"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

27.02.2024

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдің 2024 жылдың бірінші айына шолу

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі - БЖЗҚ) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқару туралы есебін ұсынады.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 18 107,8 млрд теңгеден асты. 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ның ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері1 (бұдан әрі - ЗА) 18 073,5 млрд теңге2 болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының көлемі (бұдан әрі - ЖМЗЖ) - 766,7 млн теңгеден астам мөлшерде.

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 34,3 млрд теңгеден асты. 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі 

     2024 жылғы 1 ақпандағы зейнетақы активтерін ҚРҰБ инвестициялауының негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 46,8%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 10%, ҚРҰБ депозиттері – 3,9%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 5,8%, шет мемлекеттердің МҚҰ – 2%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,9%.

    Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мынадай сипатқа ие: ұлттық валютадағы инвестициялар – 68,4%, АҚШ долларында – зейнетақы активтері портфелінің 31,6%.  

      Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістер, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 93,4 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 64,8 млрд теңге, өзге кірістер – 0,04 млрд теңге болды. Шетел валютасын қайта бағалау теріс болып, 45,6 млрд теңгені құрады.

    Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2024 жылғы қаңтар айындағы жалпы табыс оң болды.

  Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы мен қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2024 жылдың қаңтар айында есептелген инвестициялық кіріс 112,6 млрд теңге болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 70% немесе 46,4 млрд теңгеге артық.

  Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің 2024 жылдың қаңтар айындағы кірістілігі 0,61% көрсетті.

   Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі орта және ұзақ мерзімді келешекте қамтамасыз етіледі.

  ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат берілген.  

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы қаржының жалпы көлемі – 34,3 млрд теңге.

      01.02.2024 ж. жағдай бойынша «Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 6,3 млрд теңгеден асты.

    Компанияның ең маңызды салымдары: ҚР ҚМ МБҚ – 42%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 21,2%, РЕПО - 12%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары - 7%, шет мемлекеттердің МБҚ – портфельдің 5,1%. Атап кетейік, портфельдің 65,75% теңгемен; 34,25% – АҚШ долларымен ұсынылған.       Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2024 жылдың бірінші айында есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 26,5 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 0,38%.

        "Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

   01.02.2024ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 3,4 млрд теңге.

      Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 41%; ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 12,6%; МҚҰ облигациялары – 7,8%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 7,4%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 6,4%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 74,8%, АҚШ долларымен 25,2% болды.

     Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кірістің мөлшері – 12,5 млн теңге. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 0,35%.

     "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

      01.02.2024ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 3,5 млрд теңге.

   Инвестициялардың негізгі бағыттары: РЕПО – 34,9%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 23,5%; пайлар (ETF индекстеріне) – 16,6%; ҚР мемлекеттік облигациялары – 14,6%; АҚШ мемлекеттік облигациялары – 4,1%; МҚҰ облигациялары – 2,5%, ҚР резидент эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 2,2%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 73,7%, АҚШ долларымен – 26,3% инвестицияланды.

    Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың бірінші айында есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 11,1 млн теңге. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 0,29%.

     "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымын БЖЗҚ сайтынан көре аласыздар.

     "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 1,1 млрд теңге.

  Активтердің 33,9%-ы ҚР ҚМ МБҚ-на инвестицияланды; квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 27,5%; РЕПО – 9,2%; ҚР ЕДБ облигациялары - 8,3%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 8%; АҚШ мемлекеттік облигациялары - 7,6%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 2,7%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 75,2%, АҚШ долларымен 22,8%, канадалық доллармен - 1,99% инвестицияланды.

    Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде жыл басынан бері есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2024 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 11,05 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 0,98%.

    "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша "Halyk Finance "Қазақстан Халық Банкі ЕҰ" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – шамамен 20,02 млрд теңге.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар мынадай: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 64,6%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 7,9%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 6,7%, шет мемлекеттердің МБҚ – 6,5%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4%, өзге активтер (дебиторлық берешек, мерзімі өтіп кеткен берешек, провизиялар) - 3,8%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 83,3%, АҚШ долларында – 16,4%, евро валютасында – 0,3% инвестицияланды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 124,2 млн теңге. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 0,66%.

"Halyk Finance "Қазақстан Халық Банкі ЕҰ" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

      Естеріңізге салайық, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының 50% аспайтын бөлігін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігі бар. Бұл ретте ең төменгі жеткіліктілік шегі ескерілмейді және басқарушы компанияны таңдау құқығы салымшының еркінде. Ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшылар оларды ИПБ басқаруына 100% көлемінде бере алады.

___________________

[1] міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналарынан қалыптасқан

2 зейнетақы жарналары мен төлемдері шоттарындағы ақша есебінсіз


Просмотров 3917

Тізімге оралу