As of May 1, 2016 total pension savings has accounted for KZT 6.09 tln.

23.05.2016

Барлық зейнетақы жарналары бойынша шарттардың жалпы саны 10,1 млн. бірліктен, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша – шамамен 9,7 млн. бірліктен асты.  

Міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 398 472 бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38 835 бірлік болды.  

2016 жылдың басынан бастап алынған жəне салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына бөлінген инвестициялық табыс 127,37  млрд. теңге болды.  

Мемлекет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сəйкес төлемге құқық алған кездегі инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген жарналар мөлшерінде кепілдік береді.  

БЖЗҚ-дан жасалған төлемдер мен аударымдар сомасы 2016 жылғы төрт ай ішінде 73,23  млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар сомасы 6,74  млрд. тенге болды.  

Қор салымшылары enpf.kz сайты, «ENPF» ұялы қосымшасы немесе e-gov порталы арқылы жарналар түсімін бақылай алады. Салымшылардың жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алуы бойынша ыңғайлы əрі тиімді электрондық қызметтері қолданысқа енгізілген сəттен бастап 2016 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңде ұялы қосымшадан  201 мың үзінді көшірме жүктелген жəне электрондық үкімет порталынан 290 мың үзінді көшірме алынған.