Мен, Сәрсенғалиева Аман, 1963 жылғы 3 наурызда Түркменстан Республикасы, Балқан облысында дүниеге келдім. 44 жыл еңбек еттім, еңбек жолымды туған жерім Түркменстан еліндегі теміржол саласында 2 жыл қатарынан еңбек етумен бастадым. 1982 жылы ата жұртым – Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласына көшіп келіп, сол қаладағы темір жолда еңбек етумен жалғастырдым. Онда үздіксіз 10 жыл қызмет еттім. Одан әрі Жаңаөзен қаласындағы жұмыспен қамту және әлуметтік қамсыздандыру мекемесіне жұмысқа орналасып, 24 жыл бас маман ретінде халыққа үздіксіз қызмет көрсеттім. 2014 жылы отбасыммен Ақтау қаласына қоныс аударып, Ақтау қаласындағы «Ақтау халықаралық теңіз портында» еңбек еттім. 2024 жылдың наурыз айында зейнетке шықтым. Бар өмірімді елге қызмет етуге арнадым. Бүгінде сол еңбегімнің зейнетін көріп отырмын. Зейнетке шыққаннан кейін, әрине көп нәрсе өзгерді. Шүкір ететінім, осындай үздіксіз еңбектің арқасында жоғары мөлшердегі зейнетақымды уақытылы алып, зейнетке шыққан соң бейнетімнің зейнетін көріп отырған аяулы әжемін. Зейнеткер болсам да алла берген денсаулығымның арқасында әлі де қызметте жүрмін.
Қазіргі жастарға айтарым, ерінбей еңбек етіп, зейнетақы қорына уақытылы жарналарыңызды аударып отыру керек. Түбінде жиналған қордың рахатын көресіздер. Қазір салымшылардың зейнетақы қорына жинаған қаражатының жемісін көруге көп мүмкіндіктер жасалған! Міне мен де, сол көп салымшылардың бірі ретінде үй алу мүмкіндігіне жетіп отырмын.
Жастардан сұрайтыным, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің болашағына сеніммен қараңыздар. Қария шақтарыңызда қамсыз өмір сүргілеріңіз келсе, бүгіннен бастап қамданыңыздар!
Мен, Зенченко Марина Геннадьевна, 1964 жылы Петропавл қаласында дүниеге келдім. №2 орта мектептің физика-математика сыныбында білім алып, арман қуып жоғары оқу орнына түстім. Университетті аяқтаған соң еңбек жолымды Омбы қаласында бастадым. Ал 1989 жылы туған қаламдағы облыстық психиатриялық ауруханада экономист болып жұмыс істей бастадым.
1992 жылы осы мекемедегі бас бухгалтер қызметіне тағайындалдым. Содан бері бүкіл еңбек жолым осы ауруханамен тікелей байланысты болды. Зейнет жасына дейінгі барлық уақытымды осы жерде абыроймен өткіздім.
Аурухана бірнеше мәрте қайта ұйымдастырылғанымен, біз әрдайым міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аударып, олардың толық түсуін қадағалап отырдық. Бұл ретте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының қызметкерлерінен үнемі білікті кеңес алып отырдық. Олар жұмыс орнымызға жиі келіп, Қор көрсететін қызметтер туралы түсіндіріп, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің маңызы мен пайдасын жан-жақты айтып беретін.
Маман кеңестерінің арқасында көпшілігіміз зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге пайдалануға болатынын білдік. Өзім де осы мүмкіндікті пайдаланып, зейнетақы жинағымның бір бөлігін ұлымның ипотекалық несиесін өтеуге жұмсадым.
Қарағанды облыстық филиалы күнделікті қызметі барысында тұрғындармен, әсіресе, өңір кәсіпорындары мен ұйымдарындағы еңбек ұжымдарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырады. Мұндағы басты мақсат – халықтың зейнетақы саласындағы қаржылық сауаттылығын арттыру.
Жыл толық аяқталмаса да, филиал мамандары облыстың ірі кәсіпорындарында бірқатар кездесулер өткізді. Атап айтқанда: онлайн форматта – «Шұбаркөл көмір» АҚ және «Kazakhmys Coal» ЖШС кәсіпорындарымен, Теміртау қаласындағы өндіріс орындарында – қала әкімдігімен бірлесіп, сондай-ақ «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ мен «Bapy Mining» ЖШС-де – облыс әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып кездесулер ұйымдастырды.
Кездесу барысында жұмысшылар БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер, зейнетақы аннуитеті, арнайы әлеуметтік төлемдер, алаяқтықтың алдын алу жолдары және басқа да көптеген сұрақтарына кәсіби мамандардан толыққанды жауап алды. Барлық сауалдарға филиал мамандары жан-жақты кеңес беріп, барынша көмек көрсетті.
Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесінде күрделі өндіріс орындарында еңбек етіп жүрген азаматтардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімі нығайып, қаржылық сауаттылығы арта түсуде. Сондай-ақ, өз болашағына жауапкершілікпен қарау мәдениеті де қалыптасып келеді.