
  • Аксу
  • Аксу (село)
  • Аксу-Аюлы
  • Аксуат
  • Актау
  • Актобе
  • Актогай (село)
  • Актогай (станция)
  • Алга
  • Алматы
  • Алтай
  • Аральск
  • Аркалык
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Аулиеколь
  • Аягоз
  • Әйет
  • Б.Момышулы
  • Балпык би
  • Балхаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бескарагай
  • Боровское
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есик
  • Есиль
  • Жаксы
  • Жалагаш
  • Жанаарка
  • Жанакорган
  • Жанаозен
  • Жанатас
  • Жангала
  • Жанибек
  • Жансугурово
  • Жаркент
  • Жезказган
  • Железинка
  • Жетысай
  • Житикара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренда
  • Индер
  • Иртышск
  • Казталовка
  • Казыгурт
  • Калбатау
  • Кандыагаш
  • Капчагай
  • Карабалык
  • Карабулак
  • Караганда
  • Каражал
  • Карасу
  • Каратау
  • Каратобе
  • Карауылкелды
  • Каркаралинск
  • Каскелен
  • Касым Кайсенова
  • Кеген
  • Кентау
  • Кобда
  • Кокпекты
  • Кокшетау
  • Комсомольское
  • Кордай
  • Костанай
  • Кулан
  • Кульсары
  • Курчатов
  • Курчум
  • Кызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Макат
  • Макинск
  • Мангистау
  • Мартук
  • Махамбет
  • Мерке
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нура
  • Осакаровка
  • Отеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавловск
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайхин
  • Сарань
  • Сарканд
  • Сарыагаш
  • Сарыколь
  • Сарыозек
  • Сатпаев
  • Саумалколь
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рыскулова
  • Тайынша
  • Талгар
  • Талдыкорган
  • Талшик
  • Тараз
  • Таскала
  • Текели
  • Темирлановка
  • Темиртау
  • Теренколь
  • Теренозек
  • Тобыл
  • Торгай
  • Торетам
  • Туркестан
  • Узунколь
  • Узынагаш
  • Улкен Нарын
  • Уральск
  • Урджар
  • Усть-Каменогорск
  • Ушарал
  • Уштобе
  • Федоровка (село)
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаево
  • Чингирлау
  • Чунджа
  • Шалкар
  • Шарбакты
  • Шардара
  • Шаулдер
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиели
  • Шолаккорган
  • Шортанды
  • Шу
  • Шубаркудук
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Экибастуз
  • Явленка
 личный
 кабинет
 напишите
 нам
 поиск
 по сайту
1418
 call
 центр

СМИ О НАС


28.12.2021

Тұрақты тұрғылықты жерге көшу: Ең маңызды сұрақтарға жауап

Өзге елге біржолата қоныс аудару үрдісі көптеген құжаттарды реттеуді талап етеді. Соның бірі – зейнетақы жинақтарын алу. Біз негізгі бірнеше мәселені қарастырып, барлығын ережеге сай орындаса, бұл үрдісте қиын ештеңе жоқ екенін байқадық. 

Қазақстаннан көшіп кеткен жағдайда зейнетақы жинақтарын кімдер алады? БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін Қорда зейнетақы жинақтары бар, Қазақстан Респубикасының аумағынан тұрғылықты мекенжайға біржолата көшіп кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасына сәйкес елден көшіп кеткенін дәлелдейтін құжаттарын көрсету арқылы ала алады. Бұл құқық ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы бойынша кепілдендірілген. Зейнетақы жинағын алу үшін қандай рәсімдерден өту керек? Төменде көрсетілген іс-шараларды міндетті түрде өз ретімен орындау қажет. Cоңғы тіркелген тұрғылықты жер бойынша аймақтық миграциялық қызмет бөлімшесіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғылықты мекенжайдан біржола көшуді рәсімдеу үшін ҚР ІІМ-не хабарласу керек. «Тұрғылықты мекеннен біржола көшу» мәртебесін алу көшіп кететін адамның Қазақстан Республикасы мен оның азаматтары алдындағы барлық міндеттемелерін орындау үшін қажет. Атап айтар болсақ, қарыз, алимент, несие немесе тағы да басқалар. Өзге мемлекеттің азаматтығы мен төлқұжатын алу. Құжаттарды БЖЗҚ-ға жолдау. Беру әдістеріне байланысты құжаттар тізбегі өзгеруі мүмкін. Құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес келсе, Қор 10 жұмыс күнінде немесе БЖЗҚ-қа құжаттар түскен күннен бастап зейнетақы төлемін аударады.

Құжаттарды дайындаудың қандай әдістері бар және бұл олардың тізбесіне қалай әсер етеді? Үш әдіс бар. Жеке жүгіну. Бұл жағдайда төлем алушы БЖЗҚ-ға құжаттар тізбесін тапсырады. Тізімге үш бөлім кіреді: зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы арыз, шетелдік төлқұжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұқасы қажет (егер басқасы Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық келісім-шарттармен қаралмаған болса), сондай-ақ, төлемді алушының банктегі есепшоты туралы мәлімет. Пошта арқылы. Құжаттар жиынтығы жоғарыдағыдай қала береді. Алайда, ескерілуі қажет дүниелер бар. Арызды төлем алушы өз қолымен жазып, қолтаңбасы нотариус арқылы куәландырылуы керек. Шетелдік төлқұжаттың көшірмесі де нотариус арқылы куәландырылады (нотариалды куәландыру тұрып жатқан мемлекетте жасалған жағдайда). Төлем алушының банктік есепшоты туралы мәлімет қосымша салынады. Құжаттар пошта арқылы БЖЗҚ-ның облыстық (аймақтық) бөлімшелерінің біріне жіберілуі тиіс. Сенімгер (сенім білдірілген) тұлға арқылы. Мұндағы құжаттар тізбегі көбірек болатынын ескеріңіз. Шетелдік төлқұжаттың нотариус арқылы куәландырылған және заңдастырылған көшірмесін көрсету қажет. Сенімгер адамның жеке басын анықтайтын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы қажет. Сонымен қатар, нотариус арқылы куәландырылған сенімхат пен төлем алушының банктік есепшоты туралы мәлімет керек. Айта кету керек, нотариус арқылы куәландырылған құжаттың көшірмесін түпнұсқамен салыстырып, төлем алушы қолтаңбасының шынайылығы тексерілгенде сенім төлқұжаты шетелдік мемлекетте жасалса, онда міндетті түрде заңдастыру қажет. Осы орайда, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық келісім-шарттармен қаралған жағдайлар ғана назарға алынбайды. БЖЗҚ қандай жағдайларда зейнетақы жинағын беруден бас тартуы мүмкін? Төлем алушының құжаттарын алған соң, БЖЗҚ ҚР мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен ақпарат жинайды. Егер мемлекеттік органдардың базасында жеке тұлғаның ҚР төлқұжаты әлі де бар болса және (немесе) тұрғылықты мекенжайға көшіп кету туралы мәліметтер жоқ болса, БЖЗҚ арызды қабылдамайды. Бұл шетелдік азаматтың тұрғылықты мекенжайының қолданыстағы түрі мен азаматтығы жоқ адамның қолданыстағы төлқұжатына да байланысты. Егер төлем алушы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұрғылықты мекенжайына кетер кезде құжаттарды көрсетілген реттілік бойынша рәсімдемей, өзге елдің азаматтығын алатын болса, «Жеке тұлғалар» жөніндегі Мемлекеттік дербес деректер туралы базада «Азаматтығынан айырылуына байланысты ҚР құзырлы органдарымен берілген құжаттардың жарамсыздығы» туралы ақпарат пайда болады. Осы жағдайда да БЖЗҚ зейнетақы жинағын беруден бас тартады. Сондықтан Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жерде тұрғылықты мекенжайға көшу кезінде құжаттарды рәсімдеуді бірінші кезекке қою керек. БЖЗҚ зейнетақы жинағын қайда және қандай валютамен аударады? БЖЗҚ-дан түсетін ақша аударылатын банк деректемелерін төлем алушы өз арызында көрсетеді. Егер есепшот Қазақстан аумағындағы екінші деңгейлі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін орындайтын ұйымдарда ашылса, теңгемен төленеді. Егер банк есепшоты ҚР аумағынан тыс шетелдік банктерде ашылса, төлем АҚШ доллары, еуро, ресейлік рубль және фунт стерлингпен аударылады. Зейнетақы жинағын алу туралы толық ақпаратты қайдан білуге болады? Қордың enpf.kz сайты арқылы білуге болады. Мұнда қажетті құжаттар тізбесі мен рәсімдеу ережелерінен басқа, оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар өкілдерінің түсініктемесі бар өтініш бланкілерін таба аласыз. БЖЗҚ-ға құжаттарды тапсырмас бұрын құжаттарды алдын ала тексеру қызметін пайдалануға кеңес береміз. Оны да Қордың ресми сайтынан табуға болады.


Толығырақ: kaz.nur.kz


Возврат к списку